Шымкент: Коммуналдық төлем бойынша 29 922 азаматтан өтінім келіп түскен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.

996aa917-f5d1-41a9-8850-595c3e66ba9e.jpg

Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында "communal-komek.kz" сайты іске қосылған. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап бүгінгі таңға дейін 29 922 азаматтан өтінім келіп түсті. Оның ішінде басым бөлігі жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, оң шешімін тапты. Ал, қалған азаматтың жеке шоттары анықталмай, қазір тексерілу үстінде, - деді Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов. 

Айта кетсек, әлеуметтік көмек бойынша азаматтарға кеңес беру мақсатында Шымкентте Call-орталық ашылған. Орталық таңғы 09:00 мен 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Оған күні бүгінге дейін 25 641 қоңырау түскен. 

Ақпараттық жүйелер арқылы өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда,  , call-орталықтарына хабарласуға болады.

Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Министр: Оңтүстік өңірлерде су тапшылығы болуы мүмкін
  • Әр 11-ші қыз бейтаныс адаммен кездесуге барған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер