Мақтааралда 1300 отбасы 1 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы алған

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Әлишер Усманов қорынан 5 млн 202 мың АҚШ доллары 5202 жанұяның есепшотына аударылады. Бүгінде бұл қаржыны 1308 отбасы алып үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

200523181627973e.jpg

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаевтың айтуынша, тұрғындарға бүгінгі таңда 4638 банк картасының басым бөлігі таратылған. Төтенше жағдай кезінде эвакуацияланған 13 ауылдың тұрғындарына қаржы алдағы күндері аударылмақ. 

«Атап айтқанда, 1 мың АҚШ доллары көлеміндегі өтемақы Мырзакент, Жаңатұрмыс, Т.Жайлыбаев, Нұрлы таң, Шұғыла, Жантақсай, Нұрлы жол, Жеңіс, Фердауси, Достық, Өргебас, Арайлы, Ақжол ауылдарының тұрғындарына үлестірілуде. Ондағы халықтың тек мекенжай анықтамасы не ауыл тұрғыны екенін растайтын басқа құжаты болуы керек», - деді басқарма басшысы. 

Айта кетейік, бұған дейін Мақтаарал ауданындағы су басқан Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фердауси, Достық, Өргебас елдімекендерінде тұратын әр отбасына Үкіметтің резервінен 100 мың теңгеден берілетіні айтылған болатын. Бұл мақсатта Үкіметтен 650 млн теңге бөлініп, қаражат 846 үйдің 6128 адамына төленеді деп жоспарланып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер