Мақтааралдық полицейлер заңды өкілдерінсіз үй-жайларынан тыс жерлерде жүрген 25 жасөспірімді анықтад

Түркістан облысы аумағында 20-22 сәуір аралығында «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы жүргізілді.  Оның негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты, қадағалаусыз және панасыз қалуды болдырмау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс немесе көңіл көтеру орындарында болу жайттарын анықтау болып табылады.

image.png

Осы тұста Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері түнгі мезгілде кафелер мен көшелерді аралап, беймезгіл уақытта заңды өкілдерінсіз үй-жайларынан тыс жерлерде жүрген 25 жасөспірімді анықтады. Содан соң оларды  аудандық полиция бөліміне жеткізді. Тәртіп сақшылары олардың 22-сінің ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырып, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар полицейлермен түнгі 23:00-ден кейін көшелерде, ойын-сауық кешендерінде, дүкендер мен қоғамдық орындарда, тұрғынжайларынан тыс жерлерде заңды өкілінсіз жүруге болмайтындығы туралы ескертілді. 

Осы тұста полиция қызметкерлері талап пен тәртіпке бағынбайтын, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта аталған орындарда заңды өкілінсіз жүргені анықталса, олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы«Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша хаттама толтырылып, тиісті шаралар көрілетіндігін де  айта кетеді.  

image.png

Одан бөлек, кәмелет жасына толмаған тұлғаларға спирттік өнімдерін сатқаны үшін 2-жайт анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабымен « Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» әкімшілік хаттама толтырылып, Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық кәмелет жасына толмағандары істері жөніндегі сотына жолданды. 

Сондай-ақ, жасөспірімдерді ойын-сауық мекемелеріне кіргізгені үшін 2 жайт анықталып, мекеме басшыларына ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бермеу» бабы бойынша тиісті шаралар көрілді. 

Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз!


ТО ПД-ның баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер