Жетісайда егістік алқабында жаппай төбелес болды: 12 адам жарақат алған

Түркістан облысының Жетісай ауданында егістік басында жаппай төбелес болып, 12 адам жарақат алған. Осы оқиғаға қатысты екі адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200611093837712e.jpg

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіге тараған. Онда егістік басындағы диқандар бір-бірін таяқтап жатқаны көрінеді. Оқиғаны тексерген жетісайлық полицейлер төбелестің 29 мамыр күні болғанын айтады. Егістік алқабына шұғыл шыққан тәртіп сақшылары адамдар арасындағы төбелес егістікке жіберілетін суға таластан пайда болғанын анықтаған. Төбелестен кейін дәрігердің көмегіне 12 азамат жүгінген. Олардың бесеуі Жетісай аудандық ауруханасына жатқызылып, өзгелері алғашқы медициналық көмектен кейін үйлеріне қайтарылған. «Аталған жайт ҚР ҚК-тің 293-бабымен тіркелді. Қазіргі таңда тұрғындардың алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.Тәртіп сақшылары тексеру барысында осы төбелеске қатысқан 2 азаматты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша барлық тұлғаларды және кінәлілерді анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тексерілуде» делінген хабарламада.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер