Шымкент әкімдігі 3 млрд теңге үнемдеді

Шымкент қаласының әкімдігі ел аумағына төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты басым емес бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында 2020 жылдың бюджетін қайта қарады. 

Екі рет нақтылаудың нәтижесінде 3 094,5 млн. теңге оңтайландырылды. Қысқартылған шығынның ішінде  техникалық құралдарды сатып алуға, түрлі іс-шараларды өткізуге, қаланы абаттандыруға арналған қаржы бар. 

Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына, ауруханаларды дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтуға бағытталды. Нақтылап айтқанда, 1 647,5 млн теңге дәрілік заттар  мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға, медицина қызметкерлерін уақытша баспанамен қамтамасыз етуге және көлікпен тасымалдауға, оттегі станциясын орнатуға бағытталса, 236,3 млн. теңге қаланы дезинфекциялау жұмыстарына, ал   2 050,0 млн. теңге қаладағы жұқпалы аурулар госпиталының құрылысына   бағытталған.

Және де шілде айында қалалық бюджетті нақтылауы болады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бюджет шығындарына талдау жасалып, жалпы  7 214,6 млн. теңге оңтайландырылады деп жоспарлануда. Нақтылау кезінде мәдени іс-шаралар өткізу, қаланы көгалдандыру – абабаттандыру, қызметтік іссапарлар, мемлекеттік мұқтажға жер телімдерін алу, құрылыс жұмыстары сияқты шығындар қысқартылады. Аталған қаржы денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Послы перемен: молодёжь Шымкента выступила за Закон и Порядок
  • В Шымкенте прошли учения по гражданской защите «Қыс-2025»
  • Шымкентте «Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті
  • Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты
  • Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер