Шымкент: Қосымша дәрі-дәрмектер қоры толықтырылды

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарына   жеткізілетін  қосымша дәрі дәрмектер қоры  толықтырылды. Мәселен, қазір дәрі дәрмектер қорында  температураны төмендететін 107 800 қорап бар.  Өткен тәулікпен салыстырғанда, бұл препараттар саны 60 мың қорапқа ұлғайтылған. Сондай-ақ қорда вирусқа қарсы препараттардың 150 000 қорабы, 1 600 000 антибиотиктер, 15 800 антикогулянттар, С витамині – 300 000 бар. Ал  жеке қорғаныс құралдары 16 700 000 данаға толықтырылған. 

ca46926a-ca8b-45f3-8ab7-67621db18b33.jpg

Бүгінге дейін Шымкент қаласында 2020 жылдың 21 шілдесіне 4480 COVID-19 жағдай тіркелді. (2275 симптомдық, 2205 симптомсыз), өткен тәулікте 27 вирус жұқтырған. 

Қайтыс болғандар саны - 31 (оның ішінде Түркістан облысынан-3, соңғы тәулікте-0).

Коронавирустан жазылып шыққан науқастар саны-2770.

Коронавирустың 4480 жағдай тіркелген болса, оның ішінде  22-сі сырттан келушілерден анықталған. 3145 – жергілікті тұрғын, 1313 азамат   науқаспен байланыста болғандар.

Жас санаты бойынша: 18 жасқа дейінгі балалар арасында  – 611 жағдай, ересектер – 3869 жағдай тіркелген.

Шымкентте 2020 жылдың 1 қаңтарынан 21 шілдесіне дейін 12034 пневмония жағдайы тіркелген болса,  9840 науқас емделіп шыққан.

Қосымша 2 ауруханада оттегі станциясын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бір ай ішінде тағы 3 аурухана қосылады.

Шымкентте COVID-19 бырыңғай ақпараттық порталы іске қосылды.  Кіру сілтемесі : http://www.covid19shymkent.kz. Мұнда  қала тұрғындары КВИ бойынша жедел статистикамен таныса алады.  Сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ - мен ауыратын науқастар саны, тәулік ішінде ауруханаға түсетін және   емделіп шыққан науқастар саны туралы ақпарат жарияланады.  Сондай-ақ порталда ауруханаларда және провизорлық орталықтардағы реанимациялық төсек-орындардың науқаспен қамтылу  деңгейі туралы ақпарат беріледі. 

Ақпараттық порталдың мазмұны күн сайын толықтырылады. Сайтта дәрігерлердің қатысуымен  бейне-брифингтер өтіп, пайдалы кеңестер туралы толығымен ақпарат беріледі. Сондай-ақ сайтқа кіре отырып, медициналық мекемелер мен провизорлық орталықтардың  мекен-жайлары мен телефондары туралы ақпаратты  табуға болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер