Отырарда ерекше қайырымдылық жасалды

Түркістан облысы Отырар ауданында ерекше қайырымдылық челленджі бастау алды. Ұзақ жылдар бойы тозығы жеткен ескі үйде тұрған жалғызбасты анаға ауданның ерікті жастары баспана салып берді. 

image.png

Көксарай ауылының тұрғыны Есенкүл Әлібаеваның жағдайымен танысқан 1995 жылы туған ауыл жастары бірігіп, жаңа баспананың іргетасын құйып берген. Ерікті жастар қайырымдылық эстафетасын ауылдас аға-інілеріне жолдаған.

Бұл ерекше бастамаға барлық ауыл жастары үн қосты. 1982 мен 1998 жылғы ауыл жастары қаржы жинап, кейуанаға жаңа баспана салып берді. Осылайша ұйымшыл жастар қамкөңіл бір отбасына қуаныш сыйлады.

Атап өтейік, биыл облыс басшысының бастамасымен Түркістан облысында «Қамқорлық» бағдарламасы жүзеге асуда. Соның нәтижесінде демеушілердің көмегімен бір ғана Отырар ауданының өзінде аз қамтылған 10 отбасы баспаналы болды. Тағы екі тозығы жеткен баспана күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Курьер Магнумда жұмысын жалғастыруда
  • Талдықорғанда Шерзат ісіне байланысты сот басталды
  • Астанаға Дженнифер Лопес келеді
  • Ресейде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16 бала Өзбекстанға қайтарылды
  • «Жасыбайдағы» бұрынғы президенттік резиденция мемлекет меншігіне қайтарылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер