Тұрғындар қайтарымсыз несиемен кісібін дөңгелетуде

«Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру» деген екен мемлекет қайраткері Д.Қонаев. Қоғамды жайлаған жұмыссыздық дамушы мемлекет тұрмақ, дамыған мемлекеттің экономикасын  ыдыратады. Елімізде азаматтарға мемлекеттік қайтарымсыз немие тағайындалып, кәсіп бастауға мүмкіндік мол. Шардара ауданында да тұрғындар қайтарымсыз несиемен кәсібін дөңгелетіп отыр. 

Шардара қаласының тұрғыны Тоқмырзаев Серік 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, бүгінгі таңда пластик терезе, есік даярлайтын цех ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Ашылғанына 1 жыл толған цех өнімдеріне жергілікті тұрғындар тарапынан тапсырыс аз емес. Әзірге барлық жұмысты өзі атқарады. Өндіріс орнының иесі сұраныс артып жатса, цех аумағын ұлғайтып, тұрғындарды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Дәл осындай грант иесі шардаралық Мысқалбай Ұлназық былтыр қажетті жабдықтар алып, массаж кабинетін ашқан. Бүгінде күніне 7-8 адамға ем-дом жасап, айына орта есеппен 200 мың теңге табыс табады.

Бұдан өзге, Шардара ауданының арнайы санатқа жататын тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 887,9 млн теңге қаржы қаралған. Сондай-ақ, 1-6 жасқа дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтуға (азық-түлік және гигиена кұралдар жиынтығы) 195,4 млн теңге бағытталған. Қазіргі таңда ауданда атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы саны – 598, ал кепілдірілген әлеуметтік пакет отбасы саны 600-ге жуық. Атап айтқанда, кепілдірілген әлеуметтік пакетпен қамтылған 1-6 жас бала саны – 1968, оның ішінде 1-3 жас бала саны – 850, 3-6 жас бала саны – 1118, оларға төленген қаржы - 27,1 млн теңге.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер