Украиналық журналиске тікелей эфирде шабуыл жасалды

Украиналық NewsOne телеарнасы Киевтегі журналисі Виолетта Товкеске шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Сол сәтте ол тікелей эфирде болған.image.png

- Белгісіз біреу NewsOne телеарнасының журналисі Виолетта Товкеске 28 қараша, сенбіде Киевте өткен ашаршылық құрбандарын еске алу рәсімінде тікелей эфирде шабуыл жасады. Тілші украиналықтарға ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар қалай өтіп жатқанын айтып тұрған, - деп хабарлайды NewsOne телеарнасындағылар.

Әйел шамамен бір минут тікелей эфирде болып, кенеттен маска таққан ер адам оған жақындап, микрофоны мен шамды жұлып алады да оны итере бастайды. Ер адам эмоционалды түрде айқайлап жібереді де, кейін кетіп қалады.

Виолетта Товкес кадрларда сынған микрофонды көрсетіп, шабуыл дерегі бойынша құқық қорғау органдарына жүгінуге уәде берді.

- NewsOne құқық қорғау органдарынан 2020 жылдың 28 қарашасында тікелей эфир кезінде болған телеарна журналисіне шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғауды және кінәліні жауапқа тартуды талап етеді. Телеарна тергеуді өз бақылауына алады, - деп атап өтті телеарна өкілдері.

NewsOne журналистеріне шабуылдар бұрын да болған екен.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер