Әлия Юсупова жаңа қызметке сайланды

Әлия Жүсіпова Қазақстанның Гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды. Olympic.kz-тің хабарлауынша, басшыны сайлау федерацияның жиыны кезінде өтті.

Әлия Юсупова.jpg

- Бұл тағайындау мен үшін – жаңа сын, қазіргі қызметімнен қызығы кем түспейтін – жаңа кезең. Ақтоты Райымқұлова басшылық ететін Мәдениет және спорт министрлігіне сенім үшін және Үміт Болатханқызына 10 жылда атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін. Мен бас бапкер қызметіндегі жұмысымды жалғастырамын. Себебі жаңа тағайындау – бұл қоғамдық лауазым. Мен екеуін қатар алып жүремін. Мақсат – спортты дамыту және елге нәтиже алып келу. Алғашқы уақытта оңай болмасын түсінемін. Тәжірибе, білім, барлық күш-жігерімді спортшыларды жаттықтыруға арнаймын. Нәтижелі жұмыс жемісті болады. Федерацияға кіретін әрбір спортты дамыту және танымал ету бағытында бірге жұмыс істейміз, – деді Әлия Жүсіпова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер