Шөкеев Түркістан облысында газ бар үйлердің бәрін тексеруді тапсырды (видео)

Жақында Түркістанда бір отбасының бес мүшесі газдан улану себебінен қаза болған еді. Алдағы бір апта ішінде аталмыш аймақтағы әрбір үйдің газ құрылғылары жаппай тексеріледі, деп хабарлайды AstanaTV.

Шөкеев.jpg

Марқұмдар туған жері Қызылорда облысында жерленді. Мамандар бес адам газдан уланған болуы мүмкін деп топшылап отыр. Газ пештің орнатылуы талапқа сай болмаған. Қазір мердігер мекеменің монтаж жұмыстарын тексеру басталды.  Құзырлы орган осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Ал аймақ басшысы өңірде газ тұтынатын барлық үйдің пеші мен құбырын жаппай тексеруді тапсырды.

- Барлық әкім газ бар үйдің барлығын тексеріп шығыңыздар. Шұғыл! Газды орнатқан мекеме мамандары жауапқа тартылады, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Мамандардың дерегінше, аймақта жылыту маусымы басталғалы өрт қауіпсіздігін сақтамаған 45 мыңнан астам дерек анықталған.

Қаралы отбасыға әкімдік тарапынан қаржылай көмек беріледі. Мемлекеттік қызметкерлер 1 күндік жалақысын аудармақ. Демеушілер есебінен қосымша 7 млн теңге көмек көрсетіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте реализуются проекты по повышению качества жизни населения
  • Шымкентте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда
  • Парманов Шымкент қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды
  • Жасы үлкен студенттер саны бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр
  • В Шымкенте запущена подстанция «Ақжар»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер