Мәдениет үйі - ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелейді

Президент ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін білім, мәдениет және ғылым саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Президент ұлттың жаңа болмысы мен сапасын айқындайтын басты қағидаттарды да ұсынды, ол – біріншіден, ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн. 

Screenshot_8.jpg

Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет. Үшіншіден, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс. Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік – әсіресе ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет. Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқып-тылық, тиянақтылық. Осы қасиеттерді бойына берік ұстанған ұрпақтың жаһанданудың жетегінде кетпей, ұлттық кодымызды сақтап қалары хақ.  Шымкентте жастарға ұлттық өнерімізді, құндылықтарымызды, рухани қазынамызды дәріптейтін киелі орындарымыз мәдениет үйлерінің саны артып, бірқатары жаңаруда. 

Жалпы, мәдениет үйі – қоғам үшін орны бөлек орындардың бірі, руханиятымыздың темірқазығы. Ол мекенде нағыз жауһарлардың өнері паш етіледі, ұлттық мәдениет пен өнер дәріптеледі, ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелейді. Шымкент қаласындағы осындай тозығы жеткен мәдениет үйлері қайта жөнделді, біршамасы бұзылып, орнына су жаңа ғимарат салынып, әсіресі шаһардың шалғай елді мекендеріндегі тұрғындарға қуаныш сыйлады.   

2024 жылы Шымкенттің Абай ауданы Көкбұлақ тұрғын алабындағы «Көкбұлақ клубы», Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы «Қайнарбұлақ клубы», Еңбекші ауданы Базарқақпа тұрғын алабындағы «Қаратөбе клубы», Қаратау ауданы Өтеміс тұрғын алабындағы «Өтеміс клубы» заманауи үлгіде бой көтерді. Мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында 5 мәдениет үйі және 5 клуб ғимараты штатымен қоса аудан әкімдіктерінің теңгеріміне өткізілілген.

– Биыл Еңбекші ауданы Тоғыс тұрғын алабында орналасқан 350 орындық «Қазығұрт» мәдениет үйі мемлекет баланысына қайтарылды.  Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәдениет үйін мемлекет меншігіне қайтару бойынша меншік иесімен келіссөз жүргізген болатын. Екіжақты келіссөз нәтижелі аяқталып, «Қазығұрт» өндірістік кооперативі мәдениет үйін мемлекет меншігіне тегін қайтарды. Бұл жаңалық тоғыстықтарды қуантты. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, – деді Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек.

Мәдени клубтар ұлттық құндылықтарымызды сақтау және насихаттаудан бөлек, талантты жастардың өнерін дамытып, оларға қолдау көрсетеді, қабілеті мен қызығушылығын арттырып, халыққа сапалы мәдени қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, түрлі үйірмелер ашылып, талантты балалардың өнерін шыңдап, болашағына қанат бітіруде. Оған дәлел қаладағы Көкбұлақ тұрғын алабындағы жаңадан пайдалануға берілген «Көкбұлақ клубының» құрылысына 322 млн теңге бөлінді. Жаңа ғимараттың ішінде кітапхана, көпфункционалды кабинеттер мен түрлі үйірмелер ашылған. Заманауи талапқа сай 90 орындық көрермен залы қарастырылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер