Ашық аспан музейіндегі жәдігерлер көрмесі

Шымкентте 2003-2020 жылдар аралығындағы жүргізілген  археологиялық қазба жұмыстары 2200 жылдық тарихымызды тағы бір дәлелдеді. Ескі қалашықтың ашық аспан астындағы музейіндегі жәдігерлер келуші қала тұрғындары мен туристердің назарын аударып отыр. 

Screenshot_11.jpg

Мұнда Шымқаланың тарихынан сыр шертетін сан ғасырлық жәдігерлерді кездестіруге болады. «Шым қала» тарихи –мәдени кешенінде»  рухани-мәдени құндылықтарымызды паш ететін және дәріптейтін түрлі бағыттағы  іс-шаралар жоспарлы өтіп, қала қонақтары мен шет елдік туристерге ұсынылып келеді. Солардың бірі – самаурындар көрмесі. 

Ұлттық жәдігеріміз самаурын – көненің көзі болып саналады. Ұлтымыздың табиғатымен біте қайнасып кеткен тұрмыстық бұйым қазақтың қонақжайлылығы мен кеңпейілдігінің, дархандығын, берекелі дастарханы мен байлығының белгісіне айналған десек артық айтпағандық. «Сары самаурын екі иінінен әрең дем алып қайнап тұр» деген тіркестер әдебиетімізде жиі кездеседі.  Көрмеде келушілер назарына  ХІХ ғасырдан бүгінге дейінгі шаһар халқының тұрмыста пайдаланған самаурындарды ұсынды. Тарихи кезеңіне сәйкес жез, мыс секілді түрлі материалдан дайындалған тұрмыстық бұйымның сан түрін көруге болады. Соның ішіндегі құман самаурын шығыс халқына тән түрі. Ол күнделікті қолданыстағы шәугімге ұқсайды. Халықтың шәй қайнататын осы бір бұйымы орта ғасырдан бастап жасалған деген деректер бар. Көне шаһар тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін көрмеде бұдан бөлек от қайнатар шоқ самаурын, керосинмен қайнайтын самаурын да көпшіліктің назарын аударып, қызығушылығын туғызды. 

– Ата-бабаларымызда киелі қара шаңырақтың әрбірінде сары самаурын сақылдап қайнап, қонағына шайын ұсынған. Бұл қазақы үйдің келген қонағына деген құрметін білдірген. Дәстүрді жоғалтпай қайта жаңғыртуда мұндай көрмелердің маңызы зор.  Көрмеде ұсынылған әр самаурынның тарихы бар - , дейді ұйымдастырушылар.

Отандық дизайнерлер Шымкентте бас қосты. Осымен 8 жыл қатарынан ұйымдастырылған Kazakhstan Fashion Week Shymkent жобасында 10-нан астам дизайнер жаңа топтамаларын көрсетті. Араларында сән әлеміне енді ғана аяқ басып, алғашқы үлгілерін көпшілік назарына ұсынғандары да бар.

Тігіншілікті жанына серік еткен Гаухар Әлімхан ұзақ жылғы үзілістен кейін сән әлеміне қайта оралыпты. Жаңа топтамасын кешкі көйлектерден жасақтап, көпшілік назарына ұсынды. Сәнқой қыз-келіншектердің ықыласына бөленген ерекше үлгінің стилі мен дизайны өзгелерден бөлек.

 Осымен 8 жыл қатарынан ұйымдастырлған Kazakhstan Fashion Week Shymkent сән апталығына 11 дизайнер қатысып, өздерінің жаңа топтамаларын ұсынды. Олардың басым көпшілігі ұлттық нақыш пен заманауи киім үлгісін үйлестірген.

Сән апталығында елімізге танымал дизайнерлерде төбе көрсетті. Олар мұндай шараның сән әлеміне енді ғана аяқ басқандар үшін үлкен тәжірибе екенін айтады. Жобаның басты мақсаты да осы - жас дизайнерлерге қолдау көрсету.

Сән апталығында балалар және ерлерге арналған киім үлгісінің жаңа топтамасы да ұсынылды. Кеште көрсетілген үлгілерге  тәнті болған көрермен, қазақ сән индустриясының алға қарай қарыштап келе жатқанын тілге тиек етті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер