Ұлы Абай атамыздың шығармалары қанша ғасыр артта қалса да, халқымыз үшін ұлттық тәрбиенің негізгі, жастарымыздың адаспай, білімді һәм тәлімді тұлға болып қалыптасуының алтын темірқазығына айналғаны бек. Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді» - деп ерекше атап өткен болатын. Хакім Абай атамыздың әдеби мұрасы өзінің көркемдік құндылығымен ел тарихында өшпес із қалдырды. Ұлы ағартушының асыл туындылары қанша уақыт өтсе де өз маңызы мен құндылығын жойған емес. Абай мұрасы керісінше өз ұрпағының рухани қазынасына айналып отыр.
Шымкенттерухани байлығымыз Абай шығармашылығын жастар арасында насихаттауда жыл сайын дәстүрлі түрде «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылады. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауы және қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен биылғы байқауға қала мектептерінен 245 665 оқушы қатысты. 1-10 сынып оқушылары арасында өткен байқаудың мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақынның поэзиясын, рухани мұрасын дәріптеу. Қатысушылар А.Құнанбайұлының шығармаларын жатқа мәнерлеп оқыды. Шығармашылық сайыс сыныпішілік, мектепішілік, аудандық және қалалық кезеңдерді қамтыды. Қорытындысында талантты жастар іріктеліп, арнайы іс-шарада марапатталды. Қазылар алқасының шешімімен 21 оқушы қалалық кезеңнің жеңімпазы атанды.
Марапаттау кешіне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, аудандық және қалалық кезеңнің жеңімпаздарын құттықтап, қаржылай сыйлықтарын табыс етті. «Абайды оқыған бала нағыз патриот болып өседі. Сондықтан байқауды кеңірек насихаттау керек. Ендігі ретте балаларды көбірек қатыстыру басты назарда болуы тиіс, - деп атап өтті өз сөзінде қала әкімінің орынбасары.
Атап һтейік, білім бәйгесіне «Al-Farabi Bilim» және «FinBridge International School» мектептерінің бас құрылтайшысы Есбол Қамбаров демеушілік етті. Жеңімпаздар демеуші есебіненаз оқушылар мен олардың ұстаздары қаржылай сертификаттарға ие болды. Сарсен Құранбек дарынды жастарға қолдау көрсеткен азаматқа алғысын жеткізді.
Шымқалада дәстүрлі өтетін «Абай» оқулары байқауына ниет білдірген оқушылар саны артып келеді. Үшінші мегаполисте Абайды дәріптеу, оның қайнар бұлағынан нәр жалғасын таба береді.