Ерекше жандар ұлттық өнерді дәріптеді

«Қазақ соқырлар қоғамы» Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен композитор Теміржан Базарбаевтың шығармашылығына арналған зағип және нашар көретін азаматтардан құралған дуэттердің арасында «Қос қанат» республикалық ән байқауы өтті. 

Screenshot_12.jpg

Бұл қауымдастық мәдениет пен руханиятқа үнемі үлес қосып, іс-шара бел ортасында жүреді. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсынов. Ән байқауының да шарты ұлттық өнерді, қазақ тілін, патриоттық әндерді даәріптеу болды. 

Кешке арнайы келген «Патриоттық қозғалыс Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Оспанова Гүлмира Болатқызы құттықтау сөз сөйледі. 

Байқау «'Nazar» ұлт аспаптар ансамблінің орындауындағы «Ақыртас», «Ерке сылқым» күйлерімен басталды. Бұл ансамбль 2024 жылдың наурыз айынан бастап «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы жанынан зағип және нашар көретін қоғам мүшелерінің арасынан құрылды. 

Ансамбльдің ерекшелігі – ансамбль мүшелері арнайы музыкалық білім игермеген талантты жастар. Көркемдік жетекшісі – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Ерболат Таласбай.

Ансамбльдің құрылуындағы басты мақсат – қазақ халқының музыкалық шығармаларын, күйлерін, әндерін дәріптеп, зағип және нашар көретін азаматтарды өнерге баулу.

Ары қарай Байқауға Астана, Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Семей қалаларынан өнерпаздар қатысты. Жалпы 15 жұп, 30 қатысушы өнер көрсетті. Екі кезеңнен тұратын байқауда композитор Теміржан Базарбаевтың авторлық әндерін және өнерпаздар мемлекеттік тілде еркін тақырыптағы, әртүрлі сипаттағы әндерді ұсынды.

Қазылар алқасының шешімімен әр орынға екі дуэт лайық деп танылды. Сонымен қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлде Шымкент қаласына бұйырды: Серікбай Әсет – ерекше орындаушылығымен сахнаның жарқын жұлдызына айналды, ал, оның сахынадағы сыңары Исаханова Назима - өзінің күшті әрі әсерлі орындауымен көзге түсті, көрермендер мен қазылар алқасын жоғары нәтижелерімен қуантты.

Атыраулық жұп Алиева Айдана мен Кенжалиева Камила байқаудың І орын иегері болып танылды. Тағы бір жүлделі І орынға атыраулық өнерпаздар Хами Талгат пен Тастанбекова Гүлжанат жұбы ие болды. ІІ орынды түркістандық қатысушылар Төребай Нұржан мен Назарқұл Құралай жұбы және Абай облысынан келген Хасенова Әсем мен Жанұзақова Жанель жұбы жеңіп алды. Ал, ІІІ орындарды астаналық Әділбекова Жанар мен Сақбосынова Алина жұбы және Қарағандыдан келген өнерпаздар Абишева Екатерина, Высочинская Эмина жұбы иеленді.

Байқау барысында қалған 8 жұпқа да ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер