Қара шаңырақ шанин театрына 95 жыл

Биыл Ж.Шанин атындағы өнер ордасы өзінің 95 жылдық мерейтойын тойлағалы отыр. Бұл дерек архивтік құжаттар арқылы дәлелденген. Осы уақытқа дейін Шымкент қаласындағы Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының тарихы 1934 жылдан басталады деп есептеліп келген болатын. 

Screenshot_13.jpg

Бұған дәлел ретінде Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төралқасының 1934 жылғы 19 қарашадағы «Қазақ ұлттық театры туралы» қаулысы көрсетілетін еді. Алайда, аталған қаулыда «жұмыс істеп тұрған қазақ театрының әлеуетін күшейтуге дереу кірісу» жөнінде нұсқау берілген. Осы тұрғыдан қарағанда, театрдың тарихы 1934 жылдан емес, одан әріден бастау алады деп тұжырым жасауға болады. Осыған орай театр биыл өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығы» тақырыбында дөңгелек үстелде айтылды. Дөңгелек үстелге – Қазақстан жазушылар одағының Шымкент қаласы өкілдігінің басшысы Момбек Әбдәкімұлы, белгілі журналист, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай, Ж.Шанин театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сая Қасымбек, театрдың көркемдік жетекшісі Сұлтан Оңғарұлы, сонымен қатар театр ұжымы қатысты.

Сонымен қатар осы деректердің зерделенуіне үлесін қосып жүрген қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, сөз сөйледі. 

– Бұған дейін өнер ордасының тарихы 1934 жылдан басталады деп есептелетін еді. Алайда, Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төралқасының 1934 жылғы 19 қарашадағы «Қазақ ұлттық театры туралы» қаулысында «жұмыс істеп тұрған қазақ театрының әлеуетін күшейтуге дереу кірісу» жөнінде нұсқау берілген. Бұл театрдың тарихы 1934 жылдан емес, одан әріден басталатынын көрсетеді. Архивтен Қызылордадағы Қазақ мемлекеттік театрының (қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театры) саяси ағарту жөніндегі бас комитет мүшелері жиналысының 1927 жылғы 16 қазандағы хаттамасы алынды. Онда сол театрдың директоры Ж.Шанин театр режиссерлерінің тапшы екені жөнінде айта келіп «Қазақстанда режиссер болатын тек Аймауытов қана бар, одан басқа режиссер болатындай ешкім жоқ» деп атап көрсеткен. Ал, Ж.Аймауытов 1926-1929 жылдары аралығында Шымкентте орналасқан Сырдария округтік қазақ педагогикалық техникумында қызмет атқарған. Демек, Ж.Аймауытовтың сол жылдары Шымкентте театр ісін дамытумен айналысқаны анық, – деді Сәрсен Абайұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Қазақ халқының ырымдары мен нанымдары
  • Асық – үлкен халықтық тәрбие
  • Олардың ерлік рухы мәңгі ұмытылмайды
  • «Ешкім де ұмтылмайды, ешкім де ұмтылмақ емес!»: Шымкент аумағында ұжымдастыру науқаны қалай жүрді?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер