Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл

Биыл ұлт азаттығы үшін күрескен тарихи тұлға, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толып отыр.

Screenshot_19.jpg

Зерттеуші ғалымдардың ортақ тұжырымына сай Махамбет Өтемісұлы ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының отарлық саясатқа қарсы азаттық қозғалысының жарқын өкілі болып табылады. Махамбет Өтемісұлының тарихи бейнесі – қазақ халқының күрескерлік қасиетінің әрі Отан мен ұлтты сүюдің үлгісіне айналды.

Күрескер ақынның өмір жолын оқушыларға насихаттау мақсатында Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №1 кітапхана бөлімшесінде «Азаттықты аңсаған өршіл рух» атты тарихи сағат өткізілді.

Х.Досмұхамедов атындағы №4 мектептің 6-сынып оқушыларының қатысуымен өткен іс-шара барысында Махамбет Өтемісұлының жастайынан ақындық өнерге құмартып өскені, оны ел от ауызды сөз шебері ретінде ғана емес, даналығы мен адамгершілігі, қайсарлығы үшін құрметтегені жайлы баяндалды. Ол халық арасында болып жатқан келеңсіз құбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен.

Махамбет – уақыт өткен сайын қын түбінде жатпас алмас қылыштай жарқырай беретін тұғырлы тұлға. Бірақ, бұл оның адами болмысы мен айбалта-жырын көзге елестетіп, тілге оралтумен шектелмейді. Бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз десек те, Махамбеттің жүрегін кескілеген намыс пен күрескерлік бізге қазір де қажет. Арын таптатқан, рухын төмендеткен елдің болашағы бұлыңғыр. Махамбеттің ұлтжандылығын, батырлығын, ақындығын, күйшілігі мен азаттық жолындағы күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына сіңіріп, дəріптеу маңызды. Ұлт болашағы үшін күрескен батыр бабаларымыздың аңсаған арманы елдің азаттығы еді. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің құнын жадымыздан шығармай, оны сақтау үшін оқушыларға тарихи сағат барысында мол мағлұмат беріліп, тың деректер айтылды.

Оқушылар М.Өтемісұлының «Мен мен едім, мен едім», «Ерлердің ісі бітер ме?», «Исатай деген ағам бар», т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Ел бірлігін ойлаған ерен тұлға» атты кітап көрмесін тамашалады.

Махамбет ұлттық тұлға, оның батырлығын, ақындығын, күйшілігін, азаттық жолындағы күрескерлігін болашақ  ұрпақтың санасына сіңіру біздің міндетіміз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Страницы истории шымкентского городского драматического театра
  • Русский драматический театр Шымкента: источник знаний и нравственных ценностей
  • Кошкар ата: целебные родники древнего мавзолея
  • Маршрут по «пушкинским местам» Шымкента
  • Городище Шымкент: частичка древней истории посреди мегаполиса
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер