Ұлттық мереке айшықтары

Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам. 2022 жылдың 29 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Республика күні» мерекесіне Ұлттық мереке мәртебесін қайтарды.

Screenshot_18.jpg

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен 25 қазан - Республика күніне орай еліміздің тәуелсіздігін дәріптеу және жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Тарих тағылымынан – тұғырлы тәуелсіздікке» атты жастар шеруі өтті. 

Ұлттық мереке кезінде жастардың ту ұстап шеру ұйымдастыруы – патриоттық сезімді күшейтудің және ұлттық бірлікті нығайтудың тамаша көрінісі. Мұндай шерулер жастардың өз еліне деген мақтаныш сезімін арттырып, ұлттың тарихы мен мәдениетін құрметтеуге үндейді. Ту ұстап, көше бойымен шеру жасау – елдің егемендігін, тәуелсіздігін дәріптеудің ерекше символы болып табылады. Бұл шара жастарға рухани тәрбие беріп, олардың бойында отансүйгіштік, елге қызмет ету сияқты құндылықтарды дамытуға ықпал етеді дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, мұндай шерулердің өтуі ұлттық мерекелердің маңыздылығын көрсетіп, халықты біріктіруге септігін тигізеді. Ұлттық рәміздерді құрметтеу мен мақтан тұту – әрбір азаматтың міндеті, ал жастардың бұл бастаманы қолдауы ұлт болашағына сенім ұялатады.

«Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке» деген болатын Мемлекет басшысы. Расында белсенді жастардың қатысуымен өткен шара рухымызды көтерді. 

Көк туымызды желбіреткен жастар шеруі «Қазақ хандығына 550 жыл» монументінен бастау алып, Тәуелсіздік алаңына дейін жалғасты. Шеруге әр оқу орнынан 33 жас қатысты. Бұл шара еліміздің өткені мен бүгіні арасындағы сабақтастықты айқын көрсетіп, жас буынға еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресінің маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды қадірлеу және жастарды ұлттың жарқын болашағының кепілі ретінде тәрбиелеуде үлесі зор болды десек қателеспейміз. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастардың рөлі осы шеруде ерекше айқындалады, себебі олар елдің болашағы ретінде Қазақстанның егемендігін сақтап, оны одан әрі нығайтуға өз үлестерін қосатын болашағымыз. Сондай-ақ, бұл шара арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, ел тарихын терең түсінуге мүмкіндік жасау көзделді.

– Республика күні – еліміздің барлық азаматтары үшін ортақ мереке. Шеру барлық қатысушыларға өз тарихымызды мақтан тұту мен дене шынықтыруды насихаттайтын, еліміздің тәуелсіздігін атап өтетін маңызды іс-шара болды. Сондықтан көшеге шығып, Республика күніне орайластырылған іс-шараларға қатысып, жастардың рухы көтеріліп қалды. Рәміздерге құрмет артып, Отанға деген махаббатымыз оянады, – дейді Жастар ресурстық орталығының басшысы Марат Спатаев. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • «Алтын Орда - Жошы ұлысының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Ұлттық құндылық – тәрбиенің сара жолы
  • 2200 жыл: Ескі де жаңа шаһардың құрылысы қалай дамыды?
  • Белгілі қаламгер шығармалары дәріптелді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер