«Қыран елім – Қазақстан» оқушылар флешмобқа қатысты

Ұлттық мереке қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше қуаныш сыйлаған мерекелік шаралар легі толастаған емес.

Screenshot_19.jpg

Республика күніне арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр, олардың бірі – «Қыран елім Қазақстан» атты флешмоб. Мұндай флешмобтар ел азаматтарының патриоттық сезімдерін оятуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Әдетте, мұндай флешмобтарға әр түрлі жастағы азаматтар қатысып, Қазақстанның туын, әнұранын және ұлттық рәміздерін қолданады. Бұл іс-шаралар Қазақстанның тәуелсіздігін мерекелеу және елге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында өткізіледі.

Шымкентте де Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстан» атты патриоттық флешмоб өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырған. Жалпы, аумағындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 300 оқушысы қатысқан жиында рухты әндер айтылды, домбырамен күй шертілді. 

Мәні зор мерекенің мағынасын арттырған бүгінгі шара соның айғағы. «Қыран елім – Қазақстан» патриоттық акцияны қолдау мақсатында алаңға жиналған жастар арнайы бейнеролик де түсірді. Алдағы уақытта оқушылар бұл түсірілімді әлеуметтік желілерге жарияламақ. Сол арқылы интернет қолданушыларға үлгі болуда мақсат еткен. 

– Бүгін біз Республика күніне арналған флешмобқа жиналып отырмыз. Бұл мереке – біздің Тәуелсіздігіміздің бастауы, ұлттық бірлігіміз бен еркіндігіміздің символы. Біз, жас буын, ата-бабамыздың арманы болған егемендікті сақтауымыз керек. Әрқайсымыз еліміздің дамуына өз үлесімізді қосып, адал қызмет етіп, болашақ ұрпақ үшін жарқын Қазақстан құруға тырысуымыз қажет. Біздің қолымызда үлкен мүмкіндік бар – біз бірлік пен достықтың құндылығын дәріптеп, елімізді жаңа белестерге жеткіземіз. «Қыран елім Қазақстан» деп аталатын осы шара – біздің отансүйгіштігіміздің көрінісі. Қазақстанымыз қашанда аспандағы қырандай биікте самғай берсін! Қазақстанға арнап, бірігіп айтқан әрбір сөз, әрбір ән, әрбір тілек – Отанымыздың болашағына деген сенімімізді білдіреді. Елбасына деген мақтаныш пен Отанға деген сүйіспеншілікті жүрегімізде сақтау – біздің парызымыз!, – дейді белсенділер. 

Жастар осылайша халықты отансүйгіштікке шақырып, ұлттық бірлікті нығайтуға және Қазақстанның болашағына сеніммен қарауға үндеуі мүмкін.

Алдағы уақытта, жас ұрпақ бойына отансүйгіштік қасиетті дарытып, Атажұрттың абыройын асқақтатар тұлға тәрбиелеуде бұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырлмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • «Алтын Орда - Жошы ұлысының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Ұлттық құндылық – тәрбиенің сара жолы
  • 2200 жыл: Ескі де жаңа шаһардың құрылысы қалай дамыды?
  • Белгілі қаламгер шығармалары дәріптелді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер