Шымкентте халықаралық театрлар фестивалі өтеді

2024 жылдың 6-11 қараша аралығында Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық Қазақ драма театрының 95 жылдығына арналған Орталық Азия, түркітілдес мемлекеттер мен Қазақстанның кәсіби театр ұжымдары қатысатын ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ өтеді.

Screenshot_21.jpg

Фестиваль тікелей Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитетінің қолдауымен ұйымдастырылады. Әс-шараның өтуіне ұйытқы болған- Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры. 

Фестивальді өткізудегі негізгі мақсаттар мен міндеттердің бірі ол  Орталық Азия елдері мен түркітілдес мемлекеттердің театр мен өнер саласындағы ынтымақтастығын нығайту болып табылады. Сондай-ақ  бірлескен шығармашылық жобаларды іске асыруда әріптестік қатынастарды қалыптастыру және талантты да шығармашыл жастарды қолдау мақсатын көздейді. Сонымен бірге көрермендер назарын заманауи театр өнерінің жетістіктеріне аударуды да басты міндеттің қатарына қойып отыр. 

Жалпы өздеріңіз білетіндей Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының тарихы тереңнен бастау алады, бұл жайында тіпті архивтік құжаттардан алынған деректер дәлел бола алады. Ең маңызды құжаттардың бірі – 1929 жылдың 28 қыркүйегінде бекітілген «Шымкент қалалық қазақ драма театрының сахнасын жабдықтау бойынша материалдық-шаруашылық шығындар жөніндегі алдын ала смета» құжаты. Бұл құжатқа сәйкес, театрдың сахнасын жабдықтауға 7 589 рубль қаражат бөлінген.

Сонымен қатар, архивтен табылған тағы бір маңызды құжат – 1940 жылдың 27 қаңтарында жасалған Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрының 1939 жылғы жұмысына жүргізілген ревизияның қортынды актісі. Бұл актіде театрдың директоры Л.И.Берещук 1932 жылдан бастап қызмет атқарғаны көрсетілген. Осы деректер Шымкенттегі қазақ драма театрының ресми ашылу мерзімінің 1934 жыл емес, 1929 жыл екендігін дәлелдейді.

Театрдың ашылуы кездейсоқ емес. Алаш қайраткері, драматург және публицист Жүсіпбек Аймауытов Шымкентте драма үйірмесін ашып, кәсіби театр мамандарын оқытып, қазақ ұлттық театрының қалыптасуына елеулі үлес қосқан. Осы театрда Хадиша Бөкеева, Әмина Өмірзақова сынды ұлы тұлғалар өнер көрсетті.

Осы деректерді ескере отырып, биыл Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының 95 жылдық мерейтойын атап өту жоспарлануда. Мерейтой аясында қараша айында Шымкент қаласында жоғарыда атап өткеніміздей, Орталық Азия театрларының ІХ фестивалі шымылдығын түреді.

Өз кезегінде Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының тарихын қайта зерделеу қажет деген мәселеге орай қала әкімдігі, театр ұжымы арнайы брифинг өткізген еді. Онда өнер майталмандары, зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп шынында театрдың тарихын 1934 жылдан емес, одан әріден бастау керек, себебі барлық қолда бар деректер соны айғақтап тұр деген еді. Осы театрда қызмет атқарып кеткен бұрынғы ұжым мүшелері, өнер саласының ардагерлері де осы пікірді қолдап, қарашаңырақтың тарихын тойлауды әріден бастау керекпіз деген ойларын білдірді.

Театрдың тарихына қатысты ақпараттық-коммуникалық орталық алаңында өткен брифингте  қала әкімінің орынбасары С.Құранбек қазақтан шыққан тұңғыш режиссер Ж.Шанин атын иеленген театр тарихы осы күнге дейін 90 жыл деп есептеліп келгенін, оған 1934 жылғы Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің қаулысы негіз болғанын атап өтті. Алайда осы қаулы мәтінін зерделеу барысында жұмыс істеп тұрған театрдың материалдық техникалық базасын, ұжым актерлерінің біліктілін арттыру секілді бұйрықтардың жатқанын аңғару қиын емес екенін айтты. 

С.Құранбектің мәлімдеуінше осы мәселені тереңірек қаузау үшін арнайы мамандар тартып, қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының тарихына үңілген. Ж.Шаниннің есебіндегі мынадай жазбаға да мән берген: «Біздің елімізде режисерлердің деңгейі төмен. Режиссер білген дүниені актерлер де біледі. Қазақстанда режиссер болса бір ғана тұлға бола алады. Ол Аймауытов». С.Құранбектің айтуынша Ж.Аймауытов 1926-29 жылдары Шымкентте тұрған. Осындағы қазақ педагогикалық уичилищесінде алдымен ұстаз кейін директоры болды. Жазушы драматург театр өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан. 1914 жылы Абай Құнанбаевтың қайтыс болуына он жыл толуына орай өткен кешке қатысқан. 1915 жылы «Біржан-Сара» пьесасын қойып, Біржан рөлін сомдаған. 1916 жылдан бастап өз бетінше пьеса жаза бастаған. Қазақ мемлекеттік академиялық театр құрылғанда қызметке шақырылған. Бірақ Шымкенттегі жұмысын тастай алмаған. Дегенмен өнер адамы театрдан қол үзген жоқ. Педагогикалық училищенің оқу бағдарламасына пластика, мимика, грим секілді өнерлерді үйрететін пәндер енгізді. Сондай-ақ училищеде 6 үйірме болса, соның ішіндегі шоқтығы биігі драма үйірмесі болған. Шымкенттегі қызметі барысында драматургтің 8-9 пьесасы қойылған екен. Оның ең алғашқысы «Ел қорғаны» пьесасы. Жазушы училищені басқарып тұрғанда театрдың өркендеуіне сүбелі үлес қосты. Бұл сол кездің өзінде қалада театрдың болғанын айғақтайды. Осыған қарап Шымкенттегі академиялық драма театрдың тарихы 1929 жылдан бастау алады деп толық сеніммен айта аламыз дегенді жеткізді С.Құранбек. Тарихи деректерде «первый театральный сезон города Шымкента 1929-30 годов» деген жазба бар. Сол кезеңде орысша 9 пьеса, қазақша 8 пьеса қойылса, қалайша қазақ театрды сол жылдарда болмаған деп айтуға болады. Тіпті 1940 жылғы архив құжатында 1932-40 жылдар аралығында белгілі бір азаматтың қазақ драма театрын басқарғаны жөнінде деректер келтірілген. Осы қарашаңырақта еңбек еткен талай майталман әртістер де қазақ театрының тарихы 1934 жылдан емес, одан әріден басталатынын айтып, сол әділеттіліктің орнайтын күнін аңсап өткен. Қазіргі көзі тірі еңбек ардагерлерінің де бар арманы осы болып тұр. 

Журналист Ғалымжан Елшібай: «Театр тарихы тым тереңде жатыр»

 «Осы мәселені зерттеу барысында көптеген қызықты деректерді кездестірдім. Тек Ж.Шанин емес, жалпы қазақ театрының тарихын қайта зерделеу керек. Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр шежіресі 1926 жылы Ақмешіттен бастау алады дейміз. Ал бірақ та 1917 жылы Семейде М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылады. Пьеса Абайдың екінші әйелі Әйгерімнің шаңырағында сахналанған. Ол үшін екі киіз үй тігілген. Бірі көрерменге, екіншісі өнер ұжымына арналды. Сол заманда әйелдерді әртіс болуға дәстүр рұқсат бермеді. сондықтан олардың рөлін еркектер ойнап келді. Мәселен Еңлік бейнесін М.Әуезов ағасы Ахмет Әуезов сомдаған деген дерек бар. Драманы дайындасуға Қ.Сәтпаев пен Ж.Аймауытов та көмектескен. Кейбір елде театр тарихын драматург жазу үстеліне отырған кезден бастайды екен. Біз олай етпесек те 1900 жылдардың басында Қарқаралы жәрмеңкесінде қойылымдар қойыла бастаған сәттен бастап тарихты тарқатып әкетсек те жарасады. Тіпті олай болмаған күннің өзінде кейбір театр сыншылары, зерттеушілері оның бастауын 1915 жылдан бастап қарастыру керектігін айтады. Олардың қатарында Амангелді Мұқан, Айзат Қадыралиева, Бақыт Нұрпейіс сынды елге белгілі театр зерттеушілері бар. Қазақ театрының тарихы туралы айтқанда Бағыбек Құндақбаевты айтпай кетуге болмайды. Алдағы уақытта осы зерттеушінің театр тарихына қатысты том-том еңбектерінен құнды деректер табылады деген ойдамыз. Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры алып бәйтерек десек, Ж.Шанин атындағы өнер қарашаңырағы соның бір бұтағы. Демек театр шежіресі қайта қаралса, мегаполистегі өнер ордасының бастау бұлағы да қайта зерделенеді. Бұл үшін алдағы уақытта әлі талай ғылыми конференциялар өте жатар. Ал бірақ бір анығы, тарих деген қатып ақлған дүние емес. Дерек табылса ол өзгере береді. Мәселен Шымкент іргетасы осыдан 1300 жыл бұрын қаланды делінді, кейін ол дата 2000 жылға, содан соң 2200 жылға ұзартылды. Сондықтан 90 жылдық театр ғұмырын 95 жылға ұзартуға бүгінде дерек тә дәйек те толып жатыр.

Кеңестік дәуірден қалған дерек¬тер бойынша қазақ театр өнері қара-шаңырақтарының бірі – Жұмат Ша¬нин атындағы Шымкент қалалық ака-демиялық қазақ драма театры 1934 жы¬лы құрылған. Яғни театрдың биыл 90 жылдығы атап өтілуі тиіс. Алайда театр тарихына тереңірек үңіліп, мұ-рағат құжаттарын парақтаған қызмет¬кер¬лердің өз айтары бар. Олар арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілсе, театр¬дың құрылғанына 95 жыл толғанын дәлел¬деуге болатынын мәлімдеп отыр. Дерек¬терде еліміздің оңтүстігінде халықты театр өнерімен таныстыру арқылы олар¬дың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 1929 жылы 1 қарашада алғашқы театр маусы¬мы ашыл¬ғаны айтылады. «Сол заманда театр ре¬п-ертуары революциялық қозғалыс та¬рихы, қызыл әскер, флот өмірі мен тұрмысы, батыс пен шығыстағы таптық күрес сияқты тақы¬рыптарды қамтыған. Театрдың бас¬тапқы көркемдік жетекшісі мен бас режиссері М.В.Раздолин болды», дейді қалалық орыс драма театрының директоры И.Вербицкий баспасөзге берген сұхбатында. Осылайша, орыс драма театры бірінші маусым ашылған датаны негіздеп тұр.

Қазағы қалың өңірде бір ғана театр жұ¬мыс істеп, жергілікті жұрт 1929 жыл¬дан бергі бес жыл бойы тек орыс дра¬ма театрының қойылымдарын тама¬ша¬лады деу де мүлдем қисынға кел¬мей¬ді. Жергілікті өнерсүйер қауым өңір халқына қатар қызмет көрсетіп келе жат¬қан мәдениет ордаларының бірі қа¬зақ драма театрының құрылғанына – 90, екін¬шісіне, яғни орыс театрына 95 жыл тол¬ған сәйкессіздікке түсінбей, қазағы қалың өңірде ұлт өнерінің кенжелеп қалуы мүм¬кін еместігін айтады. Демек, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ театрының қай жылы құрылғанын анық¬тап, жылнаманы жаңғырту өңір тұрғындары үшін де маңызды мәселе.

Өнер ордасының тарихын терең зерделеп, зерттеп, мұрағат деректеріне сүйенген мамандар Шымкентте театр өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары құрылғанын айтады. Архивті ақтарған мамандардың мәлімдеуінше, еліміздің мәдениет тарихында ерекше орын алатын театр өнерінің қалып¬тасуына Омбыда 1865 жылы қалалық театрдың ашылуы ықпал еткен. XIX ғасыр¬дың екінші жартысында бұл театр¬дың даңқы жайылып, оның сахнасы¬на Батыс пен орыс классиктерінің шығар¬малары қойылады. Ал қаланың өзі бол¬са, өнер мен білімге ұмтылған қа¬зақ жастарының төңкеріске дейін топтасқан белгілі орталығы болды. Ғалым, демократ-ағартушы Шоқан Уәлихановтан басталып, онан кейінгі кезеңдерге дейін қазақ жастарының білім алып, мәдениетке араласуы осы қаламен тығыз байланысты. Солардың ішінде Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақовпен бірге, білім мен мәдениетке ұмтылған Жұмат Шанин де осы қалада болып, әрі оқып, әрі қызмет істеген. Қазақ жастарының басын қосып, өнер мен мәдениетке баулыған «Бірлік» ұйымы да осы Омбыда ашылған. Сол уақытта қызметте немесе оқуда болған халқымыздың ардақты ұлдарының театр өмірімен таныс болуы шығармашылық тұрғыда тез жетіліп, қалыптасуына себеп болғаны даусыз.

«Қазақтың ұлттық театрын ұйым¬дастыру мәселесі ел ішінде дала театры деп атауға әбден лайық халық өнері¬нің сан қилы түрлері дамып, жетіл¬ген тұста көтерілуі табиғи құбылыс. Қазақ¬тың кең даласының әр түкпірінде тұң¬ғыш әуесқойлық қойылымдар мен драма¬тургиялық шығармалардың тууы осы халық шығармашылығының көр¬кемдік құдіреті. Оңтүстік Қазақстанда да ойын-сауық, көркемөнерпаз үйірмелері жедел дамыды. Олардың репертуарлары шағын пьесалар мен ән-күй, көркемсөз, еңбекшілер ұранына құрастырылған. Зерттеушілер деректерінде төңкерістен бұрынғы қазақтың көшпелі өміріне, сая¬си теңсіздігіне қарамай, халқымыздың азды-көпті оқыған жастары өнердің жаңа түрі – театр өнерін жасаудағы алғашқы қадамдарын бастағаны айтылады. Бұрын бірлі жарым әдеби кештерде домбыра тартып, ән салумен шектеліп келген қазақ жастары ұлттық ойын, ақындар айтысын, дастандарды сахнаға бейімдеп көрсетуге кіріседі. Көркем үйірмелер әдебиетіміздегі драматургия жанрының дамуына ұйытқы болды. Бұған кәсіби театрымыз құрылмай тұрған кездегі С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ж.Шанин және басқалардың драмалық шығармалары дәлел. Көркем үйірме мен мәдени жұмыстарды жүргізетін «Қазақ жастары» атты ұйым Шымкентте сол заматта шыққан. Жиырмасыншы жылдары Шымкент жастары мәдени-бұқаралық жұмыстардың алуан түрін өрістетті, «Қызыл шайхана», Қызыл отау», «Қызыл арба», «Сауатсыздықты жою» сынды мәдени-көпшілік ағарту және үгіт-насихат жұмыстарының барлығы да драма труппаларының қатысуынсыз өткен емес. Мұрағаттық құжаттарды зерделеу барысында Черняев уезінің халық білім бөлімінің меңгерушісіне жазған рапортта Черняев театры әртістерінің жағдайы баяндалып, соңына театр режиссері қол қойған құжатты кездестірдік. Ол құжатта қандай қиын жағдай болса да, әртістердің халық алдына шығып, өз міндеттерін атқарғаны, суық күндерде, тар жерде грим жасап, халық алдында өнер көрсетіп, ауырып тұрса да спектакльдерді ойнап жүргені сынды басқа да проблемалары жазылған. Бұл 1920 жылғы жағдай. 1924-1925 жылдары Сырдария губерниясы Халықтық білім бөлімі қаулы жобасы берілген 86-87 беттерде Шымкент уезі мен қаладағы мекемелерді бөліп көрсетеді. Яғни Шымкент қаласында 1924-1925 жылдарғы ақпарат бойынша 2 театр жұмыс істеп тұр деп көрсетілген. 1924 жылы Автономиялық республикаларға жіберілген театр туралы ережелер Шымкент театрына да жолданған. Жалпы, архивтік деректерде театрдың сол 1924 жылдан бастап өңір¬дің мәдени-ағарту жұмыстарына бел¬сене араласқаны жөнінде көп айтыла¬ды. 1928 жылы берілген жылдық есептің қалалық кино жұмысы бөлімінде: «Қыс¬қы сезон үшінші қазанда басталды, қала¬лық кино ғимаратында апта сайын қойы¬лымдарды қазақ мемлекеттік театры қойып отырды», делінген. Сырдария окру¬гінің Халықтық білім бөлімінің 1929 жылы 10 қыркүйекте өткізген жиналысы шешімінде «Мәдениет бөлімі облыстық Халықтық білім бөлімімен бірге тез арада қарап, мақсатты спектакльдерді сатып алуды ұйымдастырсын, қалалық театр тез арада қысқы сезон ашқанға дейін 1 ноябрьге дейін құрылысын істеп тапсырсын» деген деректі кездестірдік. Демек, театр маусымы 1929 жылы қарашада ашылған. Ал 1932 жылдың 21 маусымында Оңтүстік Қазақстан облыстық білім бөлімі жиналысының шешімі бойынша мақұлданған құжатта, жұмыс істеп тұрған Шымкенттегі қазақ мемлекеттік театрын нығайту үшін көмек ретінде облыстық бюджеттен 1000 рубль беру көрсетілген. Тізе берсек, театрдың жұмысы, әртістердің жағдайы, театрды нығайтуға берілген көмектер жөнінде дерек көп. Яғни бұл деректер Шымкентте театр 1924 жылы немесе 1929 жылы ашылғанын білдіреді. Мұны, әрине тарихшылар, өнер зерттеушілері түбегейлі анықтап, нақтылай түседі деген үміттеміз», дейді алдымызға Түркіс¬тан об¬лысы мемлекеттік архивінен алын¬ған құ¬жаттар көшірмесін жайып сал¬ған Ж.Ша¬нин атындағы Шымкент қала¬лық акବд¬е¬миялық қазақ драма театры мұра¬жайы¬ның бөлім меңгерушісі Қымбат Молдиева.

Театрдың тарихын айқындай түсуге зиялы қауым, жергілікті билік өкілдері де мүдделі екендерін танытты. Осы орайда, қазақ драма театрының өткенін зерделе¬ген қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құ¬ран¬бек сәйкессіздікке мән беріп, даталар¬ды нақтылай түсу, яғни 95 жылдығын атап өту жөнінде көпшілікке алғаш болып ой салғанын айта кетелік. Ұлтжанды аза¬маттың бұл бастамасын өнерсүйер қауым қолдап отыр.

Театрға тұңғыш режиссер, драматург, қоғам қайраткері Жұмат Шаниннің есімі 1972 жылы берілді. Рухани азық көзі, әрбір жан өзіне керек дүниені таба алатын қазақ театрының құрылу, қалыптасу жолы жеңіл болмағаны мәлім. «Қазақ театрының қолға алған жұмысы үлкен, жүгі ауыр, жолы алыс. Алыс жолға талықпай-жалықпай же¬ту үшін қажымайтын текежаумыт ат ке¬рек. Жел өтіп, күнге күймейтін тон к嬬рек. Еңбекті егізім деп таныған, ақы¬лын жігерімен жаныған азамат керек! Қазақ театры – ұядан қанат қағып, қалық¬тап ұшқан балапан. Қанаты талмай қона¬тұғын күй керек», депті Жұмат Шанин шымылдығын түргеніне 1 жыл ғана болған театр жайында. Бүгінде «еңбекті егізім деп таныған, ақылын жігерімен жаныған азаматтардың» арқасында қазақ театры өсіп-өркендеп, дамып келеді. Ауыз толтыра айтар жетістігі, жаңашылдығы же¬тер¬лік. Көрермен қауым жуырда театр¬дың көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалған Сұлтан Сраиловтың өнер ордасы жетістіктерін еселей түсетінінен үмітті. Астана қаласы әкімдігінің Қ.Қуବ¬ныш¬баев атындағы мемлекеттік ака¬д嬬миялық қазақ музыкалық драма театры¬ның директоры-көркемдік же¬тек¬шісі, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мем¬лекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, «Оңтүстік Цирк» МКҚК бас директоры қызметтерін атқарған, яғни бұл саланың тәжірибелі маманы Сұлтан Оңғарұлы театрда алдыңғы буыннан тәлім алған жастардың шығармашылық дәстүрді сабақтастырумен қатар жаңа қырларын аша түсуіне ықпал етері анық. Театрдың нақты қай жылы құрылғанын анықтау сол жас буын үшін де маңызды. Өңір жұрты театр тарихы мәдениет зерттеушілерінің, тарихшылардың көмегімен нақтыланып, жуық арада шешімін табады деген үмітте.

Қарашаңыраққа қамқорлық үзілмейді

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек өзінің бір сөзінде жергілікті атқарушы билік өнер ордасына қолдау білдіру мақсатында біраз шаруалар тындырылғанын айтқан еді. Атап айтқанда бүгінде театрда 52 жаңа штаттық бірлік ашылды, одан бөлек әртістердің жалақысы артты. Сонымен бірге Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясынан 19 жас студентті дуальді оқыту жүйесі арқылы Шанин театрына жұмысқа тартып отыр. Олардың жататын орны, айлық жалақысы әкімдік тарапынан шешімін тапты.

Қарашаңырақтың айтып өтуге тиісті басқа да мәселелері баршылық. Бірақ Құдайға шүкір олар қазіргі қала әкімдігінің тиісті сала басшылары мен мамандарының бірлесе әрекет етуінің нәтижесінде біртіндеп шешімін тауып келеді. 

Айталық бүгінде Ж.Шанин театрында шешімін күткен тағы бір мәселе бар. Үшінші ме¬гаполистегі руханият ордасы – Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрының сахнасы қойылымдарға лайықталмаған. Дыбысталу мен жарықтандырылу кеше¬нінде де кемшілік көп. Нысан тозып, едені тесілген. Сахна бетіндегі дөңгелек айналма да дұрыс орнатылмауынан бірде-бір рет жұмыс істемеген. Сахнадағы техникалық қауіпсіздік бұзылған, еденге талапқа сай тақтай төселмеген, 33 штанкеттің тек алтауы істейді.

Иә, ғасырға жуық тарихы бар Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрына жаңа ғимарат 2014 жылы берілген. Құжатта сахнаны әрлеуге арналған 30 көтеру құрылғысы жазылса, мұнда бар-жоғы төртеу ғана. Театр қызметкерлерінің айтуынша, оның өзінің жұмысы қауіпті.  Мәселе шешілуі үшін сахна күрделі жөндеуден өтіп, жаңа құрылғылар алынуы қажет. Бұл орайда қала әкімдігі тарапынан қажетті қаржы қарастырылған да екен. Алайда пайдалануға берілгеніне он жыл болған ғимаратқа жаңғырту жұмыстарын жүргізу ережеге сай келмейді. «Сахнамыз күрделі модернизацияны қажет етіп тұр. Жоғарғы және төменгі механизациямыз стандарттарға мүлдем сай емес. Жарық беру, дыбыс беру кешендері де заманауи техникалармен жабдықталмаған. Театрдағы өзекті мәселелерді Сенат депутаттарына жеткіздік. Өздері сахнаға шығып, жағдайды көрді», дейді Ж.Шанин атындағы қалалық академиялық қазақ драма театрының директоры Арайлым Құрбанбекқызы. Ал драматург Сая Қасымбек театр сахнасының жүрегі іспеттес құрылғы – дөңгелек мүлде айналмайтынын айтты. «Әртістер ойнап жатқанда біз штангеттер түсіп кетпесе екен деп уайымдап отырамыз. Өте қауіпті. Біз «құдай сақтасын» деп жүре береміз. Бірақ сақтау үшін де әрекет ету керек қой. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің мұрындық болуымен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков реконструкцияға қажетті қаржы бөлді. Ендігі кедергі – жаңа берілген ғимаратқа 25 жылға дейін реконструкция жасауға болмайды екен. Бөлінген қаржыны жұмсай алмай, пұшайман күйге түскен жайымыз бар», дейді С.Қасымбек. Сенат депутаттары Айгүл Қаппарова, Алишер Сатвалдиевпен кездесуде осы келеңсіздікті және өзге де ұсыныс-пікірлерін жеткізген театр қызметкерлері мәселелердің шешілуі үшін заң жобаларын жетілдіруді сұрады. Кездесуде халық қалаулылары ұжым өтініштері бойынша тиісті орындармен жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді. Осы арада айта кетелік, еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында күрделі жөндеу мен жаңа ғимаратты қажет ететін басқа да театрлар бар.     

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • «Алтын Орда - Жошы ұлысының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Ұлттық құндылық – тәрбиенің сара жолы
  • 2200 жыл: Ескі де жаңа шаһардың құрылысы қалай дамыды?
  • Белгілі қаламгер шығармалары дәріптелді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер