Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауымен KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы Шымкентте қатарынан тағы екі турнир ұйымдастырып жатыр. Олар 2024 жылғы Қазақстан Балалар Кубогының 6-шы кезеңі - В.В. Печерский Мемориалы мен Шымкенттің 1-ші Ашық Кубогы.
Әр жарыстың 9 кезеңі де қаладағы «Көрме орталығында» өтетін болады. Шымкенттің 1-ші Ашық Кубогында қатысушылар рейтингтеріне байланысты гросмейстер мен халықаралық шебер нормаларын орындауға мүмкіндік алады. Бұл кубок айналма жүйесі бойынша өтетін 10 турнирдің бірі. Оған еліміздің ересектері мен жасөспірімдері құрамаларының мүшелері, сондай-ақ құрамаға кірмейтіндер мен шетелден келген шахматшылардан, жалпы саны 10–12 ойыншы қатысып жатыр. Шахматшылар арасында 4 шетелдік гроссмейстер бар. Олар Израильден келген Евгений Алексеев, Грузия шахматшысы Леван Панцулая, Өзбекстан ойыншысы Саидали Юлдашев пен Беларусь өкілі Алексей Фёдоров. Сондай-ақ үміткерлер ішінде өз еліміздің 6 шахматшысын атап өту керек. Ол Шымкенттен шыққан халықаралық шебер Әбілмансұр Әбділқайыр, ФИДЕ шеберлері Бексұлтан Молдағали, Лия Құманғалиева, Иманғали Ақылбай. Сонымен бірге, көрші Қырғызстаннан келген қонақтар – ФИДЕ шебері Элдияр Орозбаев пен халықаралық шебер Асылбек Абдыжапар да осы турнирде бақ сынасады.
KazChess вице-президенті Марат Есеновтің айтуынша федерация еліміздің барлық өңірінде зияткерлік шахмат спорты ойынын дамытуға атсалысып жатыр. Сондай-ақ ол Қазақстан Балалар мен Шымкенттің 1-ші Ашық Кубоктары келешекте Қазақстанда зияткер ұлттың қалыптасуына үлкен үлес қосатынын атап өтті. Шымкенттің 1-ші Ашық Кубогының жүлде қоры 3 млн теңгені құрайды. Бірінші орын алған жеңімпазға – 1.2 млн, ІІ орынға 800 мың, ІІІ орынға 500 мың, ІV орынға 300 мың, ал V орынға 200 мың теңге ақшалай жүлде тапсырылады.
Өз кезегінде Қазақстанның Балалар Кубогының 6-шы кезеңіне 10 жасқа дейінгілер санатындағы 163 жас ойыншы мен 14 жасқа дейінгілер санатына жататын 128 шахматшы қатысып жатыр.
Биыл KazChess/Қазақстан шахмат федерациясы ересектерге арналған көп сатылы Қазақстан Кубогымен қатар Қазақстанның Балалар Кубогын да бірге ұйымдастырып отыр. Балалар кубогі жалпы 6 кезеңнен тұрады. Және әр кезеңнің жүлде қоры – 3 млн теңгеге тең. Бұл туринирдің ақтық сыны 19-26 желтоқсан аралығында Алматыда өтеді екен. Бұған дейін кубоктың бес кезеңі Таразда, Қызылорда, Қостанай, Атырау мен Павлодар қалаларында ұйымдастырылыпты.
А турнирінде 14 жасқа дейінгі шахматшыларды қамтиды. Бұл санаттағы қатысушылар саны – 128. Олардың ішінде рейтинг бойынша фаворит, яғни жүлдеге үмітті саналатындар алматылық Әлтайыр Қажымұратов пен астаналық Әлихан Хажатұлы. Сондай-ақ алдыңғы кезеңде жеңімпаз атанған Ұлытау облысынан Мақсат Байсалбеков пен павлодарлық Әмір Төлегенов те бар. Ал қыздар арасындағы Кубок кезеңдерінде үш мәрте жеңіске жеткен Мәлика Жаппарбекова осы жарыста сынға түсетін болады.
Б турнирінде 10 жасқа толмаған 163 ұл мен қыз тіркелген. Олардың арасында жалғыз Қырғызстан ойыншысы бар. Бұл жерде рейтинг бойынша жүлдеге таласа алады деген үміткер 8 жасқа дейінгілер санатындағы (U8) Қазақстан-2024 чемпионы алматылық Нұрмұхамед Елемес болып отыр. Ал оның негізгі бәсекелестері ретінде Айсултан Бисалиев пен Кубоктың 2-ші кезеңінің жеңімпазы Рахим Мақсатұлын атап өтуге болады.
Бір айта кетерлігі, балалар турнирі жүздеген қазақстандық шахматшыны дайындаған дарынды тәлімгер әрі педагог Вячеслав Владимирович Печерскийдің құрметіне арналған. Оның шәкірттерінің ішінде 2016 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы Жұбан Биғабылов пен Қазақстанның рейтинг көшбасшысы, гроссмейстер Ринат Жұмабаевты ерекше атай аламыз.
1 қарашада грузиялық гроссмейстер Леван Панцулаяның сенімді жеңісімен халықаралық шахмат турнирі – 1-ші Ашық Шымкент Кубогы, сондай-ақ Қазақстан Балалар Кубогының 2024 жылғы 6-шы финал алдындағы кезеңі аяқталды. Леван рейтингісіне 14 ұпай қосып, турнирдің жалпы жүлде қоры 3 млн теңгеден 1,2 млн теңге жеңіп алды.
Екінші орынды және 800 мың теңге көлемінде ақшалай жүлдені израильдік Евгений Алексеев иеленсе, турнир иесі, 2300 дейінгі рейтингтік санаттағы әлемнің екі дүркін (2022, 2023) әуесқойлар чемпионы Әбілмансұр Әбділхаир 3-ші орын мен 500 мың теңге сертификатқа ие болды.
1-ші Ашық Шымкент Кубогының бағдарламасында Masters турнирінен басқа мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет ұйымдарының қызметкерлеріне арналған блиц турнирі де өтті. Оған 90-нан астам шахматшы қатысып, 8½ ұпай жинаған Жанна Карабаева жеңіске жетті. Бұрын ол балалар және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарына қатысқан, 2008 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері.
Жабылу рәсімінде Қазақстан Балалар Кубогының 2024 жылғы 6-шы, финалға дейінгі кезеңінің жүлдегерлері де марапатталды.
«KazChess президенті Тимур Турловтың тапсырмасы бойынша, біз турнирлерді еліміздің барлық аймақтарында өткізіп, шахматқа барынша көп адамды тартып, жас шахматшыларға өз күштерін көрсетуге мүмкіндік береміз. Түрлі аймақтарда өткен Балалар Кубогы – осыған жақсы дәлел. Алматыда қараша айының соңында өтетін финалда 6 кезеңнің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған шахматшылар сынға түседі», – деп атап өтті федерацияның атқарушы директоры Гүлмира Даулетова.
Турнир B-ге Қазақстан чемпионы-2024 (U8) Нұрмұхаммед Елемес (1735) барлығы 9 ойын жеңіп, тамаша нәтиже көрсетті. Екінші орынды астаналық Айсултан Бисалиев (1699) иеленді, ал үшінші орынға 7 ұпаймен Диас Аманбек (1604) жайғасты.
14 жасқа дейінгі 125 қатысушы бақ сынаған A турнирінде соңғы тур алдында көш бастаған Шымкенттік Айбек Тлеккабыл (1711) финалда жеңіліске ұшыраса да, жалпы есепте 7½ ұпаймен бірінші орынды сақтап қалды. Сондай-ақ, 7½ ұпай жинаған, бірақ Бухгольц коэффициентіне байланысты екінші және үшінші орындарға сәйкесінше астаналық Алихан Хажатұлы (1959) мен алматылық Алтайр Кажмуратов (1964) ие болды.
Турнирдің жалпы жүлде қоры – 3 млн теңге. Жүлделер келесі түрде бөлінді:
Негізгі жүлделер:
14 жасқа дейінгі ұлдар: Айбек Тлекқабыл – ₸250 000, Әлихан Хажатұлы – ₸150 000, Альтаир Кажмуратов – ₸100 000.
14 жасқа дейінгі қыздар: Малика Жаппарбекова – ₸250 000, Мадина Қадырбаева – ₸150 000, Айза Төлекенова – ₸100 000.
10 жасқа дейінгі ұлдар: Нұрмұхаммед Елемес – ₸150 000, Айсултан Бисалиев – ₸100 000, Диас Аманбек – ₸75 000.
10 жасқа дейінгі қыздар: Әдия Мамеш – ₸150 000, Медина Жанасқызы – ₸100 000, Камилла Талғатқызы – ₸75 000.
Қосымша жүлделер:
12 жасқа дейінгі ұлдар: Мақсат Байсалбеков – ₸125 000, Алдияр Жарас – ₸75 000, Азат Әмреев – ₸50 000.
12 жасқа дейінгі қыздар: Әкерке Молдағали – ₸125 000, Тұмар Қалдыбек – ₸75 000, Анастасия Шитовкина – ₸50 000.
8 жасқа дейінгі ұлдар: Айбек Шамшидин – ₸100 000, Мұхаммедғали Абдіқайым – ₸75 000, Әли Атнаш – ₸50 000.
8 жасқа дейінгі қыздар: Айару Нұрбол – ₸100 000, Айша Мейрам – ₸75 000, Аделина Нұрханқызы – ₸50 000.
Командалық есепте Астана командасының жас шахматшылары (Малика Жаппарбекова, Әкерке Молдағали, Айсултан Бисалиев және Елизавета Ледникова).