Ұлттық киімді насихаттады

Жуырда Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі ұйымдастырылды.

Screenshot_27.jpg

Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясындағы іс-шара болып саналады. Оның мақсаты – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шеберлердің бұйымдарын дәріптеу арқылы өскелең жас буынды ұлттық рухта тәрбиелеу мен насихаттау.

Осынау фестиваль аясында жергілікті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер дайындаған ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар қойылған көрме ұйымдастырылып, «Достық үйінің» үлкен залында этно стильдік және заманауи сәндік киім үлгілері көпшілік жұртқа көрсетілді.

Өз кезегінде аталған фестивальге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова, қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов қатысып, ұлт мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген қолөнер шеберлерін жылы лебіздерімен құттықтап өтті.

– Бұл іс-шараның көздеген негізгі мақсаты – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шымкенттік шеберлердің, суретші-дизайнерлердің туындыларын дәріптеу арқылы жалпыұлттық бірлік пен татулық құндылықтарын насихаттау екенін естеріңізге салғым келеді, – деді ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы А.Жұмағұлова.

Айта кету керек фестиваль барысында қазақтың ұлттық киімдерінің этно стильдік және заманауи үлгілері бойынша Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Ақ баян» сән театрының топтамасы, А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледждің топтамасы, Г.Еспай жетекшілік ететін «Ару аналар» топтамасы №5 Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің топтамасы, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Асыл мұра» топтамасы, Б.Жетібаева жетекшілік ететін «Асыл мұра» топтамасы және Орталық Азия инновациялық университетінің «Сән» топтамасы жұртшылық назарына ұсынылып көпшілік тарапынан жоғары бағасын алды.

Сонымен кәсіби мамандардан жасақталған қазылар алқасы фестиваль қорытындысы бойынша үздік деп танылған жеңімпаздарды анықтап, арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттап жүлделер тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • «Алтын Орда - Жошы ұлысының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Ұлттық құндылық – тәрбиенің сара жолы
  • 2200 жыл: Ескі де жаңа шаһардың құрылысы қалай дамыды?
  • Белгілі қаламгер шығармалары дәріптелді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер