Белгілі қаламгер шығармалары дәріптелді

Шымкент қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстандық жазушы сыншы, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеушісі және қоғам қайраткері Герольд Бельгердің туғанына – 90 жыл толуына орай «Рухы биік қаламгер» атты танымдық сағат өтті. 

Screenshot_28.jpg

Шараға жазушы, журналист, драматург Захардин Қыстаубайұлы, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Құрбанов Ағапаша Гүләліұлы, Ақселеу Сейдімбеков атындағы №80 IT мектеп-лицейі тарих пәнінің мұғалімі Мұқит Сапарбекұлы Борибеков қатысып, Герольд Белгердің өмір жолдары мен шығармашылығы, халқына деген сүйіспеншілігін, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне терең ықпал еткені жайлы өз ойларымен бөлісті.

Герольд Бельгер 1934 жылы 28 қазанда Саратов облысы, Энгельс қаласының немістер қоныстанған Поволжья деген жерінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталған тұста бұл кісі кішкентай бала болған. Сол жылдары Карл Федоровичтың отбасы Қазақстанға Саратовтан жер аударады. Жеті жасында қазақ жерінен дәм-тұз бұйырып, қаймағы бұзылмаған қазақ ауылында өсіп, тәрбиеленеді. Герольд Бельгердің қазақ халқына деген құрметі кішкентай кезінен қалыптасқан. Ол Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп, еңбек жолын Жам¬был облысында орта мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беруден бастады.

Г.Бельгер 1971 жылдан бері Қазақ¬стан Жазушылар одағының мүшесі. 1992 жылдан неміс тіліндегі «Феникс» альманағы бас редакторының орынбасары. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, неміс мәдени қоғамы Алматы қаласындағы бөлімшесінің төрағасы, Қазақстан немістері кеңесінің мүшесі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі болды. Өзге ұлт өкілі болса да, қазақтың әдебиетін, мәдениетін, тарихын жетік білген Герольд Карлович «Қазақтың қуанышы – менің қуанышым, қазақтың тойы – менің тойым...» деп бар саналы ғұмырын әдебиетке арнап алпысқа тарта кітап жазды. Әдебиет жолында Абай мұраларын зерттеп «Гете және Абай», «Асылға абай болайық» және тағы басқа қазақ, орыс, неміс тілдерінде мақалалар мен көркем әңгімелер және екі мыңға жуық еңбектер жазды. Ел алдындағы адал еңбегі мен азаматтық ұстанымы мемлекет тарапынан әділ бағаланып, ол Б.Майлин атындағы әдеби сыйлықтың, Прези¬денттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының лауреаты және «Парасат», «Достық» ордендерінің иегері атанды.

Г.Бельгер сұңғыла аудармашы еді. Оның Ғабит Мүсірепов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбаев, Дүкенбай Досжан және тағы басқа қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларын орыс тіліне аударғанын көзіқарақты оқырман жақсы біледі. Г.Бельгер қазақ тілінде де еркін сөйлей де, жаза да алды. «Қазақ тілі үшін барымды беруге дайынмын. Менің рухани тірегім Абай Құнанбайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұхтар Әуезов. Қазақ тіліне үңілген сайын тереңдей түстім», деп ағынан жарылатын қаны неміс, жүрегі қазақ Герольд Бельгердің қазақ тілі, ұлттық бірлік пен татулық туралы айтқан ойлары халқымыздың көңілінен шығып, ұлттық рухымызды көтеруге ықпал етті.

Ол шығармашылық өмірінен бөлек қоғамымыздың дамуына көп үлес қосып, елінің лайықты азаматы атанды. Көргені мен түйгені мол, қазақ әдебиетінің шын жанашыры, жанкүйері болды.

Шарада «Ұлас» өнер мектебінің «Ұлас» триосы Адай, Балбырауын күйлерін тартып, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар жазушы жайлы бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • «Алтын Орда - Жошы ұлысының негізгі тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
  • Ұлттық құндылық – тәрбиенің сара жолы
  • 2200 жыл: Ескі де жаңа шаһардың құрылысы қалай дамыды?
  • Белгілі қаламгер шығармалары дәріптелді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер