«Алты алаштың қайсар ұлы» атты тарихи танымдық кеш өтті

Әуезов университетінде «Алты Алаштың қайсар  ұлы – Тұрар  Рысқұлов» атты тарихи танымдық кеш өтті. Игі шара көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Screenshot_16.jpg

Іс-шараның өтуіне  М.Әуезов атындағы ОҚУ   Ақпараттық білім беру орталығы, «Мәдениет және өнер» факультеті, «Сәулет, құрылыс және көлік факультеттері «мұрындық болды.

Іс – шараның мақсаты – Түркістандағы түркі халықтары ұлт - азаттық қозғалысының көсемі, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,ірі ғалым, публицист, тарихшы, дипломат – Т.Рысқұловтың  еліміз үшін төккен еңбегін жастарға жеткізу.  Халқының қамы үшін өз басын бәйгеге тіккен батырдың ерен  еңбегі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылған. Аманатты арқалаған ұрпақтың мойнында Рысқұловтану ізінің жалғасы бар деп білеміз, әрі кәміл сенеміз. Осындай танымдық кештер арқылы рухани құндылықтарды дәріптейміз, жастардың бойында ұлтына деген сүйспеншіліктті артттырып, өз тарихыны таныта аламыз, - деп атап өтті кеш барысында Ақпараттық білім беру орталығының басшысы Индира Қобланқызы. 

Тарихи  танымдық  кеште  халық, ұлт, мемлекет ретінде қалыптасуымызға аянбай еңбек етіп, жанын берген тұлға туралы,оның  көрсеткен ерліктері мен еткен еңбектері жайлы,  заманы тыныш болмаса да, саналы ғұмырын халқына еңбек етуге арнаған Тұрар Рысқұловтай  тұлғаны жас  ұрпаққа  кеңінен  таныстыру  үшін  көрнекті қазақ жазушыларының еңбектерінен   Т.Рысқұловтың келбетін сомдайтын сахналық  қойылым,  ән, жырлар  орындалады.

Университеттің Басқарма Төрағасы – ректор Ғани Бесбаев шарада арнайы сөз алып: 

- Тұрардай атпал тұлғаны ұлықтау баршамызға ортақ борыш. Мемлекет қайраткерінің биыл 130 жылдығын біз ұлт болып тойлап отырмыз. Бұл баршамыз үшін де игі іс болмақ. Дана халқымыз: «өлі риза болмай, тірі байымайды», - деген болатын. Сондықтан даңқты бабаның өнегелі өмір жолын бірге ұлықтайық. Мерейтой құтты болсын!» - деп атап өтті. Сонымен қатар тарихи кеште, «Мұхтартану ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент Қоңыратбаев Ордалы Молдалыұлы, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы PhD докторы Пазылов Ержан сынды ғалымдар баяндама жасап, студент жастарға тың мәлімет берді.

Кеш соңында Ғани Әбзелбекұлы шарада белсенділік танытқан оқытушылар мен студент жастарға ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттады. 

Шара мұнан әрі студент жастардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Тіл тазалығы – ұлт мәдениетінің айнасы
  • Мәдениетте мәселе көп
  • Шымкент қалалық өзбек драма театры "Менің атым Қожа" повесін сахналады
  • Өзіне тән әлемі бар ақын: Бақытжан Алдияр 50 жаста
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер