Шымқала кештері жалғасын тапты

Бәрімізге белгілі, Республика күні қарсаңында Шымкентте 4 бірдей мәдениет үйі қолданысқа берілді. Әрқайсысы 90 орындық заманауи нысанның ашылуында қала әкімі де болып, тұрғындарды осынау қуанышымен құттықтаған еді. Ғимарат 

Screenshot_18.jpg

ішінде қосымша үйірмелер ашылып, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалынған. Айта кетейік, мәдениет үйлері қаланың мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосады. Олар қоғамның түрлі топтарын біріктіретін, халықтың шығармашылық әлеуетін дамытатын және ұлттық құндылықтарды насихаттайтын орталықтар болып табылады. Бұл мекемелерде түрлі мәдени іс-шаралар, концерттер, көрмелер, театр қойылымдары, ұлттық мерекелер мен фестивальдер ұйымдастырылады, соның арқасында қала тұрғындары өнермен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады. Мәдениет үйлері жастарды патриоттық, рухани, эстетикалық тәрбиеге баулып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, олар халықтың ұлттық және тарихи мұраларын ұлықтап, дәстүрлерді сақтау мен насихаттауға жағдай жасайды. Мұндай орталықтар халықтың бос уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізуге, шығармашылықпен айналысуға және өз өнерін көрсетуге қолайлы орын болып саналады. Кезінде тоқырауға ұшырап, жабылып, тозып кеткен мәдени нысандардың қайта соғылып,ашылып жатқаны қуантады. Мәдениет үйлерінің арқасында қаладағы мәдениет пен өнердің деңгейі артып, адамдар арасындағы қарым-қатынас пен бірлік нығая түседі, бұл өз кезегінде қоғамның рухани дамуына оң әсер етеді. 

Оның дәлелі мәдениет үйлерінде өтіліп жатқан концерттер. Өткен аптада Шымкент қаласының 8 мәдениет үйінде "Шым қала кештері" атты концерттік іс-шарасы өтті. Мәдени іс-шара қаладағы сегіз тұрғын алапта бір мезгілде басталды. Атап айтқанда, өнер ұжымдары Қызылжар, Сайрам, Жаңаталап, Шапырашты мәдениет үйі және Көкбұлақ, Қайнарбұлақ, Қаратөбе, Өтеміс клубында жергілікті тұрғындардың көңілін көтеріп, мәдени демалыс сыйлады.

Қайнарбұлақ мәдениет үйінде қалалық қуыршақ театрының өнерпаздары “Кел, бірге ойнайық” атты қойылымын және концерттік бағдарламасын ұсынды. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы тұрғын алаптарда орналасқан мәдениет үйлері мен клубтарда балаларға, тұрғындарға арналған концерттік іс-шарасын бастады. 

"Шым қала кештері" концерті екі ай көлемінде, әр аптаның сенбі күні өтеді. Іс-шара қала тұрғындарына ерекше мәдени демалыс пен көтеріңкі көңіл күй сыйлауды мақсат етіп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Тіл тазалығы – ұлт мәдениетінің айнасы
  • Мәдениетте мәселе көп
  • Шымкент қалалық өзбек драма театры "Менің атым Қожа" повесін сахналады
  • Өзіне тән әлемі бар ақын: Бақытжан Алдияр 50 жаста
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер