Шымқала кеші көңілді

Шымкенттегі Қайнарбұлақ, Базарқақпа, Өтеміс, Көкбұлақ тұрғын алабының жұртшылығы осы күзде айырықша қуанышқа кенелді. Мегаполис құрамына бертінде енген әр аймақтарда мәдениет үйлері ашылды. 

Screenshot_19.jpg

Рухани-мәдени құндылықтарды биік көретін жұртшылық үшін бұл үлкен қуаныш. Шөліркеген халыққа мәдениет ордасында шілдеден басталған Шымқала кештері концерттері өтуде. OPEN AIR форматындағы концерттік шара 8 бірдей мәдениет үйінде өтті. Соның бірі - Сайрам тұрғын алабындағы өнерпаздар ордасы. Онда «Шымкент концерт» ұжымының әртістері өнер көрсетіп, көрерменге  көңілді күй сыйлады. 


Мегаполистің мәдени өмірін жандандыру мақсатында өткізіліп жатқан  шара қаладағы аудандарды қамтуды қолға алған. Әр сенбі сайын өтетін жиын тұрғындардың сүйікті демалысына айналды десек, артық айтқанымыз емес. Бұл жоба халықтың мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттырып, бос уақытты пайдалы әрі ерекше өткізуге мүмкіндік беріп жатыр. “Шымқала кештері” – заманауи өнер, музыка, спорт және шығармашылықтың тоғысқан алаңы.
 Мәдениет пен өнерді дамыту ғана емес, сонымен қатар, тұрғындардың өзара араласуы мен әлеуметтік байланыстарын нығайту да бұл жобада көзделген. Мұндай кештер отбасылық және достық қарым-қатынасты да арттырып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектеседі.
 

Шымқала кештері қаланың шалғай аудандарында өтіп, онда шымкенттік «Шымкент - Цирк», «Шымкент концерт» концерттік ұйымы, «Шымкент қалалық әзіл- ысқақ және сатира театры», «Шымкент қалалық орыс драма театры», «Шымкент қалалық қуыршақ театры» өнер көрсетті.

Тек концерт немесе жиналыстарда ғана бос қосатын жер емес, балалар үйірмелерге қатысып, әрқилы рухани шаралар өтетін орын болғалы тұрған мәдениет үйлерінде бүгінде балалар үйірмелері ашылып, халық игілігін көруде. 

– Білекті емес, білімдінің заманы ғой қазір. Кітап көп оқыту керек. Жаңадан шығып жатқан заманауи робототехника деген сияқты содан орындар алу керек. Соған өздеріңіз ақылдарыңызды айтып, осы жерді жақсылыққа пайдаланыңыздар, – деген еді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ашылу рәсімінде. Қала әкімі мұндай орындардың көбеюі тұрғындардың мәдени-рухани өміріне айрықша серпіліс әкелетін де айтқан болатын.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бақытжан Алдияр: «Өлеңді түсімде жазып, өңімде қағазға түсіремін»
  • Тіл тазалығы – ұлт мәдениетінің айнасы
  • Мәдениетте мәселе көп
  • Шымкент қалалық өзбек драма театры "Менің атым Қожа" повесін сахналады
  • Өзіне тән әлемі бар ақын: Бақытжан Алдияр 50 жаста
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер