Шымкентте бір аптаға созылған халықаралық театр фестивалі аяқталды. Шаһарда өткен театр фестивалі мәдениет пен руханиятты дамытуда үлкен маңызға ие болды.
Бұл шара театр өнерінің құндылықтарын насихаттап, қоғамның рухани деңгейін көтеруге ықпал етті. Фестиваль әртүрлі елдер мен аймақтардан келген театр ұжымдарын бір сахнада біріктіріп, көрермендерге алуан түрлі мәдениет пен өнердің қыр-сырын ұсынды.
Фестиваль арқылы жас таланттар тәжірибелі әртістермен кездесіп, шеберлік сыныптарына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, фестиваль өнер ұжымдарына өзара тәжірибе алмасуға, жаңа әдіс-тәсілдермен танысуға мүмкіндік берді. Бұл мәдени шара арқылы көрермендер театр өнерінің бай мұрасын сезініп, қоғамда мәдениетке деген қызығушылық пен құрметті арттыруға септігін тигізді.
Фестиваль Шымкент қаласының мәдени имиджін көтеріп, қаланы Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның мәдени орталықтарының біріне айналдыру жолында маңызды қадам болды. Оған түркі тілдес мемлекеттердің 10 театры қатысып, әртістер өздерінің ең үздік деген қойылымын көрерменге ұсынды. Сонымен қатар фестиваль күндері театр мамандарының шығармашылық әлеуеті мен кәсіби деңгейін жақсарту мақсатында «Шеберлік сабақтары» өткізіліп, бекзат өнердің кәсіби шеберлері, Е.Б.Вахтангов атындағы театрдың режиссері, «Алтын масканың» бірнеше дүркін иегері Юрий Бутусовтың, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті Айгүл Наремгенованың, театртанушы, Өзбекстан мемлекеттік музыкалық комедия театрының (оперетта) директоры Бури Ганиевтің шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Тарқатып айтқанда, Ю.Бутусов «Режиссура», А.Наремгенова «Актердің сахналық үні», Б.Ганиев «Театр ісін ұйымдастыру (менеджмент)» тақырыптарында дәріс оқып, актерлер шеберлігін шыңдайды.
Фестивальдың қорытындысы мен жабылу салтанаты 11 қараша күні Шымкенттегі «Tulip Hall» мәдениет сарайында өтті.
Жұмат Шанин және Михаил Лермонтов атындағы өнер ордасының сахнасында қойылған әрбір спектаклді мегаполис жұртшылығы айырықша ықыласпен тамашалады. Әрбір қойылым аншлагпен өтті. Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасының шешімімен Өзбекстан Республикасы Самарқанд облыстық музыкалық драма театрының «Ләйлі-Мәжнүн» спектаклі фестивалдің ең үздік шығармасы деп танылды.
Жалпы фестиваль шымылдығы Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының «Атжалман ғасыр» спектаклімен ашылды. Қазақтың аса талантты ұлы – драматург те, актер де, режиссер де, музыкант та және театр сыншысы да болған Жұмат Шаниннің өмірін бір қойылымға сыйдыру мүмкін емес. Алайда, режиссерлік шешім мен актерлік құрамның шеберлігі үйлесім тауып, үздік қойылым сахналанды. Дей тұрғанымен, сталинизмнің қанды құрығына ілінген Ж.Шаниннің соңғы жылдарындағы өмірі сахна төрінде керемет көрсетілген. Белгілі драматург Сая Қасымбек «Атжалман ғасыр» атты тарихи қасіретті жазса, білікті режиссер Бекболат Құрманғожаев сахнаға алып шыққан. Әділ-қазылар алқасының шешімімен Жұматтың келіншегі Жанбике рөлін сомдап шыққан театр актрисасы Мөлдір Зияева «Үздік әйел адам бейнесі» жүлдесімен марапатталды. Жүлде қоры 1 миллион болатын ақшалай сертификат пен алғыс хат табысталды. Айта кетейік, 20 жылға жуық сахнада өнер көрсетіп жүрген Мөлдір Зияеваның бұл алғашқы жеңісі.
– Фестиваль әр жолы түркі тілдес елдердің театрларына үлкен шығармашылық, рухани серпіліс әкелетін басқосуға айналды. Театарымыз өнер сайысына осымен үшінші рет қатысып отыр. Қойылымдағы режиссерлік жұмысымыз үшін үздік атандық және өзгелерден үйренгеміз де көп болды, – дейді Қырғыз мемлекеттік «Учур» жастар театрының директоры Сарсенбек Шейшенов.
Айта кетейік, "Учур" жастар театры – жас актерлерден құралған, түрлі тақырыптар мен жанрларда қойылымдар ұсынып жүрген үздік театр. Бұл театр жас таланттарды қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға және сахналық өнерге қызығушылығын оятуға бағытталғаны көрініп тұр. Театр репертуарында классикалық және заманауи драмалар, комедиялар, әлеуметтік мәселелерді қозғайтын спектакльдер, сондай-ақ балаларға арналған қойылымдар бар екен.
"Учур" театры тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде де танымал болып келеді. Театр актерлері түрлі халықаралық фестивальдерге қатысып, жүлделі орындар алып жүр.
Ал, үздік деп танылған қойылым иелері де осал еместіктерін көрсетті. Бұл әлемге әйгілі трагедиялық махаббат хикаясы туралы пьеса қойған Самарқанд облыстық музыкалық драма театры – Өзбекстанның мәдени мұрасын сақтап, дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан тарихи театрлардың бірі. Театр 1914 жылы құрылған және ұзақ уақыт бойы өңірдің басты мәдени орталықтарының бірі ретінде жұмыс істеп келеді. Оның репертуарында өзбек халқының ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін бейнелейтін музыкалық-драмалық шығармалар, сондай-ақ классикалық және қазіргі заманғы спектакльдер орын алады.
Театр сахнасында ұлттық пьесалармен қатар әлемдік драматургияның таңдаулы туындылары да қойылады. Әртістердің жоғары кәсіби деңгейі мен театрдың көркемдік ұжымы Өзбекстан ғана емес, шетелдегі көрермендер тарапынан да жоғары бағаланады. Театр ұжымы халықаралық мәдени іс-шараларға, фестивальдерге қатысып, көптеген марапаттарға ие болған.
Шымкенттік өнер сүйер қауым Әзірбайжан мемлекеттік академиялық музыкалық театрында, Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында болды. Ғ.Мүсірепов, «Учур» Мемлекеттік театры, «Дийдор» мемлекеттік жастар тәжірибелік театр-студиясы, Қарақалпақ мәмлекетлик академиялық музыкалы театры. Бердақ, Алания қалалық театры, Самарқанд облыстық музыкалық-драма театры және Г.Тукай атындағы Атнинск татар мемлекеттік драма театры.
Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ІХ Халықаралық фестивальде ерекше өнерімен көрерменді тәнті етті. «Ұлпан» шығармасын 27 жылдан кейін жаңаша форматта қайта сахналаған театр ұжымы өткен мен бүгіннің байланысын сақтаған. Шығармадағы кейіпкерлердің образы тек автордың суреттеуімен шектелмей, режиссер әр детальға мән беріп, әр көрініске жан бітірген. Ғабит Мүсіреповтің қаламынан туған, қазақ әдебиетінің інжу-маржаны Ұлпанның жас кезін Рабина Белгібаева сомдаса, есейген шағын - Толқын Нұрбекова алып шықты. Ал, қоюшы режиссер - Мәскеудегі Вахтангов театрының режиссері Гүлназ Балпеисова. Шетелден арнайы шақыртылған маманның өзгеше көзқарасына труппа алғашында қарсы да болыпты.
– Өйткені, сол заманның еншісіндегі дүниені бүгінгімен байланыстыруды қабылдамадық. Бұл актерлар мен көрермен үшін перформанска толы болғанын жасармаймыз. Себебі, спектакль заманауи форматта сахналанды. Мәселен, бетперде киген, ролик тепкен кейіпкерлер, рок бағытындағы әуендер және ерекше декорация. Осының барлығы бір сахнада әдемі үйлесім тапты,-дейді Толқын Нұрбекова. 3,5 сағатқа созылған «Ұлпан» қойылымында қазақ халқының тыныс тіршілігін сипаттайтын жер дауы, жесір дауы, әменгерлік, барымташылық, қыз айттыру, қалың мал беру, жарлы мен жақсының күрес тақырыптары көтерілген. Бұл жолы өзгеше талғам мен көзқарас, ерекше коллаборация, қайталанбас образдар ұштасқан өнер туындысына, «әлемдік сахналарды мойындатын спектакль» деп баға берді көрермен. Қазылар алқысының шешімімен «Үздік актерлік ансамбль» жүлдесімен «Ұлпан» спектаклі марапатталды.
Орталық Азия елдері театрларының IX Халықаралық фестиваліне қатысушы Қырғыз Мемлекеттік «Учур» жастар театры Шыңғыс Айтматовтың «Бетпе-бет» шығармасын сахналады. Шыңғыс Айтматовтың «Бетпе-бет» романыны желісінде қойылған спектакль «бұл біздің соғыс емес» дейтін Сейде мен Исмаил образдары арқылы тарихи оқиғаны жеткізген. Өнердің құдыретіне бас иеген әртістер бұл жолы, асқан тебіреніспен, түрлі эмоцияны бастан кешті. Сахнадағы оқиғалар көрерменнің көзіне жас үйірді. Ашаршылық жылдары, соғыс зұлматы жан-жақтан болған қысымдар өмір сүруді қиындатқан еді. Сатқындық пен махаббат қатар келіп, ұлы сезімді сөндіргісі келмейтін ғашықтардың әрекеті көрермендерді тәнті етті. Фестиваль қорытындысы бойынша «Бетпе-бет» спектаклі «Үздік режиссер» номинациясына ие болса, «Үздік эпизодтық әйел адам бейнесі» жүлдесімен ана рөлі үшін Бақытгүл Асанова марапатталды.
Айта кетейік, «Учур» жастар театры бұған дейін Қазақстанда өткен 2 фестивальге қатысып, жүлделі 1 орынды қанжығасына байлаған. 2001 жылы ашылған бұл театрдың Халықаралық деңгейде өнер көрсетіп жатқан, үшінші қойылымы екен. Шамиль Дыйканбаевтің режиссерлығымен қойылған «Бетпе-бет» спектаклі Қырғыз елінде ең үздік деп бағаланған қойылымдардың бірі.
Әзірбайжан мемлекеттік академиялық музыкалық театры «Киллерден Телеграм» атты драмасын сахналады. Әзірбайжандық өнерпаз қойылымды жалғыз өзі ерекше актерлік шеберлікпен жеткізіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Әзірбайжандық актер Шовги Гусейнов «Киллерден Телеграм» драмасын жалғыз өзі орындап, көрерменге ұмытылмас әсер қалдырды. Гусейновтің әсерлі ойыны көпшілікті толғандырды. Оның шеберлігі мен образды терең сезінуі көрермен тарапынан жоғары бағаланды. Шовги Гусейнов Әзірбайжан Республикасының еңбек сіңірген әртісі спектакльдің халыққа берерін айтып берді.
– Бұл біздің театрдың репертуарындағы алтыншы моно спектакаль. Аталған қойылым Шымкент қаласырдағы екінші премьера болып есептеледі. Қойылым жалпы жалданып адам өлтірушінің өмірі жайлы. Ол тапсырыс берушінің айтқаны екі етпей орындайды. Барлық айтқанына келіседі, бірақ ол өзінің құрбанына ғашық болып қалады. Ал махаббат, барлығын түбегейлі өзгертеді. Онда кейіпкер өзінің сүйіктісін құтқару үшін бұл саладан және өмірмен қоштасуға әрекет жасайды. Кейіпкерді өзгеріске бастайтын махаббат еді. Дәл осы ұлы сезім – адамды қаншалықты өзгертетіні жайлы қойылым,-дейді Шовги Гусейнов.
Түркия мемлекетінің Алания қалалық театры Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» драмасын сахналады. «Спектакльдің қоюшы-режиссері - Дина Жұмабаева. Режиссердің айтуынша, спектакль ерекше форматта жасалынған. Өйткені, кейіпкерлердің қимыл-қозғалысы қуыршақтар арқылы берілген.
– Қарт балықшы Сантьяго 84 күн бойы теңізден құр қол қайтып жүреді. 85-рет қайығына мініп, үміт жетегінде тағы теңізге шығады. Сол күні құрған ауына өмірінде көрмеген аса ірі балық ілінеді. Ол балықты жағаға алып шығу үшін өмірлік бар тәжірибесін іске қосқан қария өз ғұмырына да шолу жасайды. Қойылымның ерекшелігі – актерлар қуыршақтарды пайдаланып, спектакль қойды. Адамдар эмоцияға жақын. Ал, бұл жерде тек қана шал мен теңіз арасындағы байланыс көрсетілуі керек. Сол себепті, актерлер қуыршақтармен бірге ойнады,-дейді Дина Жұмабаева.
Тіршілік иесінің күші сарқылғаны туралы автордың «жасақтың құлаған туы» дейтін көркем детальмен бейнелеуі – шығарма соңының да «жеңіліспен» аяқталатыны туралы оқырманды хабардар етеді. Әрбір детальдар мен штрихтардан автордың кейіпкер психологиясын терең ашуға тырысқанын көруге болады. Ал, бұл қойылымда бас рөлді сомдаған Фират Онур Дениз «Үздік ер адам бейнесі» жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» жүлдесімен Ғабдолла Тукай атындағы Әтнәмемлекеттік татар драма театрының «Қар астындағы қайнар бұлақ» спектакліндегі Әке рөлі үшін Марат Хабибуллин, «Екінші пландағы үздік әйел адам бейнесі» жүлдесімен «Дийдор» мемлекеттік жастар эксперименталды театр-студиясының «Сайқымазақтар ойыны» спектакліндегі Айханролі үшін Севинч Курбонова жеңіп алды.
Сонымен қатар, ТҮРКСОЙ ұйымының кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, доцент, аудармашы, сыншы Кемаль бей Гөз шараға арнайы келіп, Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының алғыс хаттарын төсбелгілерін табыстады. Ал, «Алтын Лашын» статуэткасын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының артисі – Азамат Сатыбалды, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директордың шығармашылық жөніндегі орынбасары, режиссер - Елік Нұрсұлтан, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының артисі – Зарина Кармен, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директордың экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары қаржы жөніндегі орынбасары –Ғани Әлімбаев, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының артисі – Салтанат Бақаева марапатталды.
Шымкент қаласы әкімі Сыздықбеков Ғабит Әбдімәжитұлының арнайы жүлдесімен Әзірбайжан мемлекеттік академиялық музыкалық театры және Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры иеленді.
Фестивальде қазылар алқасы ұсынылған 9 спектакльді тамашалап, мұқият талдап шықты. Нәтижесінде, жоғары кәсіби шеберлік танытып, көрермендердің қошеметіне бөленіп, «Үздік эпизодтық ер рөлі» Базарбай Назарымбетов («Лувр үйрегі» спектакліндегі ақсақал рөлі), «Үздік эпизодтық әйел кейіпкері» аталымын иеленді. Бақытгүл Асановаға («Бетпе-бет» спектакліндегі Ана рөлі), «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» - Марат Хабибуллинге («Бетпе-бет» спектакліндегі Әке рөлі) «Қар астында қайнар чишма» пьесасы), «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» - Севинч Курбонова («Сайқымазақтардың ісі» спектакліндегі Айхан рөлі), «Үздік ер адам рөлі» - Фират Онур Дениз (пьесадағы Қарт рөлі» Қарт пен теңіз»), « «Үздік әйел рөлі» - Мөлдір Зияева («Атжалман ғасыр» спектакліндегі Жанбике рөлі), «Үздік актерлік ансамбль» – «Ұлпан» спектаклі, «Үздік режиссер» – Шәміл Дықанбаев («Бетпе-бет» спектаклі), «Үздік спектакль» — «Лейлі мен Мәжнүн» болды.
Сондай-ақ, фестиваль аясында театр мамандарының шығармашылық әлеуеті мен кәсіби деңгейін арттыру мақсатында шеберлік сабақтары өткізілді. Театр директорының шеберлік сабақтарына суретшілер мен театр режиссерлері қатысты. Вахтангов Е.Б., «Алтын маска» сыйлығының бірнеше дүркін иегері Юрий Бутусов, Т. Жүргенова Айгүл Наремгенова және театртанушы, Өзбекстан Мемлекеттік музыкалық комедия (оперетта) театрының директоры Бури Ганиев.