Жуырда Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында кітап оқу арқылы жетістікке жеткен танымал тұлғаларды үлгі ету мақсатында «Кітап оқу – жетістікке апарар жол» атты кездесу кеші өткізілді.
Кеш қонақтары Тәуелсіз мектептер қауымдастығының төрағасы, мәслихат депутаты Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы және 2 аурухананың бас дәрігері, мәслихат депутаты Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы “Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы” екендігін айтып өтті.
Кеш барысында Шымкент қалалық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі, термеші Тәттімбет Керей және Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының актеры Рахман Байдос Еркінбекұлы өз өнерін ортаға салып, оқырман қауымға керемет көңіл-күй сыйлады.
Кітапханамыздың директоры, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызы келелі кешті қорытындылап, қонақтарға алғысын білдіре отырып, кітапхана атынан сыйға кітап берді.
Кеш модераторы - кітапхана қызметкері,айтыскер ақын Мейіржан Жарылқап болды.
Мәслихат депутаты Мұратәлі Қалмұратовтың қоғамдық жұмыстағы еңбегі ерен деуге болады. Халық қалаулысы болу қоғамдық жұмыс. Осы қызметте депутат көптеген мәселенің шешім табуына ұйытқы болып жүр. Айталық «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Мұратәлі Қалмұратов азаматтарды жеке қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың көпшілігі әлеуметтік тұрғыда көмек сұрады.
Қабылдауға келген бірнеше азамат Самал және Құрсай елдімекендерінен келген. Олар өздерінің табыстарының төмендігінен күн көрістің қиындап кеткенін айтты. Қыс мезгілінің жақындауы коммуналдық қызметтердің бағасын арттырып, азаматтардың шығындарын одан әрі көбейтіп жатқанын атап өтті. Мұратәлі Қалмұратов осы мәселемен тереңірек танысып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға өз қаражаты есебінен бір реттік қаржылай көмек ұсынды.
Сонымен қатар, құқықтық көмек сұраған азаматтар да болды. Күншығыс мөлтекауданының тұрғыны жеке меншік жеріне мемлекеттік акт ала алмай жүргенін айтып, осы мәселеге кедергі келтіріп жатқан адамдар барын мәлімдеді. Депутат бұл жағдайды тыңдап, азаматқа азаматтық сотқа жүгіну бойынша кеңес берді.
Қабылдауға келген азаматтардың ішінде ІІ топ мүгедектігі бар жан да болды. Ол коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктер алуға мүмкіндік сұрады. Осы мәселені шешу үшін депутат Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына телефон арқылы хабарласып, заң аясында тиісті жауап алуға ықпал етті.
Мұратәлі Қалмұратов қабылдауға қатысқан азаматтардың мәселелеріне байланысты жеке сұрақтар бойынша кеңестер беріп, телефон арқылы да құқықтық көмек көрсетіп, олардың мәселелерінің оң шешілуіне барынша қолдау көрсетті.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы партиямыз азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істеп, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың мәселелерін шешуге үлес қосуда. Біз әрқашан халықтың қасында боламыз!» – деп атап өтті депутат.
Өз кезегінде №2 қалалық аурухананың бас дәрігері қалалық мәслихат депутаты Бақытжан Позилов Шымкентте ғылымның оның ішінде, медицина ғылымының қарқынды дамып жатқанын айтты. 2020-2021 жылдардағы пандемияға қарамастан шаһарда ағза алмастыру отасы қарқынды дамыды.
Бүгін баспасөз брифингін өткізген Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов осындай жаңалығымен бөлісті.
– Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасында өткізілген трансплантация хирургиялық тәжірибеде үнемі қолданылып келеді. Сондай-ақ, осы жылы шетелдік әріптестерімізбен бірге туыстық бауыр трансплантациясы бойынша 2 мастер-класс өткіздік. Соңғы жылдары елімізде трансплантология дами бастады. Өздерінің жақындарына донор болған сәтті оталар осыны дәлелдейді. Болашақта Шымкент трансплантация орталығына айналады, – деді ол.
Жалпы Б. Позилов 1980 жылы 05 ақпанда ОҚО, Сайрам ауданы, Бадам 2 елді мекенінде дүниеге келген. 1997 – 2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында “Емдеу ісі”мамандығы бойынша аяқтаған.
2003 – 2004 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында “Травматология” мамандығы бойынша интернатурадан өткен. 2004 – 2007 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқытушы, жастармен жұмыс жүргізу бойынша маман;
2007 – 2018 жылдар аралығында “Дәрігер Орынбаев” медициналық орталығында жедел жәрдем дәрігері, жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, бас дәрігер; 2018 – 2020 жылдар аралығында «Медикер ЮК» ЖШС – де бас директор; 2020 – 2022 жылдар аралығында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып істеді. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін 2022 жылдан бастап «Медикер ЮК» ЖШС – де бас директор қызметін атқарған.
Жалпы еңбек өтілі – 13 жылдан астам. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бірінші санатты дәрігер.
«Әрине, кітап оқудың пайдасы зор екендігінде сөз жоқ. Жақсы кітапты оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейеді, ішкі жан дүниесі байыды, сақтау қабілетін арттырады, ақылдырақ болады дегендей. Ал тағы бір кітап оқудың маңызды жағы...: Кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп, ойлау қабілетін арттырып, өз пікірін еркін жеткізе алады. Оған сөз жоқ өз тәжірибеңде көз жеткізуге болады. Мысалы бір классиктің шығармасын оқысаң-ақ болды, бұрын екі сөздің басын құрамайтын адам, өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жететініне күмән жоқ. Сондай-ақ оқу логикалық ойлауды дамытады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам психологиясын жетік түсіне бастайсың. Көңіл-күйің болмаса да кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уақытша болса да уайымыңды басады. Кітап оқудың тағы бір пайдасы адам ағзасының қартаймауына септігі бар екенін оқымыстылар дәлелдеуде. Урсула Ленз - егде адамдармен жұмыс жасайтын Федеральды біріккен ұйымның қызметкері былай дейді: «Егде адамдар үшін кітап оқу пайдалы екендігіне бірнеше себеп бар. Біріншіден, оқылған сөзді санада бейнеге айналдыру қабілеті когнитивті қызметке жақсы әсер етеді. Екіншіден, оқу ойын жинақтауға көмектеседі. Сондықтан оқудың қартайғанда да белсенді ақыл-ойды сақтап қалуға пайдасы бар екен» деді қонақтар.