Түркістан сарайында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев 10 айдағы мәдениет саласын дамыту қорытындылары туралы есебімен таныстырды.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Алқа отырысында ағымдағы жылдың қорытындысы және алдағы уақытта қойған міндеттері талқыланды.
Басқарма басшысы қаладағы рухани-мәдени өмірдің жаңалықтарымен бөлісті.
Жыл басынан бері басқарманың мемлекеттік және кәсіби мерекелік күндер мен атаулы даталар бойынша өткізілген іс-шаралар барысын кеңінен баяндады. Сонымен бірге мәдениет нысандарын қалпына келтіру жұмыстары бойынша баяндап өтті.
– Мәдениет саласында биылғы жылы көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда қазақ ақыны сықақшы Шона Смаханұлының, балалар жазушысы Б. Соқпақбаевтың 100 жылдығы арналған халықаралық конференция мен мерекелік кеші өткізілді. Сонымен қатар, А. Пушкин атындағы әмбебап кітапханасының 125 жылдығы, көзі көрмейтін және көзі әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының 55 жылдығы, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының 10 жылдығы аясында Халықаралық, республикалық конференциялар ұйымдастырылса Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының 10 жылдық мерейтойы аясында «Дарқан дала дәстүрі мен ойындары» этнофестивалі, Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығы аталып өтті,-деді Бауыржан Орынтаев.
Басқарма басшысының айтуынша қазіргі таңда басқармаға қарасты 22 мәдениет ұйымдары қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызмет көрсетуде. Оның ішінде (7 театр, 6 кітапхана, концерттік-көрме орталығы, «Шымкент концерт» концерттік ұйымы (филармония), Шымкент циркі, мемлекеттік архиві, Шымкент қалалық музейлер бірлестігі, салт-дәстүр орталығы, тіл орталығы, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы мен зоологиялық саябағы) жұмыс жасауда. Ондағы штат саны 2411 құрап отыр.
2024 жылдың 10 айында бюджет қаржысының атқарылуына келсек, биылға жоспарланған жалпы қаржы көлемі 13 586 572,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде, 2024 жылдың 10 айына кассалық шығыстар 9 841 424,2 мың теңгені немесе 100 пайызды құрап отыр. Олар: Жалақы қорына және салық төлемдеріне 5 431 263,3 мың теңге; Коммуналдық шығыстарға 272 014,4 мың теңге;Мекемелерді күтіп ұстау және басқа да шығындарға 217 528,7 мың теңге;Театр қойылымдары мен мәдени көпшілік іс-шаралар өткізуге 136 698,6 мың теңге жұмсалды. Жан басына шаққанда балалар мен жасөспірімдер үйірмелерін қаржыландыру бойынша 2 695 460,1 мың теңге; Ғимараттарды күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 261 586,8 мың теңге жаратылды. Сондай-ақ мекемелерді материалдық-техникалық жарықтандыру және негізгі құралдар мен тауарлар сатып алуға 390 168,2 мың теңге; Өзге де шығындар 390 856,1 мың теңгені құрады.
Баяндамашының мәлімдеуінше Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының 2024 жылы 5 бағыт бойынша 21 нысаналы индикаторлық көрсеткіш бекітілген. Алдымен Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары аясында 5 көрсеткішке тоқталып өтсек:
1. «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың оқырман белсенділігін арттыру. Жобаға сәйкес Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы, «Өлкетану бағыты» және «Нағыз оқитын кез» акциясы бойынша оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында 2024 жылдың 10 айында 1365 іс-шара ұйымдастырылып, 300 798 оқырман қамтылды. Жалпы жылдық жоспар 35% (303 623 оқырман саны) болса, 10 айда орындалуы 24,1% (1 243 900 қаланың халық санына шаққанда).
2. Мәдениет объектілерін салу. 2024 жылға 1 мәдениет нысанын салу жоспарланған. Есепті кезеңде 4 мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары аяқталып, ғимараттың жиһаздармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Мәдениет үйлерінің ғимараты 2 қабаттан тұрады, оның ішінде кітапхана, оқу және спортпен жаттығу залы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санитарлық торап орнатылған.
3.Мәдениет объектілерін жөндеу. 2024 жылға 15 мәдениет объектілерін жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда, «Шымкент қалалық опера және балет театры», «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві», «Шымкент қалалық өзбек драма театры» және «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары мен жылу жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолдануға берілді.
4. Қолдау көрсетілген шығармашылық жобалар саны. 2024 жылдық жоспарда 1 жоба бекітілген. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні аясында, Орталық саябағында «BalaShym» өнер фестиваліне қала көлемінен шығармашыл балалар жиналып,
4 бағыт бойынша өнерлерін көпшілік назарына ұсынылып, қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
5. Тіл саясаты бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру. 2024 жылдық жоспар 91% болып белгіленген, орындалуы 97,8%. 2024 жылғы І жартыжылдықта Шымкент қаласы тұрғындарының қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнамаға 18 жастан жоғары
2000 респондент қамтылып, нәтижелер алынды.
- мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі – 97,8%;
- орыс тілін меңгергендердің үлесі – 87,6 % ;
- ағылшын тілін меңгергендердің үлесі – 24,2%-ті құрады.
Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында
109 топта 1302 азаматтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен курстан өтті.
Сосын Шымкент қаласы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалдыбағдарламасы аясында да біраз жұмыстар тындырылыған. Атап айтқанда:
1) Мәдени - ағартушылық нысандар салу бойынша
2024 жылдың жоспарында 2 мәдени нысан салу жоспарланса, жоғарыда атап өткенімдей, 4 мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2) Мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейтіліп, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуіне жағдай жасалынып, 97,5 пайыздан 100 пайызға арттыру. 2024 жылдың жоспары 98%. Орындалуы 90,2 %. Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында мақсатты индикаторға сәйкес 2024 жылы 1 442 адамды курстан өткізу жоспарланған. 2024 жылдың 10 айы бойынша 1302 азамат курстан өтті, оның ішінде қазақ тілінен - 788, орыс тілінен - 79 адам, ағылшын тілінен - 435 адам.
Өз кезегінде ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы аясында мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 2024 жылдың жоспары бойынша 91% құрау керек болса, бүгінге дейін нақты орындалуы 97,8% көрсетіп отыр.
Қалалық мәдениет басқармасының қызметінің бір тармағы архив саласына тоқталсақ мұнда да айтуға тұрарлық ілкімді істер жетерлік. Атап айтқанда:
1) Архивтік құжаттарды цифрландыру. 2024 жылдық жоспарда 600 000 парақ саны, орындалуы 1717 сақтау бірлігінің 502 742 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілді (жоспар 84% орындалды).
2) Архивтік құжаттар қорын ұлғайту. 2024 жылдық жоспарында 6 150 сақтау бірлігі, орындалуы 5 150. (жоспар 84% орындалды).
«Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары бойынша
2 жинақ шықты. Олар: Шымкент қалалық мемлекеттік архивіндегі жеке тектік құжаттар негізінде «Шымкент қаласының дамуына үлес қосқан әр саладағы үздіктер» және «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектерінің жинақтары.
2024 жылдың 4-6 маусым аралығында Қазақстандағы Өзбекстан архивтерінің күндері ұйымдастырылды. Іс-шара аясында «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Қазақстан және Өзбекстан: екі ел арасында архив саласын дамыту аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Жиын барысында мәдениет басқармасының жұмыстарын саралай келе оған қатысты сындар айтылды. Осыған орай, жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сындардан қорытынды шығару үшін бірнеше тапсырмалар берді.
Зообаққа келушілер саны күрт артқан
Жуырда Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев брифинг беріп, онда 10 айдағы жұмыстары туралы есебін жариялады. Аталған жиынға халықпен бірге қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, шаһардың зиялы қауым өкілдері мен басқармаға қарайтын мекеме жетекшілері де қатысып, брифинг соңында басқарма басшысына түрлі сұрақтар қойды. Есепті кездесуде жыл басынан бері атқарылған жұмыстар талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер сараланды.
Брифингте мәдениет саласының жетекшісі Бауыржан Орынтаев басқарма тарапынан істелініп жатқан жұмыстар туралы баяндап, он ай ішінде саланың қандай жетістіктерге жеткені жайында мәлімдеді. Сонымен бірге сала басшысының айтуынша биылғы жылы бірнеше мәдени нысандарды жөндеп, қалпына келтіру жұмыстары көзделіп, олардың біразы бүгінгі таңда аяқталып үлгерді. Олардың ішінде «Шымкент қалалық опера және балет театры», «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві», «Шымкент қалалық өзбек драма театры» мен «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» бар. Осы аталған ғимараттарға күрделі жөндеу мен жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Өз кезегінде Б.Орынтаевтың мәлімдеуінше басқармаға қарасты мекемелердің 9 негізгі индикаторлық көрсеткіштері бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылды. Тарқатып айтар болсақ 1) Концертке («Шымкент концерт» концеррттік ұйымы» (филармония), Жастар театрына қарасты 5 клуб, 5 мәдениет үйі), циркке келуші көрермендердің саны жылдық жоспарда 102 950 көрермен болса, есепті кезеңде орындалуы 101 427 келуші (оның ішінде ақылы 30 664, ақысыз 70 763), жоспар 98% орындалды.
2) Кітапханаға (6 кітапхана 37 бөлімшесімен) келуші оқырмандар саны жылдық жоспарда 293 265 оқырман болса, 10 айда орындалуы 243 077 оқырман, жоспар 83% орындалды.
3) Театрға келуші көрермендердің саны жылдық жоспарда 246 477 көрермен болса, 10 айда орындалуы 187 760 көрермен (ақылы 84 075, ақысыз 103 685 келушілер), жоспар 76% орындалды.
4) Музейге (Шымкент қалалық музейлер бірлестігі) келушілердің саны жылдық жоспарда 12 050 келуші болса, 10 айда орындалуы 9 810 келуші (ақылы 5 832, ақысыз 3 978), жоспар 81% орындалды.
5) Рухани мәдени мұрасын насихаттау бойынша іс-шараларға келуші көрермендердің (Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы) саны жылдық жоспарда 15 700 келуші болса,
10 айда орындалуы 12 240 келуші (ақылы 3 076 адам, ақысыз 9 164 адам), жоспар 78% орындалды.
6) Зообаққа келушілердің саны жылдық жоспарда
320 923 келуші болса, 10 айда орындалуы 512 092 келуші (ақылы 370 725, ақысыз 141 367) жоспар 159% орындалып отыр.
7) «Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясына» (Шымқала тарихи-мәдени кешені) келушілердің саны жылдық жоспарда 31 264 келуші болса, 10 айда орындалуы
37 040 келуші (ҚР Азаматтары 25 889 адам, шет ел азаматтары 11 151 адам) жоспар 118% орындалды.
8) Көшелерге атау беру. 2024 жылдың жоспары бойынша 60 көше. Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қарашадағы № 5658 қаулысы мен Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 4 қарашадағы № 22/191-VIII бірлескен шешіміне сәйкес қаламыздың 385 құрамдас бөліктеріне жаңа атау берілді.
9) Жобалық Кеңсеге орындалуы бойынша енгізілетін концерттік жобаның саны жылдық жоспарда 27 іс-шара болса, 10 айда орындалуы 26 іс-шара.
Шымкент қаласы әкімдігінің ситуатциялық «iKomek» орталығы бірыңғай тегін 109 нөмірі арқылы және арнайы әлеуметтік желілер көмегімен қала тұрғындарына 24/7 тәртібінде қызмет көрсетеді. Бірыңғай орталыққа мәдениет саласы бойынша 2024 жылдың 10 айында 50 өтініш келіп түскен, барлығына мерзімінде жауап берілген.
Басқармаға қарасты мәдениет ұйымдарының есепті кезеңде атқарған жұмыстары да көңіл көншітерлік. Мәселен ағымдағы жылдың 10 айында 32 ресми, мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, қатысушы саны 40 092 адамды құрады. Атап айтқанда, «Қазына» би ансамблінің құрылғанына 35 жыл «Fashion show by QAZINA» дефилесі, «Армысың, әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасы және гала-концерті, Халықаралық театр күніне орай, «Театр көктем фестивалінің» апталығы, 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі, «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Қала күні», «Астана күні», «Домбыра күні», 15 тамыз Қазақ вальсінің королі композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Әнім сен едің» гала-концерті, 30 тамыз «Конституция күні» және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты мерекелік іс-шарасы, 24 қазан Республика күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Қазақ ақыны сықақшы Шона Смаханұлының, балалар жазушысы Б. Соқпақбаевтың 100 жылдығы арналған халықаралық конференция мен мерекелік кеші өткізілді. Сонымен қатар, А. Пушкин атындағы әмбебап кітапханасының 125 жылдығы, көзі көрмейтін және көзі әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының 55 жылдығы, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының 10 жылдығы аясында Халықаралық, республикалық конференциялар ұйымдастырылса Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының 10 жылдық мерейтойы аясында «Дарқан дала дәстүрі мен ойындары» этнофестивалі, Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығы аясында Орталық Азия елдерінің
ІХ халықаралық театр фестивалі өткізілді. Фестивальға Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзербайжан және Қазақстан театрлары қатысты.
Аталған екі бағыт бойынша жыл соңына дейін Республикалық ақындар айтысы, «Тәуелсіздік күні», Поляк, Ресей, Кеңес компазиторы, Қазақ Кеңес Социалистік Республикалар Одағының халық әртісі Александр Викторович Затаевичке 155 жыл толуына орай еске алу кеші, «Шыршаның басты шамын жағу» және «Жаңа жыл» мерекелік іс-шаралары өткізілетін болады.
Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 181 тарихи-мәдени мұра объектілері есепке алынды. Оның 123 монументті өнер құрылыстары болса, 58-і археологиялық, сәулеттік мәдени мұра нысандары. Аталған нысандардың 7-і республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілсе, 8-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жұмыстарының нәтижесі келесідей болды. 2024 жылға жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру бағдарламасына 20 000 ваучерге 3,941 млрд.теңге бағытталған. Қазіргі таңда 137 өнім беруші, 37 үйірме түрінен (500 үйірме саны) 18 433 ваучермен қамтылып отыр.