А.Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасында «Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыпта Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенттері мен № 37 Х.Фуркат атындағы мектеп оқушылары және М.Әуезов атындағы ОҚУ – нің жастар орталығының «Ақиқат» клуб мүшелері қатысқан дебат сайысы өтті.
Дебатты жүргізген «Ақиқат» клубының мүшелері Оппозиция және Парламент топтары кітап оқудың маңызы туралы пікір алмасты. Кітап оқудың пайдасын айта кете, қоғамдағы кітап оқымайтын жастар туралы да ой қозғады. Мұндай іс – шаралар жастардың кітап оқуына құштарлығын оятып, оқитын ұлттың қалыптасуына ықпал етеді.
"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді біз барлығымыз жақсы білеміз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар, тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Адамдар барлық жинақтаған білімін жаңа ұрпаққа кітап арқылы таратады. Олар әр адамның өміріне енген заңдылық десе болады. Мен сіздерге кітап оқудың біраз пайдасы жөнінде айтып өтпекпін.
Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін-өзі тануға көмектеседі, оны оқу арқылы өткен тарихыңды, болашағыңды біле аласың. Есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адамның жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам психологиясын жетік түсіне бастайсың. Көңіл-күйің болмаса да, кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уайымыңды басады.
Талдауға, сараптауға, пікір қалыптастыруға үйретеді. Ми үшін кітап оқу – бұл да денеге жасалған физикалық жаттығу есебі. Кітап оқу – табыс пен жетістіктің ең басты негізі. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, сөздік қоры көбейе түседі.
Сауаттылық деңгейін арттырады. Қазір кезде керек ақпарат табу үшін аудио, видео, ғаламтор секілді жеңіл жол табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық азайып кетті. Меніңше бала ерте жастан кітаппен дос болса, кітап оқыса болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Мысалы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін жетілдіруінде кітапты көп оқуының арқасында бірнеше тілді меңгерді. Сол секілді кітап оқудың еш, кеші жоқ .Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – саламатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, ой-өрісін дамытуда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап.