Биыл «СӨЗ» Халықаралық әдеби-поэзиялық фестиваль аясында А.Құнанбаев пен А.Пушкиннің сондай-ақ қазақстандық ақын-жазушылардың әдеби шығармаларынан үзінділер, өлеңдерін мәнерлеп оқуға арналған «Әдебиет әлемді біріктіреді» атты қалалық әдеби байқауының үміткерлерді іріктеудің бірінші және екінші кезеңдері өткізілді.
Оған мектеп оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, әртүрлі саладағы маман иелері және әр жастағы көркем әдебиет пен поэзияға жаны құмар, қызығушылық танытқан әрбір жан қатысты. Ең кішкентай үміткер 6 жаста, ең үлкен қатысушының жасы 70 де болды. Байқау Шымкент қаласының тұрғындарын кітап оқу процесіне барынша тарту, оқу белсенділігін арттыру, шығармашылық, интеллектуалды дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған. Жалпы 3 күнде байқауға қатысушылар саны 462 болды, оның ішінде; қазақ тілінде - 256, орыс тілінде - 162, ағылшын тілінде - 39, неміс тілінде - 2 және өзбек тілінде - 3 қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Байқауға қатысушылар категориясы бойынша ; 314 оқушылар, 128 студенттер, 20 тұрғындар қатысты.
Қазылар алқасы құрамына журналист Фариза Құрманбек, ақын Сүндет Сейітов, ОҚМПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Валентин Нарожная, ф.ғ.д,, ОҚМПУ педагогика ғылымдарының кандидаты Калия Киясова, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Татьяна Волкова, ақын, бард-әнші Александр Багметов, А. Пушкин кітапханасының библиография бөлімінің меңгерушісі Аяш Муртазаева, сектор меңгерушісі Зауре Джунусбекова кірді.
Өз кезегінде Халықаралық «СӨЗ» әдеби фестивалі аясында «Әдебиет әлемді біріктіреді» поэзия-проза байқауының II кезеңдегі 462 қатысушының ішінен үздік шыққан 123-ші жүлделі орындарда бақ сынасты. Қатысушылардың орындау шеберліктері тыңдалып, қазылар алқасының бағалау критериллері бойынша өздерінің жоғары деңгейде көрстете білген 15-і іріктеліп алынды. Бас жүлде - 2, І орынға - 3, ІІ орынға - 4, ІІІ орынға - 6 жүлделі орындарға, сондай-ақ 37 қатысушы әр түрлі номинацияларға, 63 қатысушы Дипломдарға белгіленді Қатысушылар саны - 205.
Байқау Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Шымкент қаласы білім басқармасының қолдауымен және А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының ұйымдастырумен өткізілді.
Осы ретте конкурс қорытындысы бойынша кітапханада Халықаралық «СӨЗ» әдеби фетивалі аясында «Әдебиет әлемді біріктіреді» әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шараға қазылар алқасының мүшелері, журналистер, жеңімпаздар мен жетекшілер, ата-аналар, оқырмандар, кітапхана қызметкерлері қатысты.
Байқау нәтижесіне сәйкес бас жүлдені қазақ тілінде Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенттері Ә. Әбдіқадырұлы, М. Медетхан, Ө. Момын және орыс тілінде А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейдің 1 сынып оқушысы А. Романқұл иеленсе, жүлделі I орынды Индустриалды-техникалық колледжінің 2 курс студенті Ә. Абилда, А. Пушкин атындағы №1 мектеп оқушысы А. Пак, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің 2 курс студенті А. Ким бөлісті. Ал жүлделі II орынды №65 мектеп-гимназияның 3 сынып оқушысы А. Мәлік, Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның 4 сынып оқушысы А. Берік, М. Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің 1 курс студенті И. Утешов, Титов атындағы № 20 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушысы М. Волков иеленді. Жүлделі III орынмен Жол-көлік колледжінің 2 курс студенті Д. Базаралыұлы, Саз колледжінің 2 курс студенті М. Баймырза, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің 1 курс студенті Ө. Тұран, Саз колледжінің 1 курс студенті Қ. Жабаев, Д. Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы А. Мусиралиева, М. Мәметова атындағы № 35 мектептің 4 сынып оқушысы А. Құттыбай марапатталды. Байқаудың барлық жеңімпаздарына әр түрлі деңгейдегі дипломдар, номинациялар және сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, байқау үміткерлерін дайындап, білімін шыңдаған мұғалімдер мен жетекшілер Алғыс хаттармен марапатталды.
Байқауды өткізуге демеушілік жасап, қолдау көрсеткен «OTAU GROUP» компаниясы, «Bal Tekstil» фабрикасы, «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығы, Ж.Шанин атындағы театр, қуыршақ театры, әзіл-сықақ және сатира театры, «Шымкент - Цирк» ұжымына кітапхана қызметкерлері алғыс білдірді.