Биыл 70 жылдығын тойлаған Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі 2024 жылы жоспарланған имидждік іс-шаралар барысымен таныстырды. Олар атап айтқанда:
1. Оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатында инновациялық «BOOK CARD» жобасы іске асырылады.
2. Әр аудандардағы кітапхана бөлімшелерінің аулаларында «Кітап оқитын Шымқала» буккроссинг іс-шарасы жалғастырылады.
3. Қаладағы ірі сауда орындарында, демалыс орындарында, мәдениет ошақтарында, саябақтарда «АBAY» дизайнында жасалған сөремен «Кітап керуені» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылады.
4. 2023 жылы сирек кітаптар мен қолжазбалар қорын толықтыру мақсатында «СИРЕК КІТАПТАР СӨРЕСІ» марафоны өткізілуде.
5. Қоғамдық орындарда, аулаларда жаңа кітаптар топтамасымен таныстыру мақсатында «Саяхаттаушы кітаптар» жобасы ұйымдастырылуда.
6. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында әлеуметтік желілер арқылы Бердібек Соқпақбаевтың электрондық форматтағы кітаптарын насихаттау мақсатында «Оқы. Таны. Талқыла» жобасы жүргізілуде.
7. Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абай әлемі» байқауы тұрақты өтеді.
8.«Оқырманмен ойталқы»
9.«Оқырман ойы»
Аталған 9 имидждік іс-шараға 101000-ға жуық қала тұрғыны қатысып, келушілер саны артады, кітапхана қызметін пайдаланады.
Осындай түрлі бағдарламалар, қызметтер арқылы кітапханалар заман талабына сай ақпараттық қызмет көрсететін орталықтарға айналары сөзсіз.
1.Жас оқырмандарды кітап оқуға қызықтыру, ынталандыру мақсатында түрлі деңгейдегі «BOOK CARD» карталары пайдаланылады. Алайда, картаны пайдаланудың өзіндік шарты бар. Бір картадан келесі картаға өту керек. Әрбір карта деңгей ретінде қарастырылған және деңгейі жоғарылаған сайын беретін жеңілдіктері артады. Ең әуелі WHITE CARD (ақ) картасын алуға тиіс, ол үшін кітапхана оқырманы болуы шарт. Ал оқырман тізіміне енудің жолы оңай, жай ғана анкета толтырса жеткілікті. Одан соң
BLUE CARD (көк) картасына өтеді, мұны алу үшін кітапханадан 1 кітапты оқып, әлеуметтік желіде шолу жасап, мекеме парақшасын белгілейді. SILVER CARD –қа жету де қиын емес, күміс картаның иесі де дәл осы жолмен жүріп өтеді, айырмашылығы бұл тұста оқырман 3 кітапты оқып, шолу жасауы керек. GOLD CARD, яғни алтын картаға қол жеткізу үшін енді бір емес, кітапханадан 10 кітап алып, оны да бастапқыда айтқанымыздай шолу жасап әлеуметтік желіге жүктейді. Ең бағалысы - DIAMOND CARD . Гауһар картасын алу үшін 25 кітап алып, кітапхана парақшасын белгілей отырып әлеуметтік желіде шолу жасаған фото немесе видеоларын жүктейді. Оқырманды қызықтырудың бұл тәсілі оң нәтиже көрсете бастады.
2.Әр аудандардағы кітапхана бөлімшелерінің аулаларында «Кітап оқитын Шымқала» буккроссинг көше кітапханалары орнатылды. Бұл – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген кітабын арнайы кітап сөрелеріне қойып кете алады. «Буккроссингтің» басты мақсаты − оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»; оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу.
3.Қаладағы ірі сауда орындарында, демалыс орындарында, мәдениет ошақтарында, саябақтарда «АBAY» дизайнында жасалған сөремен «Кітап керуені» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылады. Мұндағы мақсат - қала тұрғындарын жаңа және бестселлер кітаптармен таныстыру.
4. Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорын толықтыру мақсатында «СИРЕК КІТАПТАР СӨРЕСІ» марафоны ұйымдастырылып, бүгінге дейін жалғасын табуда. 1948 жылы шыққан М.Әуезовтің Абай жолы романының 1 томы, 1961 жылы шыққан Абай шығармаларының бір томдық толық жинағы, 1962 жылы шыққан Б.Момышұлының «За нами москва» кітабы өзінің қолтаңбасымен, 1953 жылы шыққан Н.А. Машкиннің «Ертедегі Рим Тарихы», 1962 жылы шыққан «Мың бір түн» кітабының төртінші томы, 1949 жылы шыққан А.С. Макаренконың «Педагогические произведения» т.б. құнды кітаптар жинақталуда.
5.«Саяхаттаушы кітаптар» жобасы
Қоғамдық орындарда, аулаларда жаңа кітаптар топтамасымен таныстыру мақсатында «Саяхаттаушы кітаптар» іс-шарасы ұйымдастырылуда. Нәтижесінде кітапхана оқырмандарының саны артуда.
6.«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында әлеуметтік желілер арқылы Бердібек Соқпақбаевтың электрондық форматтағы кітаптарын насихаттау мақсатында «Оқы. Таны. Талқыла» жобасы жүргізілуде. Модернизациядан өткен №1, №10 бөлімшелердің ауласына «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясында «Мәдениеттің мәйегі - кітап», «Оқы.Таны.Талқыла» тақырыбында QR-сканер кітаптар бейнеленген орындықтар қойылды. Бұл арқылы оқырман кітапханаға келмей-ақ, демалыс күндері тынығып отырып, ұялы телефонына ұнаған кітаптарын жүктеп оқи алады. Нәтижесінде «Telegram» каналы арқылы 8 685 адам оқыған.
7.«Абай әлемі» 2023 жыл
Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау, көркем әдебиетті, поэзияны сүйіп оқитын қала тұрғындарын ынталандыру, кітапхана оқырмандарының санын арттыру мақсатында ақынның туған күніне орай «Абай әлемі» байқауы тұрақты түрде өтеді. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Әлеуметтік желіде жарияланған байқауға 2023 жылы 150-ге жуық адам қатысып, 20 қатысушы ІІ кезеңге өткен, бас жүлдені Мақсат Айтжанов иеленді.
«Абай әлемі» 2024 жыл
2024 жылы қатысушылар саны 224. Байқаудың шарты бойынша көп қаралым жинап ІІ кезеңге өткен 31 қатысушы өзара сынға түсті. Бас жүлдені 18 жасқа дейін Керімбай Анеля Тұрарқызы (Планшет), 18 жастан жоғары ғалым Әзімхан Исабек («Apple ІPhone» ұялы телефоны) жеңіп алды.
Іс-шара Ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Мерекеге қаланың шығармашыл зиялы қауымы, ақын-жазушылар, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы, «INKAI» бірлескен кәсіпорны, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі, көпшілік оқырмандар қатысты.
8.«Оқырманмен ойталқы»
Әлеуметтік желі парақшаларында Абай атындағы орталық кітапхананың 70 жылдық мерейтойын тойлау, кітапхананың жеткен жетістіктерін атап өту, кітапханаларды дамыту, пайдалы білім мен сапалы ақпараттарды жеткізу, тікелей эфир арқылы халық қалаулылары, билік басындағы адамдармен сұхбаттасып, кітапхана туралы көзқарасы мен пікірлерін оқырмандармен бөлісу мақсатында «Оқырманмен ойталқы» жобасы ұйымдастырылып отыр. Бүгінге дейін тікелей эфирде «Оңтүстікфильм» компаниясының директоры, «САҚ» киностудиясының режиссер-сценарисі Батырхан Дауренбеков, Шымкент қаласының мәлихат депутаты, Amanat партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары, «Уақыт» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Талғат Балтабаев, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, «Қаратау» өнер мектебінің директоры, айтыскер ақын, ҚР президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Біржан Байтуов, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты «AMANAT» партиясының мүшесі Имашев Қайрат Есенбекұлы т.с.с. елге танымал азаматар, қоғам белсенділері қонақ болды.
«Оқырман ойы» клубы айына бір жиналады. Оқырманға арнайы бір кітап таңдалып беріледі. Клуб мүшелері сол кітапты оқып, кейінгі кездесуде талқылайды. Атап айтқанда: Бразилия жазушысы Пауло Коэльоның «Алхимик» кітабын, шығыстанушы, логотерапевт Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабы, тағы сол сияқты оқырмандарды қызықтыратын кітаптар талқыланды. Басты міндет – кітапсүйер қауымның қатарын арттыру.