Шымқаладағы Абай кітапханасы шаһарымыздағы ең үлкен кітапханалардың бірі боп саналады. Мұнда күн сайын адамдар келіп кітап алып жатады. Оқу залы қашан барсаңыз да оқырмандар бос емес.
Студенттер үлкен жастағы азаматтар залда кітап оқып отырады. Кітапты жаздырып алып кететін бөлімде де қай кез болсын кезектен адам үзілмейді. Бұл деген сөз электронды заман болса да тасқа басылған кітапқа адам әлі де қызығады, әлі де кітапты іздейді. Осы Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі биыл 70 жылдығын тойлап жатыр екен. Өткен ғасырдың орта тұсында ашылған мәдениет ошағы жарты ғасырдан астам уақыт ішінде адамзатқа рухани қызметін әбден сіңіріп үлгерді. 1947 жылы теміржол клубының ғимаратына қала тұрғындарынан көптеген кітаптар жиналып, 1951 жылы клубтан Чапаевка поселкасына көшірілген. Шымкент қаласы орталық кітапханасының негізі 1954 жылы қаланған.
Қалалық орталық кітапхана 1964 жылдан Б.Момышұлы көшесіндегі 20 үйдің 1-ші қабатында орналасқан.
1954-1976 жылдардағы аралықта кітапханалар өз бетінше қызмет атқаратын мекемелер ретінде жұмыс істеді.
1976 жылы Шымкент қаласында ересектер мен балаларға қызмет көрсететін 2 орталықтандырылған жеке-жеке кітапханалар жүйесі құрылды. Еңбекшілер депутаттарының Шымкент қалалық Советі Атқару комитетінің төрағасы В.Николаевтың 1976 жылғы 13 шілдедегі №458 шешімімен №9 және №5 орталық кітапханаларға қала тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетуімен және өзге кітапханаларға басшылық жасау тапсырылды.
Еңбекшілер депутаттарының Шымкент қалалық Советі Атқару комитетінің төрағасы Д.Б.Тыныбаевтың 1965 жылғы 12 ақпандағы №34 шешімімен №2 қалалық көпшілік кітапханаға жазушы-классик А.П.Чеховтың аты және №9 қалалық көпшілік кітапханаға жазушы-публицист М.Горькийдің аты берілді.
1994 жылға дейін Шымкент қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 30 кітапхана бөлімшесі қызмет көрсетті. 1994 жылы Қайтпас, Киров т.б. мөлтекаудандағы кітапхана бөлімшелері қысқарып, 19 кітапхана бөлімшесі қалды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2003 жылдың 9 маусымындағы №283 қаулысы бойынша қалалық кітапханалар Шымкент қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі болып бекітілді. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 19 кітапхана – ересектер тобына, 10 кітапхана – балаларға кітапханалық қызмет көрсетті.
Қалалық орталық кітапхана көп жылдар бойы 1965 жылдан А.М.Горький атында болды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы №200 қаулысы бойынша Шымкент қаласының А.М.Горький атындағы қалалық орталық кітапханасына ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімі берілді.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы №711 қаулысына сәйкес «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ «Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» ММ «Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханаларының жүйесі» ММ болып екіге бөлінді.
2013 жылы Төлеби ауданынан 2, Сайрам ауданынан 3 кітапхана бөлімшесі қосылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі №290 қаулысына сәйкес «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып бекітілді.
Жүйенің атқаратын қызметі
Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты Абай атындағы қалалық орталық кітапхана, 23 – кітапхана бөлімшелері қала тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетеді. Абай атындағы қалалық орталық кітапхана қалалық кітапханалардың әкімшілік және әдістемелік орталығы болып саналады.
Кітапхана құрылымында өзіндік ерекшеліктері бар, тығыз байланыста жұмыс атқаратын 5 бөлім жұмыс істейді.
1.Әдістемелік ұйымдастыру бөлімі
2.Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі
3.Ақпараттық -библиографиялық бөлім
4.Кітап қорын пайдалану және сақтау бөлімі
5.Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Абай кітапханасы мен 4 кітапхана бөлімшесіне 2021 жылы, 2 кітапхана бөлімшесіне 2022 жылы модернизация жұмыстары жүргізілді.
Модернизациядан өткен №1,10 кітапханалардың ауласына «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясында «Мәдениеттің мәйегі - кітап», «Оқы.Таны.Талқыла» тақырыбында QR-сканер кітаптар бейнеленген орындықтар қойылды. Бұл арқылы оқырман кітапханаға келмей-ақ, демалыс күндері тынығып отырып, ұялы телефонына ұнаған кітаптарын жүктеп оқи алады. Нәтижесінде «Telegram» каналы арқылы 1685 адам оқыған.
Жалпы штат саны 104, оның ішінде кітапханашы қызметкерлері 81, әкімшілік, шаруашылық қызметкерлер саны 23 құрайды. 2024 жылдың жоспары бойынша оқырмандардың саны -103940, кітапханаға келушілер саны - 580 000, кітап берілімі - 1 460 000 дана, іс-шаралар 440.
2024 жылы 10 айда оқырмандардың саны 84 687 адам, келушілер саны 478 781 адам, кітап берілімі 1 209 326 дана, өткізілген іс-шаралар саны 38.
Жалпы кітап қоры -554 116 дана. Оның ішінде: мемлекеттік тілдегі кітаптар - 179 421 дана.