Ханбибінің шығармашылық әлемі

Абай атындағы орталық кітапхананың  ұйымдастыруымен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының мәжіліс залында Халықаралық «Алаш»  әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңір¬ген қызметкері, ақын Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдығына арналған кездесу кеші өтті.

Screenshot_21.jpg

Кешті «OŃTÚSTIK» телеарнасының   журналисі Фариза Құрманбек жүргізді. Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Оңдасынова Мөлдір Убайдуллақызы мен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы ашты.  

Жиынға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Жазушылар одақтарының мүшесі, ақын Бөрібай Оразымбет, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, фантаст жазушы Сарманбай Исақ, ф.ғ.к, ақын Анар Жаппарқұлова, ақын Клара Лаханқызы, жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының «Жас қаламгер» клубының жетекшісі,  ақын Марғуба Мұхтарқызы, «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің ғылыми қызметкері  Тулеева Нұрсұлу   Марқабақызы, қала кітапханаларының басшылары мен қызметкерлері, көпшілік оқырмандар  қатысты. Жастар ақынның өлеңдерін оқыды. Саз колледжінің студенттері арнау орындап,  «Шымкент қалалық мәдениет үйі»  концерттік  ұйымының әншілері ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады.

Іс-шарада кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның жүрегінен шыққан жырлары, прозалары, естеліктері мен аудар¬ма¬лары, жалпы толық шығармалар жинағын қамтыған 10 томдық жинағы мен Алаш¬тықтардың ама¬натын арқа¬лаған «Ақ жол» көптом¬ды¬ғынан инсталляция жасалды.

«Іштегі өлең сыртқа шығар кезде, жан дүниемде арпалыс, тайталас болатындығы рас. Ішімде бірнеше адам отырған сияқты, әрқайсысы әртүрлі жол көрсетеді. Бұл арпалыс жас кезімнен қаныма әбден сіңіп қалған қасиет. Әлі буыны беки қоймаған жырларым аяусыз сынға ұшырап, қалам ұстамай кетуге шақ қалдым. Сынайтын сыншым – қатал әкем еді. Өзі де өлең жазған болуы керек, менің 5-6 жасымда, үйден бір сандық қағаз алып шығып өртегені есімде. Көзіммен көрген оттың жалыны мен қуаттылығы соншалықты, аппақ қанаттарымен айға қарай ұшып бара жатқандай әсер қалдырған. Әкемнің «Абай болмаған соң, өлең жазуды қою керек!» деген өксікке толы үні әлі құлағымда. О кісі әу бастан өлең жазуыма қарсылық білдірді. Ол сынауын қоймады, мен жазуымды қоймадым. Өлең деген зат киелі әрі жолы ауыр, тағдыры күрделі, мылтықсыз майдан екендігін жасымнан есіме салғандықтан, арпалыссыз, арбасусыз өлең жазу мүмкін емесін ұқтым. Жақсы өлең – жаныңды жеп, қаныңды ішіп келмей ме, дүниеге? Осыны байқап, біз жайлы жоғарыда сен айтқан жазбасында «бүкіл өлеңдерін қарасаңыз, арбасып жатқан, теке-тіресіп жатқан, бірін-бірі ала алмай, алағай да бұлағай, аласапыран тұстардың барлығын жүрегінен өткізіп, соның ішінде арпалысып өзі де жүретін, сондай құдіретті, қарулы, қайратты, жігерлі, намысты ақын!» деген Темірхан досымның қиялының бармайтыны, көрмейтіні жоқ-ау, сірә!» деп бір кездері еліміздегі басылымның біріне сұхбат берген Ханбибі Есенқарақызы оқырмандармен кездесу ұйымдастырған кітапхана ұжымына ризашылық білдіріп, алдағы уақытта да өлеңсүйер қауыммен қауышатын күндер болатынына үлкен сенім білдірді.  

Айта кету керек, әдебиетпортал сайтының мәліметінше Есенқарақызы Ханбибі 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында туған. Еңбек жолын туған жерінде ұстаз болып бастады. Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін 1972 жылы сырттай тамамдаған. Институтта оқып жүріп Макаренко атындағы мектепте мұғалім, 196872 жылдары Сарыағаш аудандық «Қызыл ту», «Красное знамя» газеттерінде әдеби қызметкер, 197380 жылдары облыстық халық шығармашылығы орталығында бас маман болып қызмет атқарған. 1987 жылы облыстық «Қайырымдылық және денсаулық қорын», 1989 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын басқарған. Бұл салада ол мемлекеттік тілдің кең ауқымда өмірге енуіне ат салысып, «Тіл туралы» заңның жобасын жасауға қатысады. 

2003 жылдан облыстық саяси қуғынсүргін құрбандары мұражайының директоры. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. 11 кітаптың авторы. Өлеңдері орыс, украин, өзбек, якут тілдеріне аударылды. Әнге айналған «Алтынай», «Нүрикамал», «Қадиша», «Дос іздедім», «Көңілгүл», «Махаббатөмірлері» халық арасына кеңінен таралды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің және облыстық мәслихатының, Ақмола облысы, Астана, Шымкент қалалық әкімдерінің алғыс хатына ие болды. М.Әуезов бейнесі бар ЮНЕСКО, «Астана қаласына 10 жыл», Түркістанның 1500 жылдығына, Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған және Гумилев атындағы Еуразия университеті медальдарымен марапатталған. Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденімен (2008) марапатталды. «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» атағына ие болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқыма тоқудың пайдасы мол
  • «Молда Мұсаның әдеби мұрасы»
  • Көрерменге ой салған «Ақ кеме» премьерасы
  • Көксерек әңгімесін талқылады
  • «Бір қала - бір кітап»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер