№3 кітапхана бөлімшесі «Азимед» медициналық колледж студенттерінің қатысуымен қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Тарих толқынының куәсі» атты тарихи сағат өткізді.
Ораз Қиқымұлының тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азиялық аймақта атағы кеңінен белгілі болған.
Ол 1899 жылы 20 ақпанда Қаскелең қаласы, қазіргі Жандосов ауылында дүниеге келген. 1918 жылы Верный ерлер гимназиясын бітіріп, революциялық жұмысқа қатысты. Жетісу совдепінің нұсқаушысы болып, жергілікті жерде Кеңес үкіметін нығайтуға атсалысады.
1921-1923 жылдары Түркiстан КП ОК-iнiң үгiт-насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi және БК(б)П Қазақ өлкелiк комитетiнiң екiншi хатшысы болды. 1923-1924 жылдары Мәскеудегi К.Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясында оқыды. 1924-1928 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелiк комитетi үгiт-насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi қызметiн атқарды. Осы кезеңде «Еңбекшi қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетiне басшылық жасаған.
1928-1937 жылдары Қазақ АКСР ағарту халкомы қызметін атқарады. Халық комиссары болып жүрген шағында орасан істер атқарған О.Жандосовтың тікелей ұйымдастыруымен елімізде педагогикалық, ауылшаруашылық және ветеринарлық институттармен қатар орта білім беретін бірнеше мекеме ашылды.
Бұл кезеңде Ораз Қиқымұлы қазақ ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) директорлығымен қатар республикалық кiтапхананың директоры болды, Алматы облысындағы Кеген аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы, Алматы облыстық атқару комитетiнiң төрағасы қызметтерiн атқарды. Ұлтаралық қатынасты реттеуге көп еңбек сiңiрдi.
Ораз Жандосов саяси қызметтерде жүріп, қазақ баласының ғылым мен білімге қол жетуі үшін жанын салып, қазақ ауылдарының көркеюі үшін аянбай тер төкті. Орталық биліктен қазақ елінің өз экономикасы болу керек деген идеяны ұстанған ол – жер-су реформасын әзірлеп, халықтың оны тиімді мөлшерде пайдалануына мүмкіндік туғызған, өзінің артында үлкен рухани мұра қалдырған бірегей тұлға.
Отызыншы жылдардың басында орын алған ұлы жұт кезінде де О.Жандосовтың тікелей араласуымен Орталық Қазақстанның біраз жеріне астық егіліп, жергілікті халықтың нанға қолы жеткені тарихтан белгілі.
1937 жылы тамызда партия қатарынан шығарылды да, жалған саяси айыппен тұтқындалды. 1938 жылы наурызда ату жазасына кесілді. 1957 жылы сегізінші маусымда ақталды. Республикамызда оның есімі көптеген елді мекендерге беріліп, Алматы қаласында бір көше Жандосовтың атымен аталып, ескерткіш қойылған.
Қысқа өмірінде ол қандай қызметте болмасын қоғам, халық, ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек етті. Оның өмір жолы, айнымас ұстанымы – бүгінгі ұрпақ үшін зор үлгі және өнеге.
1918 жылы небәрі жеткеншек 18 жасар кезінде О.Жандосов Қазақстандағы іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізілсін деген бастама көтеріп ,қазақ тілінің төменге сусып бара жатқанын ескеріп мәселе көтерді.Ал 22 жасында “Верный” қаласының атауын “Алматы”етіп өзгерту жөніндегі бұйрыққа қол қойып,үкім шығарды.Ауыл жастарының білімге деген құлшынысын көтеру үшін қазақ ауылдарында мектептердің жұмыс істеуін қатаң бақылауда ұстады.Тек білім саласында ғана емес мәдениет жағынанда “Қосшы” ұйымын құрып ,шаруашылықтың дамуына үлес қосты.”Садақ” саталитарлық журнал қызметкерлерімен байланыса отырып ,сол замандағы алдамшы көсемдермен өтірік қой терісін жамылған молдаларды әшкерелейтін мазақ суреттер салып жариялап отырған.Осылайша Ораз Жандосовтың суретке икемі бар екенін байқай аламыз.
Ораз Жандосов 1917 жылдың соңына қарай “Көмек” кейіннен “Ұшқын”атты “Қазіргі Жетісу “ газетін шығаруға бастама көтеріп ,”Көмек”газетінің редакторы болды. 1924 жылдың сәуір айында Ораз Жандосов Қазақстан өлкелік партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі қызметіне келді. 1927 жылдың желтоқсанында Қазақстан халық ағарту комиссариатының басшылығына ауыстырылады. 1931 жылы Қазақстан халық концтовар кеңесіне хат жазып, Қазақстанда республикалық мемлекеттік кітапхананың, қазіргі Ұлттық кітапхананың ашылуына мұрындық болған.
КОКП-ның 12-, 14-съездерінің және КСРО Кеңестерінің 2-, 7-, 8-съездерінің делегаты, 1920 — 1925 жылы БК(б)П Түркістан КП ОК-нің мүшесі және бюро мүшесі, Түркістан ОАК төралқасының және БОАК-нің мүшесі, Қазақ ОАК және оның төралқасының мүшесі, Қазақстан өлкетану қоғамы басқармасының төрағасы болды. 1937 жылы тамызда партиядан шығарылады
« Ораз Жандосовқа тағылған айыпты анықтау тәуелсіздік алам дегенге дейін құпияға толы мәлімет болды.Жалпы қай күні , қай жерде ,қандай айыппен атылғаны тек еліміз тәуелсіздік алғанннан кейін ғана белгілі болған жайы бар . О.Жандосовқа Кеңес өкіметінің жауы,құлату үшін іс-әрекеттер жасап жатыр ,бәржуазиялық өкімет орнату мақсатында ұлтшыл контрреволюциялық ұйымның мүшесі болды және жапон тыншысы жане тағыда басқа айыптар тағылды.Осы жаламен Қазақстанда алғаш тұтқындалған және алғаш атылғандардың бірі болған деседі.Деректерге сүйенсек,1938 жылдың 3 наурызында Алматыдағы НКВД түрмесінің жер асты қабаты яғни,подвалында атылып ,Іле ауданындағы Жаңалық ауылының жанындағы терең жыраға көмілгендігі белгілі болды(Оразтанушы Ерғали Ахметтің еңбегінен алынған).Қазақ ақыны Кенен Әзірбаев тұтқынға алынған Жандосовпен қоштасқан сәті туралы “Оразжан”әнін шығарған .
Оразжан
Оразжан, серкесі едің Жетісудың,
Жасыңнан талаптанып оқу қудың.
Қош-аман бол, Оразжан.
Ер ағаң алдыңдағы Тоқаш елің.
Екеуің Жұбанышпен егіз тудың.
Қош-аман бол, Оразжан.
Биіктеп самолетпен аспанға ұштың,
Міне, енді арбаменен Ташкен көштің.
Қош-аман бол, Оразжан.
Қорытындалай келсек,Ораз Қиқымұлы Жандосов елім,жерім деп аянбай еңбек еткен нағыз патриот ,батыр жан.Даңқты ,атақты тұлғаға жабылған жала 1956 жылдың көктемінде өз күшін жойған.Қазағым деп аспанға барып ,жарық жұлдызға айналған Ораздың есімін танып,біліп,өзгелер кім деп сұрағанда мақтанышпен кеудемізді керіп тұрып,тақылдап әрбір еңбегін жіктеп беруіміз керек деп ойлаймыз» деді іс-шараны ұйымдастырушылар.