№11 кітапхана бөлімшесі «Сурет» үйірмесі оқушылары және суретші ұстаз Қамаш Жанеркенің қатысуымен қазақтың атақты суретшісі Құлахмет Қожықовтың туғанына 110 жыл толуына орай «Сиқырлы бояудың сыры» атты әдеби кеш өткізіп, кітап көрмесімен таныстырды.
Құлахмет Қожықов қазақтың тұңғыш театр суретшісі, график, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966), 1934-36 жылы Ленинградтың М.Горький атындағы Үлкен театры жанындағы көркемсурет студиясында оқыды. 1932-1934 жылдары Қазақтың драма театрында, 1943-50 жылдары "Қазақфильмде" суретші болды. 1950-1955 жылдары "Жазушы" баспасында бас суретші. 1970—1973 жылдары Қолөнері мұражайының директоры қызметін атқарды. 1958 жылы ғылыми көпшілік "Қазақ қолөнер шеберлері" фильмін қойды. Көптеген спектакль (Әуезовтің "Еңлік-Кебегі", Майлиннің "Талтаңбайдың тәртібі", Шекспирдің "Отеллосы" т.б.), опера (Жұбанов пен Хамидидің "Абайы") мен фильмдердің ("Жамбыл", "Біз Жетісуданбыз". "Атамекен") декорация эскизі мен киім-кешек үлгілерін жасады. Кітап көркемдеу ісімен шұғылданды.
Тума талант Құлахмет Қожы¬қовтың артына қалдырған мұра¬сы алуан қырлы әрі өте бай. Шы¬¬ғармашылық жолын 1932 жы¬¬¬лы қазақ драма театрында су¬ретші-безендіруші болып бас¬тағанда ол небәрі он сегіз жас¬та екен. Тырнақалды жұмысы – «Еңлік-Кебек» спектаклі. 1933 жылдың мамыр айында сахнаға шыққан осы қойылымның декорациясы жас суретшінің шы¬ғармашылық қуат-қарымы мен мүмкіндігін айқындаған алғаш¬қы белесі еді. Ол 1934–1936 жыл¬дары Ленинградтың М.Горь¬кий атын¬дағы Үлкен драма теат¬рын¬да тәжірибе жинақтап, Бүкіл¬ресейлік көркемөнер академиясы жанындағы театр суретшілері студиясында оқыды. Ал Қызыл Армия қатарындағы міндетін өт嬬геннен кейін, Алматыға қа鬬¬тып оралып, туған театр қа¬быр¬ғасында еңбек етті. Бұл жыл¬да¬ры ол ұлттық және клас¬сика¬лық тұрғыдағы жиырма шақ¬ты спектакльді безендірді. Оның ішінде С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ш.Құсайынов, тағы басқа бел¬гілі жа¬зушы-драматургтердің пье¬са¬лары бар. Ұлы Отан соғысы бас¬талғанда өз еркімен майданға ат¬танған еді. Алайда республика өкіметінің шақыруымен тез арада кері оралып, Мәскеуден Алматыға көшірілген Орталық біріккен киностудияда (ЦОСК) киносуретшілік кәсібін бастады. Мұнда С.Эйзенштейн, Г.Ро¬шаль, М.Левин сияқты кеңес¬тік кино шеберлерімен қоян-қол¬тық еңбек етіп, олардан осы өнер¬дің қыр-сырына қанығады. Шы¬ғыс тұрмысының білгірі бол¬ған Құлахмет атақты Сергей Эйзен¬штейннің «Иван Грозный» фильміне кеңесшілік жасайды. Әйгілі режиссер Григорий Рошаль түсірген «Абай әні» фильмін, өзге де алғашқы қазақ киноларын жа¬сауға тікелей атсалысады.
Бұдан соң қоюшы-суретші өз қызметін деректі және көркем фильмдер киностудиясында, ке¬йіннен «Қазақфильмде» жал¬ғастырып, қазақ киносын аяққа қоюда Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықов, Мәжит Бегалин, Аб¬долла Қарсақбаев, Шәріп Бейсем¬баев тәрізді режиссерлермен тізе қоса жұмыс істеді. Қазақ кине¬матографиясының алтын қорына енген «Біз Жетісуданбыз», «Ме¬нің атым Қожа», «Алдар Көсе», «Атамекен», «Гауһартас» және тағы басқа фильмдердің дүниеге келуінде оның үлкен үлесі бар.
Құлахмет Қожықовтың шы¬ғар¬машылық дарыны тек театр мен кино саласында ғана емес, бей¬нелеу өнерінде де жарқырай кө¬рінді. Ол төлтума график, та¬лант¬ты кітап безендіруші де еді. Сызба суреттің бесаспап ше¬бе¬-рінің қаламынан қазақтың тұр¬мыс¬¬-салтын, Абай поэзиясын, қବзақ эпосы мен әлемдік клас¬си¬ка¬лық әдебиет тақырыбын бейне¬лейтін тамаша ксилогравюралар туды.
Құлахмет Қожықов – ұлттық салт-дәстүрдің табиғаты мен шы¬найы болмысын тереңінен се¬зі¬ніп, түйсінген шебер суреткер еді. Тарихи тақырыптарды арқау еткен суреттері (мәселен, «Ақ¬табан шұбырынды» топтамасы) заман тынысын терең де дәл бейнелеуімен ерекшеленеді. Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Тарас Шевченко, Мұхтар Әуе¬зов шығармаларының, қазақ дас¬тан¬дарының («Қобыланды батыр», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын») желісін негіз еткен иллюстрация¬лары, театр спектакльдеріне («Ең¬лік-Кебек», «Абай», «Арқа¬лық батыр», «Октябрь үшін», «Шан¬¬шарлар», тағы басқа), ки¬нфильм¬дерге («Жамбыл» (1-ші нұсқасы), «Абай әндері», «Ал¬мастан да қат¬ты», «Менің атым Қожа», «Алдар көсе», «Ата¬ме¬кен», «Гауһартас») жасаған эскиз¬дері – халық мәде-ниеті мен тарихын жан-жақты, терең білуі¬нің нәтижесінде сәтті шыққан дүниелер.
Құлахметтің білімі мен білігі, суреткерлік шеберлігі алғашқы қоюшы-суретшісі болған кең форматты «Қыз Жібек» фильмі үшін салған кескіндемелерінен де айқын көрініс береді. Ол әкесі Қоңырқожа мен анасы Ләтипадан құлағына құйып өскен қазақ фольклоры мен эпостары, әсіресе «Қыз Жібек» жыры туралы әңгімелер желісінде 50-жылдары бірнеше иллюстрация салады. Кейіннен бұл тақырыпты кинофильм¬ге жа¬саған эскиздері арқылы да¬мы¬тып, байытты. Көшпелі ха¬лық тұрмысының тынысын бейне¬лейтін эскиздері, атап айтқанда, Сырлыбай мен Базарбай хан¬дар¬дың киіз үйлері, Жібектің көші, Қыз Жібек пен Төлегеннің неке¬лесу көрінісі, ханның көші панорамасы, тағы басқа иллюстрация¬лары суретшінің этнография¬лық білімінің молдығы мен жаңବ¬шыл ізденістерін байқатты. Шын¬ды¬¬¬¬¬ғына келгенде, «Қыз Жібек» филь¬¬¬мін түсіруді алғаш ойға алған Құ¬лахмет Қожықов екенін айта кет¬кен ләзім.
Қазақ өнерінің бағына Қожахмет, Құлахмет, Нұрахмет, Сұлтанахмет сынды төрт бірдей тарланды сыйлаған Қожықовтар династиясы – мың әулеттің басына таңдап барып қонатын тағдырдың сирек сыйы. Олардың әрқайсысы өнер өлкесінің биік шыңын бағындырған, өзі еңбек еткен салада қолтаңбасы қалған, қазақ мәдениетінің төрінен орын белгілеген белгілі тұлғалар.
Әулетбасы, талантты ұлдардың әкесі Қоңыр¬қожа Қожықов (1880-1938) XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы көрнекті қа¬зақ интеллектуалдарының бірі, бірнеше тілді еркін меңгерген педагог-реформатор, «Алаш» қозға¬лысының мүшесі, мәдениет тарихын зерттеуші ғалым, көрнекті қоғам және саяси қайраткер. Ал аналары Ләтипа Мұңайтпасқызы Лапина (1893-1960) алғашқы театр өнері суретшілерінің бірі, сахна декораторы, халық шебері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі болған. Сән және қолданбалы өнер шебері Ләтипа Мұңайтпасқызы, негізінен, театр костюмдерін тігумен айналысқан.