«Теңге – мемлекет келбеті»

№2 кітапхана бөлімшесі мен С.Рахымов атындағы әскери колледжімен бірлесіп 15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай «Теңге – мемлекет келбеті» атты дөңгелек үстел өткізді.

Screenshot_29.jpg

Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Респуб¬ликасы¬ның ұлттық вବлю¬¬та¬сын енгізу туралы» Заңынан бастау алады. Арада үш күн¬ өткенде, 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда-сат¬тық жасау құралы ретінде төл теңге қол¬да-нысқа енді.

Ескі үлгідегі ақ¬¬ша¬лар¬ды Қазақстанның жаңа теңгесіне айыр¬бастау 20 қараша күні аяқталды. Айналымнан жалпы сомасы 950 миллиард рубль алынып тасталды. Ұлттық валюта ұлттық экономикамыздың іргетасын қалауға ықпал етті.

Халықаралық мамандар¬дың пікірінше, теңге ТМД аумағындағы тұрақты валюталар қатарында. Негізі ұлттық валютаның дайындалуы аса құпия түрде болған. Алғашқыда 70 жылдан астам пайдаланып келген кеңестік ақша – рубльді қолдана бермек болғанбыз.  Бірақ Ресей 15 одақтас республикалардың әрқайсысының өз ақшасы болсын деген¬ талап қойды.

1991 жылы теңге дизайнын әзiрлейтiн мамандар тобы құрылды. Осы топқа кiрген Тимур Сүлейменов, Меңдiбай Әлi, Досбол Қасымов, Ағымсалы Дүзелханов пен Хайролла Ғабжәлел ұлттық валюта дизайнын әзiрлеуге кiрiстi. Ал тиынның дизайнын жасау Айрат Исмамбетов пен Виктор Ивженкоға тапсырылды.

Алғашқы тең¬г嬬нi «Harrison&sons» компаниясы Англияда басып шығарды. Қазақтардың төл теңге¬ні қағазға ба¬сып беру тура¬лы тапсырысы¬ компа-нияның әлем¬дік¬ дең¬гейде атын шы¬ғаруға себеп болды. Теңгенің арқа¬сын¬да аталмыш компания Ұлыбритания ханымының Алтын белгісімен марапатталып, біздің ұлттық валютамыз Британия корольдігінің ең үздік экспорттық өнімі аталды.

Жер шарына атын шығарған теңгеге құрмет ретінде ағылшын компаниясының бас ғимаратында біздің ақшамыздың суреті салынған тақта ілінді. Содан айналымға енгізілген қағаз ақша түріндегі тиындар уақыт өте келе темір ақшаға айырбасталса, арада көп ұзамай, ұсақ ақшалар түгел темірге көшірілді.

Ұлттық валютамыз айналымға енгізілгенше ағылшындар мен Қазақ елінде болып жатқан оқиға туралы тірі жан білмеген. Лондоннан жеткізілгеннен кейін теңге 8 күннің ішінде еліміздегі барлық банкке түгел таратылды. Осылайша, ұлттық валютамыз отандастар қолына тиді.

Қажетті жабдықтар мен заманауи технология алынған соң, теңге өз елімізде шығатын болды. Бұл 1995 жылдың мамыр айы еді. Тұңғыш банкнот фабрикасын Қазақстан Президенті өзі барып ашты.

Теңге туралы ой толғаған Елбасы кейінірек ақшаны дайындау барысында түрлі жайт болғанын айтты. Күллі қазақтың мақтанышына айналған тұңғыш теңге¬нің тұңғыш келбеті бүгінде музейлерде сақтаулы.

О묬ар¬да¬ әл-Фа¬ра¬би, Сүйін¬¬бай, Құ𬬬манғазы, Шқан, Абай жә¬не Әбіл-хайыр мен Абы¬лай хан¬дар¬дың су¬реті болған. 90-шы жылдары біздің теңге дизайны жағынан ТМД-дағы ең көрікті ақша болып танылды. Майда ақша¬ларымыз да бар. Алғашқысы қағазға басылса, кейінгісі темірден түйілді.

Алайда, ол майда ақша кейіннен айналымнан шығып қалды. Теңгенің де кескіні өзгерді. 3 теңгелік номинал жоғалды. 1-ден 100 теңгеге дейінгі қағаз ақшамыз темір теңгеге айналды. Ал, құны 500 және 1000 теңгелік ақшаларда әл-Фараби бабамыз ғана бейнеленді.

Арада бір мүшел өткенде, яғни, 2006 жылы теңге өзгеріске ұшырады. Ондағы суреттер алынып тасталып, яғни, қорғанышын бекіте түсті. Себебі, жасанды ақшада қара дақтар пайда болатындықтан, ақшаның көшірмесін жасауға құштар алаяқтардың арманы іске аспайтыны белгілі. Содан кейін 2, 5 және 10 мың теңгелік банкноттар да пайда болды. Бұл теңгелер де дизайнымен көзге түсіп, талай халықаралық байқау¬¬да жеңімпаз атанды.

Бүгінгі теңге тұтастай Қазақстан мен оның барша азаматтарының дербес тіршілі¬гінің, мемлекет тәуелсіздігінің айғағы бо¬лып отыр. Ұлттық ақша осы жылдар ішін¬де түрлі қаржы дағдарысына төтеп беріп қана қоймай, жұртшылық тарапы¬нан инвестициялық сенімге де ие болды.

Теңге тарихына қатысты қаржыгер Ғалым Байназаров Алатаудың баурайындағы үкіметтік саяжайлардың бірін жалға  алғанын,  дизайнер Тимур Сүлейменов бастаған 7-8 адамды 2 айға кіргізіп: "Сендер осы жерден ешқайда шықпайсыздар, ұзақ іссапардамыз деп отбасыларыңызға айтыңыздар", деп айтады.

Сол жерде отырып 2 айдың ішінде олар теңгенің 4 нұсқасын жасады. Біріншісі – ою-өрнек, екіншісі – АҚШ доллары тәріздес, жасылдау болып келген, үшіншісі – портреттер, төртіншісі –заманауи шыққан.

– Бір күні Олжас Сүлейменов банкке келіп "қарап жүрмегендеріңізді, бірдеңе ойластырып жатқандарыңызды білемін. Ұлттық валютаға сұранып тұрған "теңге" атауы ғой" десін. Онсыз да осындай ұйғарымға жақын біздерге ол кісінің айтқаны тіптен жылы тиді.  Президент "теңге" деген ұсынысты дұрыс көрді, – дейді Ғалым Байназаров.

Теңгенің алғашқы партиясы шетелде, Англияда басылды. Құндылығы 1-ден 100 теңгеге дейінгі қағаз ноталардың бірінші партиясын 1997 жылы қызметі тоқтатылған британдық "Харрисон және ұлдары" компаниясы басып шығарды. Жаңа ақшаны Қазақстанға жеткізу үшін 4 ИЛ-76 ұшағы қажет болды, олар Оралдан Лондонға 18 рейс жасады және өте құпия жағдайда кері қайтты. Теңгені елге алып келген делегация құрамында болған дизайнер, марқұм Тимур Сүлейменов осыдан бірер жыл бұрын бізге тең-тең болып тиелген Теңгеміздің елге алғашқы сапары кезіндегі көріністі видео-камераға түсіріп алғанын, оның күні бүгінге дейін еш жерде жарияланбағанын айтқан болатын. Теңге тарихына қызығушылық танытып жүрген тарихшылар болса, ол деректер Тимур ағаның ұрпақтарының қолында болуы әбден мүмкін.  

Ғалым Байназаровтың түсіндіруінше, ағылшынша білетін 2 командир тауып, ұшақтың орындықтарын жатқызып, контейнерлер салып, қару-жарағы бар инкассаторларды отырғызып, Тараз қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында екі қоймамызға теңге тасылды. Жаздың ортасында (1993 жылғы 26 шілде) Ресей өз валютасын енгізді, бұрынғы КСРО шекпенінен шыққан елдер ішінде Қазақстан мен Тәжікстан, Армения ғана бұрынғы ақшамен қалдық. Қыркүйектің 26-сында Ресей 1961-63 жылдары шығарылған кеңестік валюта ақша болып есептелмейтіні жөнінде мәлімдеме жасады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқыма тоқудың пайдасы мол
  • «Молда Мұсаның әдеби мұрасы»
  • Көрерменге ой салған «Ақ кеме» премьерасы
  • Көксерек әңгімесін талқылады
  • «Бір қала - бір кітап»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер