«Нұртас Оңдасыновтың жеті ерлігі»

№16 кітапхана бөлімшесі Н.Д.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясымен бірлесе мемлекет және қоғам қайраткері Н.Д.Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толуына орай «Нұртас Оңдасыновтың жеті ерлігі» тақырыбында тарихи сағат өткізіп, «Биліктен биік тұлға» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Screenshot_30.jpg

Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында туған. 1920-1926 жылдары Ташкенттегі қазақ мектеп-интернатында тәрбиеленіп, Түркістан орман техникумында оқыған. БК(б)П Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген.

1926-1930 жылдары Қызылорда облыстық орман шаруашылығы орманшысының көмекшісі, су шаруашылығы бөлімінің статисті, Жамбылдағы Талас зерттеу партиясының кіші технигі, Шымкент облыстық су шаруашылығы бөлімінің технигі болған.

1931-1938 жылдары Ташкент ирригация институтының бөлім меңгерушісі, кеңшар директорларын даярлайтын курс директорының орынбасары, Қазақ орман шаруашылығы тресі директорының орынбасары, директоры, Қазақ КСР Жер халкоматы басқармасының бастығы, 1938 жылы Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы.

1938-1951 жылдары Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы. 1954-1962 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Гурьев (Атырау) облыстық атқару комитетінің төрағасы, Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет етті.

Ұлттық кадрлар дайындауға зор көңіл бөлген. 1946 жылы Қазақ КСР-нің Ғылым Академиясын құруға атсалысқан. 1962 жылдан Мәскеуде ғылыми жұмыстармен айналысты. Араб-қазақ, парсы-қазақ түсініктеме сөздіктерінің авторы.

Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, үш мәрте Ленин орденімен марапатталған. Туған ауылына, ондағы орта мектеп пен көшелерге есімі берілген.

2021 жылы Алматы қаласында Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш орнатылды.

Нұртас Оңдасынов дегенде, біз Абай жолын, Абай мекте¬бін, Алаш идеясын тұтас алып қарастырғанымыз дұрыс деп ойлаймын. «Пайда ойлама, ар ойла» дегенді Абай неге айтты дегенді бүгінгі ұрпақ ойла¬нуы керек. Нұртас атамыз Әуе¬зовтен дәріс алған, Мұхаметәмин Мәшһүр Жүсіпұлынан сабақ алған, Ғани Мұратбаевтың тағылымын көрген, яғни Абай мектебінің үлгісі Нұртас Оңдасыновты әу бас¬тан үлкен жолға салды. Жалпы, жаңағы «арым да таза, қолым да таза, жүзім де таза» деген дүние-ден бәріміз де тағылым алуы¬мыз керек. Астана қаласына Нұр¬тас Оңдасыновтың мүсінін орна¬ту керек деген ұсыныспен келі¬се¬мін. Сонымен бірге өзі атын қой¬ған Теміртауда қайраткердің ескерткіші мен көшесі бар ма? Бұл мәселені де осы кон¬ференцияның қорытынды қарарына кіргізе кетсек артық болмас еді деп ойлаймын, – деді сенатор Нұртөре Жүсіп. 

Нұртас Оңдасынов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төралқасының төрағасы болып қызмет еткен. Еңбек жолында металлургтар қалашығын құрып, Теміртау деп атау қойған. 500 шақырым шойын жол салып, Мойынты-Шу теміржолын іске қосқан. Ауыл шаруышылығына демеу жасап, Арыс-Түркістан каналының ашулына тікелей бастамашы болған. Сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарында мұнай өндірісін іске қосуға атсалысқан.

Нұртас Оңдасынов мәдениет пен білім саласына да зор үлес қосқан. Еліміздегі Құрманғазы атындағы тұңғыш консерваторияның, Дина Нұрпейісова атындағы оркестрдің, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Ғылым Академиясының құрылуына атсалысып, басшысы ретінде Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың сайлануына себепкер болды. Сондай-ақ Ленфильм мен Мосфильмді елге шақырып, киноиндустрияның дамуынаға жол ашқан да Нұртас Оңдасынов.

Көрнекті қоғам қайраткері өмірінің соңғы жылдары ғылымға ден қойып, аудармалар мен әңгімелер жазып қалдырған. Сондай-ақ өз өмірін түйіндей келе: «Мойнымда ешкімнің жаны мен қаны жоқ – арым таза, ешқашан пара алмадым – қолым таза, ешқашан ешкімнің руын сұрамадым – жүзім таза», -деп жазған.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлының туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлт қайраткері» тақырыбымен елімізде көрме жасақталды. 

Республика үкіметінің бірінші басшысы ретінде Нұртас Оңдасынов өзі еңбек еткен ширек ғасыр ішінде қауырт мәселелерді шешіп, республика тағдыры үшін ерекше маңызды шараларды жүзеге асырған басшы. Ол соғыс жылдарында Қазақстанның экономикалық қуатын отан қорғау мүддесіне ұйымдастыруда үлкен қызмет етті. Атқарылатын істердің басы-қасында жүріп, күш-қайратын, дарынын сарқа жұмсаған адамның азаматтық тұлғасын танып білу қазіргі ұрпақ үшін парыз. Осы мақсатта кітапхана оқырмандары көрмеге қойылған автордың арабша-қазақша, парсыша-қазақша түсіндірме сөздіктерімен қатар, ол туралы жазылған әдебиеттермен жақын танысты.

Ақ-қараны анықтамай, талай қыршынды қынадай қырып кеткен 1937 жылдың соңына қарай бар-жоғы 34 жаста жоғары қызметтің жауапкершілігін арқалады. Оның есімі Қазақстанның даму кезеңімен тығыз байланыс¬ты екені даусыз. Абай атындағы Опера және балет театрының, Қыздар пе¬дагогикалық институтының құрылуына атсалысып, шаңы¬рағын көтеріп, уығын өз қолымен қада¬ды. Бұдан басқа Қарағанды металлургия-сын, Мойынты – Шу темір жолын, теріскейге темір ¬жол тарту, еліміздің мұнай-газ саласын игеруге ұйытқы болды. Қазақ Ғылым академия¬сын құрып, оған президенттікке Қаныш Сәтбаевты сайлауы адам танитындығын аңғартады. Ол Үкімет басында отырған он үш жыл ішінде жоғарыдан – Мәскеуден түскен бұйрықты бұлжытпай орындайтын орындаушы қызметкер емес, халық мүддесі үшін небір ірі-ірі мәселелер мен бастамалар көтеріп, оны шеше алған қайраткер дәрежесіне көтерілді. Бірақ, оның осынау қайраткерлігі Хрущевке ұнамай, екеуі қызмет барысында жиі-жиі келіспеушілікке ба¬рыпты. Себебі Оңдасынов тың игеру нау¬қанындағы асыра сілтеуге ашық қарсы шыққан.

Нұртас Оңдасыновтың зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмірі Мәскеуде өтті. 

Көзі тірісінде көрнекті қайраткер «Орын¬далмаған үш арманым бар, – депті. – Бірінші арманым – зейнеткерлікке шыққан соң Алматыда тұрсам деп едім, Мәскеуге өтіп кеттік. Маған Алматыда тұру бұйырмады. Екінші арманым – оңтүстік облыстарда керемет, талантты жігіттер бар еді, соларды қызмет бабында өсіре алмадым. «Жершіл, рушыл», деп айта ма деп қорықтым. Үшінші – жас кезімде ғылым қусам, кітап жазсам, ол артымдағы ұрпаққа қалса деп армандайтын едім. Бірақ тағдырдың, уақыттың әмірімен үкіметті, облысты басқаруға тура келді. Сөй¬тіп, жас кезімдегі арманыма жете алмадым».

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқыма тоқудың пайдасы мол
  • «Молда Мұсаның әдеби мұрасы»
  • Көрерменге ой салған «Ақ кеме» премьерасы
  • Көксерек әңгімесін талқылады
  • «Бір қала - бір кітап»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер