Кітап – рухани дүние байлығы

Әл–Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми әмбебап кітапханасында "Ақерке" балалар залының ұйымдастыруымен "Оқитын отбасы - ұлт болашағы" жобасы аясында кітапхананың тұрақты, үздік, үлгілі оқырмандары Сахабай әулеті, Күләш ана жанұясымен кездесу кеш өтті.

Screenshot_37.jpg

Осы кеш барысында Сахабай әулетіндегі отағасы Серік Сахабайұлы өзінің кітап оқу арқылы үлкен жетістіктерге жеткенін баяндап, отбасында кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдырудың маңызды екендігін, адамзат үшін кітаптың берер тәрбиесінің мол екені туралы ой бөлісті. Сонымен бірге оқырмандармен кітап жайлы сұрақ-жауап тұрғысында ойындар ойнатып, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірді. Жеті ұл-қыздың анасы Айтжан ханым өзінің балаларына кішкентайынан кітап оқытатынын айта келе, балаларға қандай кітаптар оқу керектігі жөнінде кеңестер беріп бар білгенін ортаға салды. Өз кезегінде Сахабай әулетінің үлкен ұлдары Рамазан, Айсұлтан, қыздары Айсезім мен Айсері өздерінің оқыған кітаптары, кітап оқудың пайдасы жайлы өз ойларымен бөлісіп, кітап оқумен қатар бос уақыттарын тиімді пайдаланатындарын, жүзу, гимнастика, тоғызқұмалақ және т.б. спорт түрлерімен де айналысатындықтарын да айтып берді.

Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін-өзі тануға көмектеседі, оны оқу арқылы өткен тарихыңды, болашағыңды біле аласың. Есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адамның жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам психологиясын жетік түсіне бастайсың. Көңіл-күйің болмаса да, кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уайымыңды басады.Талдауға, сараптауға, пікір қалыптастыруға үйретеді. Ми үшін кітап оқу – бұл да денеге жасалған физикалық жаттығу есебі. Кітап оқу – табыс пен жетістіктің ең басты негізі. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, сөздік қоры көбейе түседі. Сауаттылық деңгейін арттырады. Қазір кезде керек ақпарат табу үшін аудио, видео, ғаламтор секілді жеңіл жол табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық азайып кетті. Меніңше бала ерте жастан кітаппен дос болса, кітап оқыса болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Мысалы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін жетілдіруінде кітапты көп оқуының арқасында бірнеше тілді меңгерді. Сол секілді кітап оқудың еш, кеші жоқ .Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – саламатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, ой-өрісін дамытуда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – ол кітап болып қала береді деген секілді пікір айтты кеш қонақтары.

Тағлымды іс-шара соңында кітапхана директорының орынбасарлары Гүлмира Батырбайқызы мен Асылзат Оспанқызы Сахабай әулетінің сегіз қырлы, бір сырлы, көпке үлгі көпбалалы отбасы екеніне ризашылықтарын білдіріп, кітапхана директорының алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ кездесу кешінде Күләш апамыз  балаларға өзінің ақ батасын беріп, тәрбие туралы тағлымды әңгіменің тиегін ағытты.

Жалпы кітап оқудың өте көп пайдасы бар ғой. Ұстаз Г.Байтерекованың айтуынша кітап алдымен сананы байытады, рухани азықты толтырады. "Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді біз барлығымыз жақсы білеміз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар, тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Адамдар барлық жинақтаған білімін жаңа ұрпаққа кітап арқылы таратады. Олар әр адамның өміріне енген заңдылық десе болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Городище Шымкент: частичка древней истории посреди мегаполиса
  • Кошкар ата: целебные родники древнего мавзолея
  • Маршрут по «пушкинским местам» Шымкента
  • Кітапханада өткен тағлымды кеш
  • Кітап – рухани дүние байлығы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер