«Отбасылық құндылық – гендерлік саясаттың кепілі»

Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында жуырда «Гендерлік саясат» жобасы аясында «Отбасылық құндылық – гендерлік саясаттың кепілі» атты кездесу кеші өтті. 

Screenshot_35.jpg

Шараға Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкіміне қарасты мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Сансызбай Айнұр Қуатжанқызы, Шымкент қалалық Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция лейтенанты Төлеген Назерке Нұрланқызы, Шымкент қалалық полиция департаменті Тұран аудандық полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Абай Айғаным Мұхтарқызы, «№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің директорының орынбасары Муталиева Ғалия Сапаралықызы, психолог Иманәлиева Қатира Жүсіпбекқызы қатысып, қоғамдағы отбасы тәрбиесінің маңызын ашып, гендерлік теңдікті нығайту және отбасылық құндылықтардың маңыздылығын арттыру, әйелдер мен ерлердің тең құқықтарын, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайту туралы пікірлерін білдірді.

Мамандардың айтуынша гендер (ағылш. gender) - қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс. Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің мойнында. Сонымен қатар олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық - бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет.

Біздің елімізде гендерлік саясаттың міндеттеріне мыналар жатады: билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуіелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығы, біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер.

Қазіргі таңда гендерлік саясатқа біздің мемлекетімізде аса көңіл аударылуда. Осыған орай отбасылық саясат саласында қандай жетістіктер болды және көкейкесті мәселелер барма, соған тоқталып өтейік.

Гендерлік стратегияны іске асырылған жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді.

Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілген. Сонымен қатар, әйелдердің, жүкті әйелдердің және баласы (балалары) бар әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар да пайда болды.

Осыған орай, балалы отбасыларды қолдау бойынша шаралар кешенінде мемлекет әлеуметтік жәрдемақылар мен көрсетілетін қызметтер арқылы қолдау көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер ұсыну жүйесінде бала тууына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қамтылған.

2008 жылы жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайға сондай-ақ бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік төлемдер төлеу енгізілген.

Балалардың отбасында тәрбиеленуіне жәрдем көрсету, бала асырап алушылар мен тәрбиелеушілерді материалдық ынталандыру мақсатында жетім балаларды асырап алушы азаматтарға біржолғы төлемдер, жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырау үшін қорғаншыларға немесе қамқоршыларға арналған жәрдемақы, патронаттық тәрбиелеушілерге төлемдер беріледі.

АҚШ-та балаларға қатысты зорлық-зомбылық заңмен реттеледі, оған сәйкес зорлық-зомбылық жасаған ерлі-зайыптылардың біреуінің үйге келуіне әрі күйеуімен/әйелімен және балаларымен кез келген байланысқа екі аптаға дейін тыйым салынады. АҚШ-тың көптеген штаттарында, мысалы өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында балаларға қорлық көрсету күдігі туындаған әрбір жағдай туралы билікке хабарлауға азаматтарды міндеттейтін заңнама қабылданған. Кез келген адам өз бастамасымен отбасындағы балаға зорлық-зомбылық жасау фактісі орын алған немесе күдік туындаған жағдай туралы балаларды қорғаумен айналысатын әлеуметтік қызметке немесе полицияға хабарлай алады. Мұндай хабарламалар қайырымды іс қана емес, бұл қарапайым қажеттілік болып саналады. Дәрігерлерге, педагогтерге, жаттықтырушыларға, тәрбиешілерге келетін болсақ, бұл олардың тікелей міндеті. Хабарламаларды оқиға болғаннан кейін 24 сағат ішінде телефонмен хабарлауға, поштамен жіберуге, тиісті мекемелерге тікелей барып ресімдеуге болады.

Отбасылық саясаттың консервативтік моделі шеңберінде үш тәсіл іске асырылады. «Белсенді» қолдау Бельгия мен Францияға тән (бір мезгілде бала күтімі бойынша, ұзақ мерзімді ақылы демалыстар және әр түрлі жастағы балаларға арналған қомақты ақшалай жәрдемақылар сияқты дамыған секторлар үйлесім тапқан). «Лимиттелген қолдау» тәсілі Германия мен Аустрияда кең таралған (жәрдемақылардың аз теңдестірілген схемасы және балалар күтімі бойынша мектепке дейінгі мекемелер желісі). «Отбасылық» тәсіл Италияға, Испанияға және Португалияға тән (отбасын әлеуметтік қолдау көрсеткіштері аз, жәрдемақы көлемі шамалы, бала күтімі бойынша демалыс салыстырмалы түрде ұзақ, бірақ ақы аз төленеді).

Францияда декреттік демалыс 16 аптаға (толық жалақымен) созылады, оның 6-уын бала туғанға дейін алады, ал әкелердің небәрі қатарынан 11 күн демалыс алуға мүмкіндігі бар. 3-баладан бастап декреттік демалыс әйелдерге 26 аптаға, ал ерлерге 18 аптаға созылады.

Германияда ата-аналар бала туғаннан кейін бір жасқа дейінгі кезеңде алдыңғы жалақысының үштен екі бөлігін сақтайды, бұл ретте егер әкелер де бала күтімі бойынша демалыс алатын болса, онда қосымша 2 ай төленеді.

Консервативтік модельді елдер полициямен, прокуратурамен, сотпен және дағдарыс орталықтарымен тығыз байланыс орнату арқылы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасын белсенді түрде жүргізеді.

Көріп отырғанымыздай, гендерлік саясат әр елде әрқилы жүзеге асады. Гендерлік саясатты қолдау біздің еліміздеде бірінші орында. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутат Алматыдағы бетке ұстар театрдың корпоративтік кештерге жалға беріліп жүргенін айтты
  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер