«Кемел талант, келісті суреткер»

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Бейнелеу өнері мүзейінде Қазақ КСР-нің халық суретшісі, кескіндемеші Нағымбек Жемал-Әд-Динұлы Нұрмұхамедовке 100 жыл толуына орай «Кемел талант, келісті суреткер» атты вернисаж Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі студенттерімен өткізілді. 

Screenshot_36.jpg

Шара барасында суретшінің өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгіме жүргізіліп, экскурсия жасалынды.

Журналист М.Қапанұлының айтуынша Нағымбек Нұрмұхаммедов көзінің тірісінде отандық бейнелеу өнері мен көркемсурет мә¬¬дениетін дамытуға баға жетпес үлес қосқан жан. Ол – Екін¬ші дүниежүзілік соғыстың арда¬гері, Қазақ КСР Халық суретшісі, өнер¬та¬ну ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәли¬ханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы¬ның лауреаты. Суретші 1924 жылы Баян¬ауыл ауданы¬ның Сайтанды деген же¬рінде дүниеге кел¬ген. Май¬дан дала¬сынан аман-есен ора묬ған соң 1947-1953 жылдары Ленин¬град¬тағы Илья Репин атындағы кескінде¬ме, мү¬сін және сәулет институтын¬да профессор Р.Р.Френцтің же¬тек¬шілігі¬мен білім алған. 1959 жылы Алматыға кө¬шіп, Өнер академиясын тәмамдады. Негізінен реализм және импрессионизм бағыттарында ізденіп, көптеген портрет пен пейзажды, тарихи тақырыптағы картиналарды салған.

«Егемен Қазақстан» жариялаған мақалада «Нұрмұхаммедов қазақ дала-сын¬дағы қарапайым адам¬дар¬дың еңбегін бей¬не¬леуді ерекше жақсы көрді. Абай Құ¬нан¬байұлы, Әбілхан Қастеев, Сапар¬ғали Бегалин, Тоқаш Бокин, Мәлік Ғаб¬дуллин, Талғат Бигелдинов сияқты таны¬мал тұл¬ға¬лардың портреттерін сал¬ған. Жеті жа¬сында әкесі қайтыс болып, Новосібір, кейін Алматыда жетім¬дер үйінде тәр¬би嬬ленген. Білім алуы¬на Қазақ Ғылым Академиясының негі¬зін салушы Қаныш Сәтбаев көп кө¬мек көрсетіпті. Жазу¬шы Қалмұқан Исабаев естелігінде кел¬тір¬гендей, бірде Қаныш ағаның кабине¬тін¬де отырса, бір жас жігіт кіріп келіп, сәлем¬десіп кетеді. Әлгі жігітті одан ке¬йін де бірнеше рет көреді. Тегін емес еке¬нін білген қаламгер «Бұл бала кім?» деп Қанекеңнең сұрайды ғой. Қаныш ағамыз: «Бұл – Нағымбек деген жас сурет¬ші. Ата-анасының қолынан дәм тат¬қан едім. Қазір әке-шешесі қай¬тыс болды, ешкімі жоқ, сон¬дықтан қарай¬ласып жүрмін», деп айтқан екен. Сол жас жігіт кейін өнерімен дүйім одақ¬қа танымал болады» дейді кескіндемеші дүниеге келген Павлодар облыстық суретшілер одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ө.Шұранов.

Суретші көзінің тірісінде отан¬дық өнер тарихын зерттеп, «Қазақстан өнері», «Қазақстан графикасы», «Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі», «Қазақстан су¬рет¬шілері – Екінші дүниежүзілік соғы¬сқа қବты¬сушылар» деген ең¬бек¬тер жазды. Франция, Бразилия, Жапония елде¬ріне шы-ғармашылық сапармен барып көрмелер ұйымдастырған, сурет¬тер топтамасын жасаған. Салған кар¬тиналары Канада, Бельгия, Юго¬слବвия, Финлян¬дия көрмелерінде қо¬йы묬ды. Қа¬зақстанның бейнелеу өнері жөнін¬де кітаптар мен альбомдар шығар¬ды. «Еңбек даңқы ерлері» топтамасы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын алған.

Тілеуберді Сахабаның мәлімдеуінше Нағымбек Нұрмұхаммедов – Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСР-нің халық суретшісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР-ның мемлекеттік премиясының лауреаты. Ол 1924 жылдың 6 қарашасында Семей облысының Сайтанды жерінде (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы) дүниеге келген. Қылқалам шеберінің әкесі Жәлеледдин деген кісі де халық руханияты жолында қызмет еткен, ұлтына жанашыр тұлға болыпты. Ол – халық мұғалімі деген атқа ие болған тұңғыш қазақтардың бірі. Бірнеше тілді жетік меңгерген және  ежелгі қолжазбаларды жинаумен айналысқан. Нағымбектің жеті жасында әкесі қайтыс болғаннан кейін Новосібір және Алматы қалаларының балалар үйінде тәрбиеленді. 1940-1942 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде білім алған. 1942-1945 жылдар аралығында Жоғарғы әскери-теңіз училищесінде Әскери-теңіз флотының Әуе қорғанысын қамтамасыз ететін бөлімшеде даярлықтан өтті. Ұлы Отан соғысында ағасы қаза болып, өзі еріктілер қатарында майданға аттанып, Қара теңіз және Балтық флоттарының әскери бөлімдерінде жауынгерлік борышын өтеді. 1946-1947 жылдары Ленинград қаласындағы Бүкілресейлік Өнер академиясының орта көркемсурет мектебінде білім алып, 1953 жылы И.Е.Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және архитектура институтын тамамдады. Профессор Р.Р.Френцтің шеберханасында шығармашылықпен айналысты. 1955-1961 жылдары КСРО Көркемсурет академиясы жанындағы КСРО Халық суретшісі А.М.Герасимовтың шығармашылық шеберханасының аспирантурасын үздік көрсеткіштермен бітірді. Осылайша Еуропа мен орыс кескіндеме мектебінен тәлім ала отырып, өзінің ойы мен азаматтық көзқарасын қылқаламның құдіретімен еркін сөйлете білді. 

Майдангер суретші соғыстағы ерлігі үшін II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен (1985), екі мәрте «Құрмет белгісі»  орденімен (1959, 1971), «Кавказды қорғағаны үшiн»  медалімен (1944), «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен (1966), Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінің күміс медалімен (1971) және «Еңбек ардагері» медалімен (1985) марапатталған. Н.Нұрмұхаммедов 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда дүниеден өтті.

«Табиғаты әсем, талантты ұл-қыздарға аса бай Баянауыл жерінен Алматыға өнер іздеп келген Нағым ағаның өмір жолы тап картиналарындай, қою колоритке толып түратын. Ол кісіні фашизмнің өрт көмейін бітеп, қан кешіп келген майдангер десеңіз де, жойқын суретші, өнер зерттеушісі десеңіз де жараса кетеді. Қарап отырсақ, Нағым өз заманының бел баласы. Алған дипломы да көп, жасаған көрмелері де жиі. Қағажу көріп, шет қақпай қалған жері жоқ. Өйтетін де жөні бар, кеңестік кезеңде суретшілердің бәрі бірдей жоқшылықтың қамытын киіп кетпегені өзімізге мәлім. Нағымбек аға да Қазақ КСР-нің халық суретшісі, өнертану ғылымдарының кандидаты атанды. Екі мәрте "Құрмет белгісі" орденін алды. Оның Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атануы, сөз жоқ, о баста Жаратқан берген таланты мен жарғақ құлағын жастыққа тигізбейтін еңбекқорлығының арқасы екені де анық.

Иә, кеңестік дәуір соншалық түйық болса да Нағым ағаның жаһангездігіне таңғаласың. Соғыс кезінде Берлинге дейін жүріп өткені өз алдына, Үндістан, Жапония, Франция, Венгрия, Италия, Испания, Англия, Бразилия елдерінде болыпты. Ыстық жақтың көз қарыған шаңқан табиғатымен, салқын өлкенің корғасындай ауыр аспанын қатар көргендігінен болар, суретшінің картиналары да алуан түрлі. Тақырыптарының ауқымы да мейлінше кең. "Қазақстан магниткасы", "Әскери-теңіз флотының тыныс-тіршілігі", "Хиросима", "Тас төсеуші", "Бразилия моншағы", "Иудино ағашы", "Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес", "Бауыржан Момышұлының бейнесі" десек те суретші Н.Нұрмұхаммедовтың қолынан шыққан зор панорама көз алдына заматта пайда болады да еріксіз таңырқатады» деп жазады «Қазақстан энциклопедиясы».

Қорыта айтқанда Нағымбек Нұрмұхаммедов – қазақ бейнелеу өнерінің жарқын өкілі, ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлес қосқан суретші. Оның шығармалары халықтың рухани дүниесін, тұрмыс-тіршілігін, қазақ халқының тарихи оқиғаларын шебер суреттейді. Туындыларында өмірдің негізі ретінде еңбек құндылығын атап өтіп, жер мен қоғамға күш-қуатын жұмсаған адамдарға құрмет көрсетеді. Суретшінің шығармашылығы арқылы сол дәуірдің еңбек адамдарына деген құрметін тануға, сол заманның бейнесін сезінуге болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутат Алматыдағы бетке ұстар театрдың корпоративтік кештерге жалға беріліп жүргенін айтты
  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер