Рухы мықты жандар

3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күні. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау – бұл мүгедектігі бар адамдардың қоғамда толыққанды өмір сүруіне, өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін толық пайдалануына бағытталған. 

Screenshot_66.jpg

Осыған орай «Ізетті зейнеткер» орталығында «Рухы мықты жандар» атты сазды бағдарлама ұйымдастырылды.

«Ізетті зейнеткер» шипажайының мәдени ұйымдастырушысы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Д.Шәріптің құттықтау сөзімен басталған іс-шарада жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Т.Наханова, ақын-сазгер А.Бекенова және өнерлі жастар Р.Айдархан, Л.Бекбосын мен Б. Серікбай сахна төрінде ән шырқап,көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мемлекеттік қызмет порталында келтірілгендей мүгедектігі бар адамдар – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.

Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Әлеуметтік кодексімен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Мүгедектігі бар адамдардың мынадай құқықтары бар:  әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға; мектепке дейінгі тәрбие алу мен оқу, білім алу үшін жағдайлармен қамтамасыз етілуге; Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке; арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлеміне; кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға; инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуіне; өзінің сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге; мемлекеттік және өзге ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірінші кезекте қызмет көрсетілуге құқығына ие болады.

Мүгедектігі бар адамдардың абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен, санаторлық-курорттық емдеумен, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерімен және басқа да құралдармен және оңалтудың әлеуметтік қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Кресло-арбамен және жеке көмекшінің қызметін қамтамасыз етуге көрсеткіші бар жүріп-тұруы қиын бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды қолдаудың қосымша шарасы ретінде «инватакси» қызметтері ұсынылады. 

Мамандардың айтуынша республикада арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің желісі қызмет көрсетеді. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім, көрсету, тамақтану, әлеуметтік-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік бейімдеу, еңбекпен оңалту, оқыту ұсынылады.

Іс-шарада мынадай деректер айтылды. Республикада қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған стационар жағдайында 118 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар, олардың функцияларына азаматтардың осы санаттарына әлеуметтік қызмет көрсету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жүргізу, мүгедек балалардың білім беру бағдарламаларын меңгеруіне жағдай жасау кіреді, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды құру, қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, әлеуметтік қызметтердің көлемі мен түрлері туралы ақпараттандыру.

Білім беруде мүгедектігі бар адамдарға берілетін жеңілдіктер. Мүгедектігі бар балалардың ата-аналары баланың оқу орнын мамандардың ұсыныстарын ескере отырып, қарапайым немесе арнайы білім беру ұйымын таңдауға құқылы;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылданған кезде 2012 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген квота мөлшері 1% құрайды.

Мемлекеттік білім беру гранттарын бюджеттік қаржыландыру арқылы тегін мемлекеттік білім гранттарын алу конкурсына қатысқан кезде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімі жоқ, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар басым құқыққа ие болады.

Денсаулық жағдайы жалпы мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру ұйымдарында болуға мүмкіндік бермейтін мүгедек балалар үшін балабақшалар және басқа арнайы түзеу ұйымдары ашылуда.

Мүгедектігі бар балаларды жалпы немесе арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа да білім беру ұйымдарында тәрбиелеу және оқыту мүмкін болмаса, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің қалауы ескеріліп, тәрбиелеу және оқыту үйде өткізіледі.

«Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясатты ұстану мәселелері көтерілді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды міндет болып табылады. 1992 жылғы 5 мамырдағы Еуропа кеңесі Ассамблеясының 44-сессиясының реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүге дектік дене, психологиялық, әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа да кедергілерге байланысты адамның қоғамның дені сау мүшелері сияқты болуына мүмкіндік бермейтін шектеулердің болуы ретінде анықталады. Қоғам – өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасау мақсатына бейімдеуі қажет. Мүгедектің тұлғалық-психологиялық бейімделуі ретінде, сонымен қатар қоғамның мүгедектік мәселесін эмоционалды-психолгиялық қабылдауы ретінде де бейнеленеді. Мүгедектер халықтың аз ын таланған тобына жататындықтан қоғамның аз қорғалған, әлеуметтік әлсіз бөлігі болып табылады. Бұл ең алдымен, мүгедектікке әкелген аурумен шақырылған, олардың физикалық жағдайы ның кемшіліктеріне байланысты. Одан басқа, бұл топтардың әлеуметтік қорғалғандығы, көп мөлшерде, олардың қоғамға қарым-қатынасын қалыптастыратын және олармен байланысты қиындататын психологиялық фактордың бар болуымен байланысты. Психологиялық мәселелер мүгедектердің сыртқы әлемнен алшақ тауы кезінде пайда болады. Мұндай мәселелер дің алдын алу тек әлеуметтік саясат емес тұрғындардың бұл мәселені шешуде бірігуі қажет. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер микроәлеуметтік ортамен және макроәлеуметтік ортамен байланысты мәселелерді мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың елдің мемлекеттік саясаты арқылы шешудің маңызды жолы болып есептеледі» дейді ұйымдастырушылар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Шымкентте аналар мектебі ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер