Ауырып ем іздегенше

Халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтеді. Бұл әлемдік АИТВ/ЖИТС эпидемиясының таралуын тоқтату қажеттігін еске салатын күн. 

Screenshot_67.jpg

Осы күнге байланысты Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасындағы «Жақсымен өткен жарты сағат» клубы аясында дөңгелек үстел өтті.

Оған Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының врач-эпидемиологы - Абиева Роза Нұрмахановна, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің доценті - Жұматаев Нұрлыбек Срайылұлы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «қазақ, орыс және латын тілдері» кафедрасының аға оқытушысы - Жакипова Азиза Сейтжапбарқызы және медицина академиясының В-СК-01-024 тобының студенттері қатысты.

ЖИТС-тің пайда болуы, таралуы және белгілері туралы әңгіме қозғалды. АИТВ диагностикасы мәселелеріне аса көңіл бөлінді және қазіргі кезде қандай медициналық мекемелерде сараптама тапсыруға болатыны және олардың мекен-жайлары туралы ақпараттармен бөлісті. Студенттерге оны жұқтыру, жұқтырмау жолдары туралы мәліметтер беріліп, жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының врач-эпидемиологы - Абиева Розаның айтуынша 1982 жылы медициналық есептер мен БАҚ-та ЖИТС-туралы алғашқы ақпарат жарияланған екен. Көп ұзамай 1987 жылы қатерлі дерт Қазақстанда да тіркелген. Жаңа аурудын алдын алу мен күрес жұмыстарын жүргізу мақсатында 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау бөлімінің Шымқалада ЖИТС орталығы ашылып, зертханалық диагностикасы енгізіледі. Алғашқы кезде орталықта 3 құрылымдық бөлім болыпты. Олар: профилактикалық және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, халықты эпидемиологиялық тексеру, зертхана бөлімдері.  

Ал арнайы клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізілген тексерулер барысында 1993 жылы Шымкент қаласында алғашқы АИТВ жұқтырған науқас анықталады. Зертхананың кеңеюі, қызметкерлердің көбеюіне байланысты орталық 1998 жылы Кремль көшесіндегі жаңа ғимаратқа ауысады. Орталықтың қысқаша жетістіктеріне тоқталсақ, екі мыңыншы жылдың басынан бастап инемен есірткі тұтынушылар тәнін аудалаушылар арасында профилактика шараларды қолға алды. Оның ішінде инфекцияның анадан балаға берілуіне қарсы жұмыстар жүргізді. Ағымды цитометрия әдісімен иммунитет деңгейін анықтайтын аппарат алды. 2006 жылы ретровирусқа қарсы препараттармен ем жүргізіле бастады. Сол жылы жедел-тест әдісімен АИТВ-диагностикасы енгізілді. Қатынастан кейінгі алдын алу емі жүрзілді. Ретровирусқа қарсы терапия тиімділігін бақылау үшін ПЦР-диагностикаға көшті. 2021 жылдан бастап сау адамдарға АИТВ-ны жұқтырып алмау үшін қатынасқа дейінгі алдын алу емі бойынша шаралар қабылданды.

Бүгінгі таңда ЖИТС орталығында 123 медицина маманы жұмыс істейді. Олардың көпшілігі шетелде оқып, тәжірибе алмасып келгендер. Зертхананың өндірістік қуаты – тәулігіне екі мыңнан астам тексеру жүргізуге қауқарлы. Сондай-ақ АИТВ диагностикасында 4 ұрпақты сезімтал тесттер қолданылады. 

Қазақстан азаматтарына, қандастарға АИТВ-инфекциясын диагностикалау, емдеу, алдын алу шаралары тегін жүргізіледі. Диспансерлік есепте – 1821 науқас тіркеуде тұр. Олардың 1773-і вирусқа қарсы үздіксіз терапия қабылдауда. Емдеу барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған, сапасы сертификатталған, клиникалық сынақтардан өткізілген препараттар қолданылады. АИТВ-жұқтырған жүкті әйелдерді профилактикалық емдеу нәтижесінде 668 сау нәресте дүниеге келді. Заманауи емдеу технологияларын қолдану нәтижесінде АИТВ-жұқтырған адамдардың өмір сүру ұзақтығы сау адамдармен теңесіп қалды. Мәселен  диспансерлік бақылаудағы пациенттердің ең жасы үлкені – 90 жасқа таяды. Қазір АИТВ-жұқтыру қаупі жоғары 189 адамға қатынасқа дейінгі алдын алу емі  жүргізіліп жатыр. АИТВ-мен ауыратын 17 жас жұптарымен некелесіп, отбасын құрып, өмірге сау ұрпақ әкелді. Жоғары кәсібилігі мен халық денсаулығын қорғаудағы жетістіктері үшін орталық қызметкерлері мемлекеттік, кәсіподақ атынан, салалық наградалармен марапатталған. Сонымен бірге мамандар жыл сайынғы медицина қызметкерлерінің спартакиадасында жүлделі орындардан көрініп жүр. 

ЖИТС-тің таралуын тежеуде көп еңбек сіңірген орталық бұрынғы басшыларын да атай кеткен жөн. Құрылғанына 35 жыл толған емдеу мекемесін бүгінге дейін  Мадияр Алтынбеков, Сәкен Ниязбеков, Рысқұлбек Байхарашев, Сүлеймен Беккужинов, Келесбай Жұмағұлов, Наталья Бабина, Артур Әбдіразақов, Талғарбек Мейірханов сынды азаматтар басқарған екен. 

Ендігі жерде орталық 2030 жылға қарай алдына үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 95% өз мәртебесін білуі тиіс. АИТВ-инфекциясымен ауыратын адамдардың 95% антиретровирустық терапияны тұрақты алып отыруы керек. Соңғысы антиретровирустық терапия алатын адамдардың 95%-да вирустық супрессия байқалуы қажет.

Осы тақырыпқа қатысты қызықты бір дерек бар. Германияда жасы 60-қа келген азамат ЖИТС ауруынан айығыпты. Оның жазылып кетуінің бірден-бір себебі 2015 жылы аққан ауруына ұшырап, сүйек миын ауыстарған. Сөйтіп 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін ЖИТС-ке қарсы препараттар қабылдамаған. Дәрігерлер оған «Берлиннің жаңа науқасы» деген лақап ат қойыпты. Германияда сүйек миын ауыстырған тағы 6 адам ЖИТС-тен құтылған. Алдағы күндері Мюних қаласында 25-ші халықаралық ЖИТСК-ке қарсы конференция өтеді. Соның қарсаңында осы қуанышты хабар медицина қауымдастығының алдында жарияланып отыр. Қан рагін емдеуде діңгекті жасушаларды егу әдісі қолданады. Ол күрделі әрі қауіпті медициналық шара. Бірақ Германияда тұратын науқас содан аққаннан да ЖИТС-тен де жазылып кеткен. Жалпы сүйек миын ауыстырып ЖИТС-тен жазылған бұл бірінші науқас емес. Оның алдында Браун деген адам 2008 жылы өзін ЖИТС-ті жеңгенін мәлімдеген. Ол да әлгіндей медициналық әдіс жасатқан. Бірақ 2020 жылы қатерлі ісіктен көз жұмады. Дегенмен жазылып кеткен науқасты емдеуші дәрігер әрі зерттеуші Кристиан Геплер ЖИТС әсері оның бойынан толық жойылды деп айту ертерек дейді. Медицина сарапшылары сондықтан әлі соңғы қорытындысын жасаған жоқ. Бірақ Геплер келешекте ЖИТС-ті емдеуге болатынына бұл жағдай үміт сыйлайтынын жеткізді. Өз кезегінде халықаралық ЖИТС қауымдастығының президенті Шарон Луин науқас бес жылдан бері дәрі ішпей келеді, демек ол қатерлі аурудан толық айықты деп жариялайтын күн жақын қалды дегенді мәлімдеді. Бір қызығы өмірде ЖИТС жұқпайтын адамдар болады екен. Оның себебі олардың бойында CCR5 дельта 32 деген арнайы ген бар. Бұл ген ЖИТС вирусының адам клеткасына өтіп кетуіне тосқауыл жасайды. Және мұндай ген екі нұсқада жүреді. Бірі адамның өзінде, екіншісі әкесінде болады. Бірақ бұл ген жүзден біреуде ғана, яғни өте сирек кездеседі екен. Германияда жазылған жеті адамның алтауы осындай гені бар донорлардың сүйек миын салдырған. Ал жетіншісі, біз әңгіме еткен науқас жалғыз нұсқадағы жай CCR5 гені бар донордың сүйек миына жүгінген. Соның өзінде айықпас инфекциядан жазылып кетіп отыр. Бұл деген сөз сүйек миын ауыстыру арқылы ертеңгі күні науқастарды ЖИТС-тен жаздыруға керемет мүмкіндіктер ашылмақ. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Шымкентте аналар мектебі ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер