Жолдау жолбасшымыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауын жариялады.

Screenshot_74.jpg

Президент жолдауын көпшілік оқырманға насихаттау мақсатында Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Ел президенті жолдауы-жарқын істер бастауы» атты ақпарат сағаты өтті.

Шараға М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжінің студенттері және тарих пәнінің оқытушысы Абдимоминова Асия , кітапханашы Қаракөз Жакипова қатысып, Қазақстан экономикасын көтеру үшін жаңа бағыттар қарастырылып, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, жасанды интелектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау сияқты басымдықтар туралы айтып өтті.

Кітапханашы А. Ахметова жолдаудың маңыздылығына қосымша тоқталып президентіміздің 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғанын атап өтті.

«Биылғы Жолдауында Президент «Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз, – деді деп атап өтті М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжінің студенттері және тарих пәнінің оқытушысы Абдимоминова Асия.

Мемлекет басшысы  банктердің ақша-несие  саясатына байланысты жүйелі талдау жүргізіліп, фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою үшін банктер туралы жаңа заң қабылдау қажеттілігін атап өтті.Шағын және орта бизнестен түсетін салықты өңірлердің өзінде қалдыру арқылы кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал ету мәселесі де айтылды. Жолдаудағы басымдық берген бағыттың бірі — салық саясаты. Салық кодексін қабылдау. Ендігіде салық төлеуде әкімшілік жазалау тәсілі цифрлық жүйемен хабарлама жіберуге көшпек. Салық саясатын цифрландыру арқылы сыбайлас жемқорлықтан біршама тазаланатынымыз анық. Мемлекет басшысы 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп атау туралы айтылды.

«Президент барлық мемлекеттік органдардың жұмыс істеуі тиіс басымдықтарды нақты белгіледі. Ең алдымен, бұл заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, бұл мемлекеттің одан әрі дамуының негізі болып табылады. Заңдылық пен әділеттілік бірінші орында болуы тиіс, әрбір азамат өзін қорғалған және ертеңгі күнге сенімді сезінуі үшін.

Экономикалық өсімге баса назар аудару да маңызды. Қазіргі жағдайда экономиканың тұрақты және орнықты дамуы – қоғамымыздың әл-ауқатының кепілі. Мемлекет басшысы бизнесті қолдау, инвестицияларды ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша негізгі шараларды атап өтті. Бұл бастамалар біздің өңірімізді қоса алғанда, барлық өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Жолдауда қоғамдық оптимизм мен тұтастықтың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінген. Президент әлеуметтік қолдауды нығайту және барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Бұл қадамдар тек көмекке мұқтаж жандарды ғана қолдап қоймай, әрбір адамның әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.

Біз, облыстық мәслихат депутаттары, Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдаймыз және оларды іске асыруға белсене қатысуға дайынбыз. Біздің міндетіміз – өңірде құқықтық тәртіпті, тұрақты экономикалық дамуды және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Бірлесе отырып, біз әрбір азамат өзін қорғалған, естілген және болашағына сенімді сезінетін әділетті Қазақстанды құра аламыз деп сенеміз деді шараны ұйымдастырушылар.

Кітапханашы А.Ахметова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” - атты Қазақстан халқына Жолдауында саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларға қатысты мәселелер қамтылды дегенді айтты. «Соның ішінде үкіметке тұрғындарды және экономиканы қажетті көлемде газбен қамтамасыз ету тапсырылды. Былтыр бірқатар газ кеніші игеріле бастаған еді. Сондықтан, газды ішкі нарыққа тиімді бөлу қажет. Жылу электр орталықтарын және қарапайым тұтынушыларды көмір орнына газ жағуға көшіру жұмысын байыппен жүзеге асырған жөн. Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды. Биыл “Ауыл аманаты” жобасы басталды. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни “тауар несиесін” беру мәселесін қарастыру қажет. «Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет», деп қадап айтты мемлекет басшысы. Жалпы Жолдауда жаңалық көп. Енді оның бәрі жүзеге асуы үшін біздер жұмыс істеуіміз керек. Жолдауды жүзеге асыратын өзіміз. Сөзден іске көшу керек» деді ол. 

Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы мазмұнды болды. Президент Жолдаудың бағыттарын жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар мен іс-шараларды айтып, түсіндірді. Мемлекет басшысы өз сөзінде экономикалық саясат, бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту, азаматтарды денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау, экологиялық жағдайды жақсарту және басқа да мемлекетіміз үшін аса маңызды міндеттер сияқты түрлі салаларға тоқталды. Қазақстан Президенті Жолдауда халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтудың негізгі бағыттарын айқындап берді. Ол үшін алтыншы бағыт бойынша Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту қажеттігін атап өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Шымкентте аналар мектебі ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер