Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті

Түркістан сарайында Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдығына  арналған «Хан  қызындай Ханбибі» атты шығармашылық кеш өтті.

Screenshot_77.jpg

Ғимараттың фойесінде ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесінің таныстырлымы болды. Сондай-ақ, “Қазақ ұлт аспаптар” оркестрінің орындауында дәстүрлі әндер орындалды. Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Әдеби кештің модераторы - ақын Бауыржан Жақып. 

Шарада Шымкент қаласының өнерпаздары мерей той иесінің сөзіне жазылған  әндерді орындап,  жырлар оқыды. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик те көрсетілді.

Әкімі ақынын іздеген халық бақытты дейді. Қала әкімі Ханбибі Есенқарақызына арнайы құттықтауын жеткізді. 

-— Ақынның қаламынан туған шығармалар оқырманды терең ойға жетелейді. Поэзия әлемінде қайсарлық пен адалдықтың символы болған Ханбибі Есенқарақызы қазақ әйелінің бейнесін айқындаған «Жібек» повесті арқылы проза жанрында да айрықша із қалдырды. Қаламыңыздан шыққан «Алтынай», «Нурикамал», «Қадиша» сынды әндер халық арасында кең таралды. Сіз ұлт мұрасын дамыту жолында аянбай тер төктіңіз. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты тарихи шындықты қалпына келтіру жолында үздіксіз қызмет еттіңіз. «Қазақ тілі» қоғамында мемлекеттік тілдің кең ауқымда қолданысқа енуіне үлес қостыңыз. Бұл рухани тұтастық пен ұлт болмысын сақтаудағы маңызды қадам деп білемін. Өр тұлғалардың ізін жалғаушы, поэзия әлемінде махаббат пен қайсарлықты жүрегінен өткізіп жырлаған Ханбибі апамыз проза жанрында да айрықша із қалдырды. Оның «Қанат қақты», «Бұлтсыз аспан», «Жұлдызым», «Жан гүлім», «Жанайқайы» сынды туындылары тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал. Көптеген өлеңдері орыс, украин, якут, өзбек және қырғыз тілдеріне аударылған. Жуырда «Нурикамал» әнінің желісімен көркемфильм түсіріліп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ханбибі Есенқарақызы қазақ әдебиетінде, әсіресе поэзия жанрында ерекше орын алады, - деді Ғ.Сыздықбеков. 

Қазақ әдебиетіне айырықша леп алып келген ақын Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығы ертеректе әдебиеттің алтын ғасырында-ақ бағаланып қойған екен. Әбіш Кекілбаев, Төлеген Айбергенов сынды біртуар тұлғалар шығармашыл жанды тың ақындық қыры мен қабілеті үшін жоғары бағаласа, Фариза Оңғарсыновадай бірегей қаламгер өнерпазды Хан қызындай дараға балаған, қолдаған. Ал қазақтың батыр ғана емес кемеңгер тұлғасы Бауыржан Момышұлы Ханбибінің келешегінен зор үміт күтіп, өз батасын берген.

Кешегі Хан қызы, бүгінгі Хан апа 75 жасқа келсе де қаламым зейнетке шыққан жоқ дейді. Ол осы уақытқа дейін мәдени майданда арпалысып, 70 тен аса кітап жазған. Және мерейтойында тағы бір кітабы мен аударма еңбегі жарық көрді. Осы кітаптар жиынтығы Хан қызындай Ханбибі мерейтойында көрмеге қойылып, шығармашылық кешке келген жандарға көрсетілді. Өз кезегінде ақынның қазынасына құмар болған жандар, қаз-қатар кітаптарға қызыға ұмтылып жатты.

Шығармашылық кеште, ҚР Парламенті Сенатының депутаттарының, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының және Қазақстан Жазушылар Одағының ақынға арналған құттықтау хаттары табысталды.

Шымкенттік өлең сүйер қауым Алаштың ақыны атанған Хан қызындай Ханбибінің тойы біз үшін қос мереке дейді. Себебі алып ақынның оңтүстік топырағынан түлеп шығуы, жерлес болуы олар үшін зор мақтаныш. Шараға жиналған жандар ақынға қатысты бірпара естеліктерімен бөлісіп, арқа-жарқа болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Шымкентте аналар мектебі ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер