Жасыл қала, гүл қала

Screenshot_15.png

Қазақстанның үшінші мегаполисі саналатын Шымкентте демалатын орны көп, көрікті мекендері мол қала. Мәңгілік жасыл қала жайлы айтылғанда ең алдымен қаймағы бұзылмаған қазақ елі мен Цитадель және Этно ауыл, ең негізгісі дәмі тіл үйіретін тағамы айтылатыны анық. 

Шымкентте қала туризмін дамытып, бизнес ортаны нығайтатын «Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы жұмыс істейді.Қала бойынша туристік нысандарды отандық және шетелдік нарықта насихаттауға ықпал етуде.Ағымдағы жылдың басынан орталықта және барлық ақпараттық  киоскілерде жалпы 5476 адамға ақпараттық - анықтамалық қызмет көрсетіп, 55 экскурсия өткізілген. Сонымен қатар, 

"Туризмді дамыту бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін біздің орталық қала тұрғындары мен қонақтарына кеңес беру қызметі, туристік карталарды ұсынып, қалада өткізілетін іс-шаралар жөнінде жарнамалық ақпараттарды таратады",- дейді Жобалау және ақпаратты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бағдат Пардабай.

Шымкентке қонақ болып, ат басын бұрғандардың дені жасыл желек жамылған дендросаябаққа соқпай кетпейді. Бұл мекен қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған. Бір мезгіл бой сергітіп, таза ауамен тыныстап қайту үшін ағылатындар көп мұнда.Сәуле Базарбекова Шымқалада тұрып жатқанына 39 жылдан асқан. Аптап ыстықта жанға сая іздеп, біз де осы демалыс орнына келеміз. Айнала жап-жасыл. құстардың сайраған үні естіледі. Жалпы қаламызда демалыс аймақтары өте көп дейді ол.

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Шымкент цитаделі тек үшінші мегополистің ғана емес, бүкіл Қазақстанның тарихи обьектісі болып табылады. Көпжылғы жерасты археологиялық қазба жұмысы  нәтижесінде табылған әр бір зат цитадель музейінің негізгі экспонаттары ретінде сақталған. Шымкенттің ең алғашқы қала болуы тарихынан шынайы сыр шертеді. Қазіргі   таңда  ескі қалашық  ашық аспан астындағы тарихи мұражай ретінде  қолданылуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер