«Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Screenshot_25.png

Шымкент қаласының аумағында "Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.  Іс-шара барысында  Қаратау аудандық полиция басқармасы Ювеналдық полиция бөлім қызметкерлері түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында арнайы бағытқа бөлініп, жастар көп шоғырланған орындарында және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында мақсатты рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Тексеріс нәтижесінде Қаратау  ауданы бойынша түнгі уақыттта кәмелетке толмаған, ата-анасының қарауынсыз жүрген 47 жасөспірім анықталды.

 Іс-шара аясында кәмелетке толмағандар тұратын қолайсыз отбасыларға, полиция органдарының есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға бару және тұрғын-тұрмыстық жағдайларын тексеру жұмыстары қамтылуда. 

Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, құқықтық көмек пен кеңес бере отырып, тұрғындар арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы бойынша ішкі істер органдары қызметі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Осы ретте полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың жүріс-тұрысын үнемі бақылауға және түнгі уақытта көшеге жібермеуге кеңес беруде. Себебі жасөспірімдер тарапынан орын алатын құқықбұзушылықтың басым бөлігі түнгі уақытта орын алады екен. 

Айта кетейік, "Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық іс шарасы 30 маусымға дейін жалғасады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы кәсіби бағдар алды
  • «Жұмысшы – мерейлі мамандық»
  • 29 колледж 187 кәсіпорынмен тұрақты серіктестік орнатқан
  • Мамандығымен мақтанатын машинист
  • Енді Шымкентте аяқ киім тігу шеберлері даярланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер