"Еңбек" бағдарламасы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға көмектесуде

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Бұл бағдарлама 2017 жылы іске қосылған болатын. Бағдарламаның іске асуы мемлекет басшысының тапсырмалары негізінде жүзеге асырылып келеді. 

image.png

Осы орайда, Үшінші Мегаполисте де "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы тиімді жүзеге асып келеді. Аталмыш бағдарлама негізінде ұйымдастырылған қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға мамандығы жоқ, еңбек нарығында сұранысы төмен немесе біліктілігін жоғалтқан және мамандығын ауыстырғысы келетін азаматтар қатыса алады. "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкентте І бағыт шеңберінде 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына  2500-ден астам азамат жолданған.  Кәсіптік  оқытудың І ағымы 21 маусымда  басталды.

Қысқа мерзімді оқыту курстарында дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрик, тас қалаушы, кран машинисті, визажист, шаштараз шебері, аспаз сынды 30-дан аса мамандық бар.  Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Дәріс беру аптасына 6 күн, 6 сағаттан жүргізіледі. Оқу аяқталған соң  арнайы сертификат беріледі. Сонымен қатар, оқуын аяқтаған азаматтарды еңбек нарығының сұранысымен жұмыс берушілердегі пайда болған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына ықпал етілетін болады.

Биыл жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының шешімімен 600 адам  жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 8 мамандық бойынша 11 білім беру ұйымдарында  және  1 900 адам 24 мамандық бойынша 18 білім беру ұйымдарында, ал еңбек нарығының сұранысына сәйкес 30-дан астам қажетті мамандықтар бойынша 3 ай мерзімге  оқытылатындығы бекітілді. 

Айта кетейік, өткен жылы 2 мыңға жуық адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды бітіріп, нәтижесінде 1590 азамат жұмыспен қамтылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер