«Бастау бизнес» жобасы кәсіпкерліктің қайнар көзі

Елімізде кәсіп бастағысы келетін азаматтар үшін қолдау көп. Олар өз кәсібін дөңгелетіп, кәсібінің нәсібін көргісі келсе түрлі бағдарламалар жәрдемін тигізуге әзім тұр. Солардың бірі «Бастау бизнес» жобасы. Аталмыш жоба кәсібін  бастаушы азаматтар үшін бизнес жоспарын іске асыруына жасалып жатқан үлкен мүмкіндік.

image.png

Аталмыш жоба негізінде Шымкент қаласында өткен жылы 2820 адам білім алған. Ал, биыл жыл басынан бері жоба бойынша 600 адам грантқа ие болды.

Солардың бірі тігін шебері - Шынар Сарыбаева. Кәсіпкер қазақи нақыштағы құрақ көрпе-төсек, бесік жабдықтарын жасаумен айналысады. 

 - Өзіме ұнайтын іспен айналысып, қазақтың ұмыт болған ою-өрнектерін заманауи үлгідегі бұйымдар мен киімдерде нақыштап безендіруге тырасамын.  Ең бастысы  жұмысым тапсырыс берушілердің көңілінен шығады – дейді Шынар Пернебекқызы.

image.png

Шебер өзінің кәсібін дамыту мақсатында былтырғы жылы 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын оқып, куәлік алды. Кейін қайтарымсыз мемлекеттік грантқа құжат өткізді. Нәтижесінде тігін шебері өзінің бизнес жобасын сәтті қорғап, қыркүйек айында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде грантқа қол жеткізді. Бүгінде қала тұрғыны өз тігін шеберханасын ашып, тапсырысқа заманауи үлгіде түрлі ою-өрнектелген қыз жасауларын, көрпе-төсек жабдықтарын және т.б. тұрмысқа қажетті заттарды жасауды қолға алған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер