Кітапханаларда жаңа қызмет түрлері пайда болды

Screenshot_30.png

Білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – кітапхана. Шымкент қаласында ірі 5 кітапхана және 37 филиалы үздіксіз қызмет атқарып келеді. Қалада биыл президент қасым-Жомарт Тоқаевтің кітапханаларды жаңғырту тапсырмасы бойынша  кезегімен 10 кітапханаға жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бірінші кезеңде үш кітапхана ашылған болса, Елорда күніне орай үш кітапхана ел игілігіне берілген болатын. Екінші кезеңге жоспарланған төрт кітапхананың модернизация жұмыстарын күз айларында атқару жоспарда.

Кітапханалар заманауи үлгіде жаңғырып, ішінен «Book Cafe», «Coworking Center», шахмат клубы, «Relax room» бөлімдері ашылған. Балалар кітапханасы мен Абай кітапханасының екі филиалының жаңғыруы қала тұрғындарына қуаныш сыйлап, білімді ұрпақты тәрбиелеуде бір қадам алға басты деуге болады. Сондай-ақ, қазіргі таңда кітапханаларда "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқырманға арналған қосымша 11 қызмет түрі көрсетіледі. Атап айтсақ:– жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;–  мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін материалдар дайындау;–  құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеу және қосымша библиография жасау;–  қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды реставрациялау;–  көшпелі ақпараттық-көрме іс-шараларын ұйымдастыру;– білім беру және аудармашылық қызметтерін көрсету;–  қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасау;– байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсыну;– құжаттарды электронды жеткізу, тақырыптық ақпарат іздестіріп, құрастыру;– экскурсиялық қызмет ету, фото, бейне түсірілімдер жасау;– кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер